Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 наурызда № 34168 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 82-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 75-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 385/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30186 болып тіркелген) Деректерді басқару жөніндегі талаптардың 54-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 27.09.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігініңҰлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросы басшысының
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 2 бұйрығымен
бекітілген

Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 27.09.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік деректердің сапасын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 82-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 75-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 385/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30186 болып тіркелген) Деректерді басқару жөніндегі талаптардың 54-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар Әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) әкімшілік деректердің сапасын бағалау кезінде қолданады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) деректер сапасын бағалау – әкімшілік деректердің Деректерді басқару талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау процесі;

      2) деректер сапасын бағалау субъектісі (объектісі) – әкімшілік дереккөз және (немесе) оның дерекқоры;

      3) статистика жөніндегі әдіснамалық кеңес (бұдан әрі – Әдіснамалық кеңес) – уәкілетті орган ведомствосының консультативтік-кеңесші органы.

2-тарау. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібі

      5. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабына сәйкес деректер сапасын бағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты мемлекеттік бақылау шеңберінде жүргізіледі.

      6. Әкімшілік деректердің сапасын бағалауды деректерді бақылаушы уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысы не оны алмастыратын уәкілетті тұлға бекіткен әкімшілік деректердің сапасын бағалаудың жартыжылдық жоспар-кестесіне (бұдан әрі – Жоспар-кесте) сәйкес бағалау жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейін жүргізеді.

      7. Жоспар-кесте мыналарды қамтиды:

      1) жоспар-кестені бекіту мерзімі;

      2) деректердің сапасын бағалау субъектісі (объектісі) атауы;

      3) деректер сапасына бағалау жүргізу кезеңі;

      4) уәкілетті органның ведомствосына әкімшілік деректердің сапасы бойынша есепті (бұдан әрі – сапа бойынша есеп) ұсыну күні;

      5) жоспар-кестеге қол қоюға уәкілетті адамның қолы.

      8. Деректерді бақылаушы әкімшілік деректердің сапасын бағалауды "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына және Деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкестігіне, сондай-ақ әкімшілік дереккөздің дерекқорларын бірдей деректер жиынтығын қамтитын басқа ресми көздерден алынған деректермен салыстыру және салыстырып тексеру арқылы жүргізеді.

      9. Деректерді бақылаушы дерекқорларды салыстыру кезінде деректер алшақтығының маңыздылығын айқындайды және сапа бойынша есепте мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылық дәрежесінің градациясына сәйкес деректердің алшақтық дәрежесін береді: елеусіз, елеулі.

      1) елеусіз бұзушылықтар:

      әкімшілік дереккөз ұсынған әкімшілік деректердің бірдей мәндердің жиынтығын қамтитын басқа ресми дереккөздерден алынған деректермен 10%-ға дейін сәйкес келмеуіне;

      Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұлттық анықтамалық ақпарат элементтерінің қолданылмауына;

      2) елеулі бұзушылықтар:

      Заңның 12-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұлттық анықтамалық ақпараттың келісілмеген элементтерін қолдануға байланысты бұзушылықтар;

      Заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосымен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісілмеуіне;

      әкімшілік дереккөздің анық емес әкімшілік деректерді ұсынуымен;

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларына сәйкес әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсынбауымен;

      Деректерді басқару жөніндегі талаптармен белгіленген әкімшілік деректер сапасының көрсеткіштеріне сәйкес келмеуімен;

      ұсынылған дерекқорлардың Деректерді басқару жөніндегі талаптарда белгіленген деректерді қолдауға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуімен;

      уәкілетті орган ведомствосының шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі белгіленген талаптарды сақтамауымен;

      әкімшілік дереккөз ұсынған әкімшілік деректердің бірдей мәндердің жиынтығын қамтитын басқа ресми дереккөздерден алынған деректермен 10%-дан астам алшақтығымен байланысты бұзушылықтар.

      10. Әкімшілік деректердің сапасына жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша деректер бақылаушысы сапа бойынша есепті қалыптастырады және оны электрондық құжат айналымы арқылы уәкілетті орган ведомствосымен келіседі. Сапа бойынша есепті толтыру құрылымы осы Қағидаларға қосымшада келтірілген.

      11. Нақтылаулар және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде сапа жөніндегі есепті деректер бақылаушысы 5 жұмыс күні ішінде пысықтайды.

      12. Деректер бақылаушысы сапа бойынша келісілген есепті Әдіснамалық кеңеске қарауға ұсынады.

      13. Сапа бойынша есепті қарау нәтижелері бойынша Әдіснамалық кеңес ресми статистикалық ақпаратты өндіруде әкімшілік деректерді пайдалану және (немесе) статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру бойынша ұсынымдар береді.

      14. Заң талаптарын және (немесе) Деректерді басқару жөніндегі талаптарда бұзушылықтар анықталған жағдайларда деректер бақылаушысы сапа бойынша есепті келіскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытындыны уәкілетті орган ведомствосына электрондық құжат айналымы арқылы жолдайды, онда:

      1) сараптамалық қорытындыны жасау орны, нөмірі және күні;

      2) әкімшілік дереккөздің атауы;

      3) әкімшілік дереккөздің дерекқорының базасының атауы;

      4) бұзушылық дәрежесін көрсете отырып, мемлекеттік статистика саласында анықталған бұзушылықтар және оларды жою туралы ұсынымдар;

      5) әкімшілік деректердің сапасына бағалау жүргізген деректер бақылаушысының тегі, аты, әкесінің аты;

      6) әкімшілік деректердің сапасына бағалау жүргізген деректер бақылаушысының жұмыс телефоны және электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі.

      15. Уәкілетті органның ведомствосы:

      елеусіз бұзушылықтар бойынша әкімшілік дереккөзге оларды жою туралы ұсынымдар жібереді;

      елеулі бұзушылықтар бойынша Заңның 12-1-бабына сәйкес әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізеді.

      16. Әкімшілік деректердің сапасын бағалау нәтижелері әкімшілік дереккөз жағында талдауға жатады және Деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес әкімшілік деректердің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бастапқы деректер болып табылады.

  Әкімшілік деректердің
сапасын бағалау қағидаларына
қосымша

Сапа жөніндегі есепті толтыру құрылымы Сапа бойынша есеп ______________________________________________________ (деректер сапасын бағалау субъектісінің (объектісінің) атауы)

р/с

Есеп бөлімдері

Түсіндірмелер

1

Байланыс деректері:

Әкімшілік дереккөздің атауы және байланыс деректері (мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы) көрсетіледі.

1.1

Әкімшілік деректердің меншік иесінің атауы

Әкімшілік дереккөздің атауы көрсетіледі

1.2

Мемлекеттік органның, ведомствоның, ведомстволық бағынысты ұйымның немесе әкімшілік дереккөздің құрылымдық бөлімшесінің (әкімшілік деректерді иеленуші)атауы және байланыс деректері

Әкімшілік деректердің меншік иесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған деректерді иелену, пайдалану немесе оларға билік ету құқығын іске асыратын субъект.
Әкімшілік деректерді иеленуші – деректердіңменшік иесі заңда немесе келісімде белгіленген шектерде және тәртіппен деректерді иелену және пайдалану құқығын ұсынған субъект.

1.3

Әкімшілік дереккөздің деректердің сапасы бойынша менеджерінің тегі, аты, лауазымы және байланыс деректері

Деректердің сапасы бойынша менеджер (Data Quality Manager) – әкімшілік дереккөздің ішінде дереккөздің сапасын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адам.

2

Кіріспе

Әкімшілік деректер сапасын бағалау субъектісінің (объектісінің) жалпы сипаттамасы:
1) әкімшілік деректер сапасын бағалау субъектісі (объектісі) жататын саланы, әкімшілік деректердіқолдану мақсаттары мен саласын айқындау. Уақыт өте келе жалпы сипаттамамен, нәтижелермен және олардың эволюциясымен бірге жүретін қысқаша тарихты жазу ұсынылады;
2) негізгі пайдаланушыларды және олардың қатысу тәсілдерін айқындау;
3) әкімшілік деректерді ұсынатын тұлғалар тобының сипаттамасы;
4) ақпараттың қажеттілігін анықтау.

3

Әкімшілік деректерді ұсыну

Әкімшілік деректерді ұсыну процесінің сипаттамасы.

3.1

Деректер сипаттамасы

Әкімшілі деректер жиынының сипаттамаларын сипаттау.

3.2

Деректерді жіктеу жүйесі

Объектілерді топтастыру немесе оларды жалпы сипаттамаларына қарай топтарға бөлу.
Ұлттық анықтамалық ақпарат элементтерін қолдану сипаттамасы.

3.3

Әкімшілік деректерді жинау туралы жалпы мәліметтер

Сипаттама:
1) ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы;
2) әкімшілік деректерді жинау күндері;
3) әкімшілік деректерді жинау құралдары (деректерді жинауға арналған нысандардың индексі, ақпараттық жүйелер);
4) байқау типі (іріктемелі, жаппай, аралас).

3.4

Жинау әдісі

Жинау әдісінің сипаттамасы:
1) қағаз жеткізгіште;
2) электрондық түрде;
3) телефон арқылы сауал салу салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
4) қағаз жеткізгішті пайдаланумен интервьюердің жеке сұхбат жүргізуі кезінде;
5) дербес есептеу құрылғысын пайдаланумен интервьюердің жеке сұхбат жүргізуі кезінде.

3.5

Өлшем бірлігі

Өлшем бірліктерін жазу.

3.6

Есепті кезең

Белгілі бір күнге немесе белгілі бір уақыт кезеңіне (ай, тоқсан, күнтізбелік жыл немесе бірнеше күнтізбелік күн) қатысты айнымалылардың сипаттамасы.
Егер берілген базистік кезең нақты базистік кезеңмен сәйкес келмесе, мұндай алшақтық сипатталады.
Егер жинау ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде жүзеге асырылса, көрсеткіш қалай қалыптасатыны сипатталады.

4

Құқықтық негіз

Әкімшілік дереккөзге жауапкершілік жүктейтін және оған әкімшілік деректерді жинауға және (немесе) қалыптастыруға, статистикалық ақпаратты өңдеуге және таратуға қатысты өкілеттіктер беретін заң, нормативтік қағидалар жиынтығы немесе нұсқаулықтардың ресми жиынтығы.

5

Құпиялылық және деректерді қорғау

Әкімшілік деректерді рұқсатсыз жария ету олардың дереккөзінің мүдделеріне қаншалықты зиян келтіретінін анықтайтын қасиеті.

5.1

Құпиялылық саясаты

Дербес және құпия деректерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі заңды шаралардың немесе ресми рәсімдердің сипаттамасы.

6

Әкімшілік деректерді ұсыну жиілігі

Әкімшілік деректерді ұсыну жиілігін көрсету.

7

Әкімшілік деректерді ұсыну форматы

Әкімшілік деректерді ұсыну форматын реттейтін құқықтық актілерді немесе ресми және бейресми келісімдерді көрсету.
Әкімшілік деректерді (электронды түрде, қағаз тасығышта) ұсыну форматының сипаттамасы.

8

Құжаттаманың қолжетімділігі

Пайдаланушылар әкімшілік деректердің құжаттамасын алатын, пайдаланатын және түсіндіретін шарттар мен режимдер, яғни объектіні, жобаны, ерекшелікті, нұсқаулықты, анықтаманы немесе рәсімді анықтау немесе сипаттау үшін қолданылатын сипаттамалық мәтін.

8.1

Әдіснама бойынша құжаттама

Сипаттамалық мәтін және қолда бар әдіснамалық құжаттарға сілтемелер.

8.2

Сапа бойынша құжаттама

Әкімшілік деректердің сапасын басқару мен сапасын бағалауға қолданылатын құжаттама мен рәсімдердің сипаттамасы.

9

Әкімшілік деректердің сапасын басқару

Әкімшілік деректер сапасын басқару үшін әкімшілік дереккөздерде бар жүйе мен құрылымның сипаттамасы.

9.1

Сапаны бағалау көрсеткіштері

Әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректер сапасының көрсеткіштеріне сәйкес келмеуіне байланысты қателерді сипаттау.

9.1.1

Нақтылығы

Берілген әкімшілік деректердің пайдалану мақсаттарына немесе анықтамалық немесе ресми дереккөзден алынған деректерге және өлшеу нәтижесінде алынған әкімшілік деректерге сәйкес келмеуіне байланысты қателерді сипаттау. Оқиға әртүрлі ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтердегі Қайшылықтар (сәйкессіздіктер) анықталған кезде қалыптасады.

9.1.2

Толық болуы

Міндетті санатқа жататын атрибуттардың және деректер түрінің жазбаларында толық толтырылмауына немесе толтырылмауына байланысты қателерді сипаттау.

9.1.3

Сәйкестігі

Ұсынылған әкімшілік деректердің нормативтік құқықтық актілерге, стандарттарға немесе ресми және бейресми келісімдерге толық немесе ішінара сәйкес келмеуіне байланысты қателерді сипаттау.

9.1.4

Салыстырмалылық

Ұлттық анықтамалық ақпараттың өзекті емес элементтерін пайдаланбауға немесе пайдалануға байланысты қателердің, уақытша, өңірлік және салалық бөліністегі әкімшілік деректердің салыстырмалылығының сипаттамасы, сондай-ақ ақпаратты ұсынатын тұлғалардың шеңберін сәйкестендірудің болмауы.

9.1.5

Өзектілігі

Ұсынылған әкімшілік деректердің ресми статистикалық ақпаратты түзудежәне статистикалық тіркелімдерді өзектендіруде пайдаланудың ағымдағы және ықтимал қажеттіліктеріне сәйкес келмеуіне байланысты бұзушылықтардың болуын сипаттау.

9.1.6

Бірегейлігі

Ұсынылған бірегей әкімшілік деректерде жазбалардың дубльдерінің болуына байланысты қателерді сипаттау.

9.1.7

Сенімділігі

Анықталған шектен тыс мәндерді, мәндерді интервалдық мәндерге бақылауды, қарама-қайшылықтарды, енгізу маскаларына сәйкессіздікті сипаттау.
Әкімшілік дереккөз ұсынған әкімшілік деректердің бірдей деректер жиынтығын қамтитын басқа ресми көздерден алынған деректермен сәйкессіздіктерінің сипаттамасы.

9.1.8

Уақтылығы

Ұсынылған әкімшілік деректердің белгіленген немесе ерікті уақыт сәттеріндегі өзекті күйге сәйкес келмеуіне байланысты қателерді сипаттау.

9.1.9

Айқындылық

Әртүрлі түсіндірілуі мүмкін деректердің әртүрлілігіне байланысты қателерді сипаттау шатастырады және сенімді төмендетеді.
"Айқындылық" өлшемі бойынша бағалау ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде қалыптастырылатын ресми статистикалық ақпаратқа қатысты ғана жүзеге асырылады.

9.1.10

Қолжетімділік

Деректерді алудың күрделілігіне байланысты қателерді сипаттау, сондай-ақ оларға қолжетімділіктің шектелуі.
"Қолжетімділік" критерийі бойынша бағалау ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде қалыптастырылатын ресми статистикалық ақпаратқа қатысты ғана жүзеге асырылады.

9.1.11

Анықталмаған қателер

Деректерді басқару жөніндегі талаптарда анықталмаған қателерді сипаттау.

10

Әкімшілік деректерді салыстыра тексеру және салыстыру

Әкімшілік дереккөз ұсынған әкімшілік деректердің мәндердің бірдей жиынтығын қамтитын басқа ресми көздерден алынған деректермен алшақтық пайызын анықтау
Ұлттық анықтамалық ақпараттың ұлттық және (немесе) өзекті емес элементтерін қолданбау сипаттамасы.

11

Анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар

Бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстардың сипаттамасы.

12

Өндірістегі ресми статистикалық ақпараттардағы әкімшілік деректерді қолдану мүмкіндігі туралы ұсыныстар

Өндірістегі ресми статистикалық ақпараттардағы әкімшілік деректерді қолдану мүмкіндігі туралы ұсыныстардың сипаттамасы.


Об утверждении Правил оценки качества административных данных

Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 19 марта 2024 года № 2. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 марта 2024 года № 34168.

      В соответствии с подпунктом 82-2 пункта 15 Положения Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427, подпунктом 75-3) пункта 15 Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ, частью второй пункта 54 Требований по управлению данными, утвержденных приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 14 октября 2022 года № 385/НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 30186), ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула – в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 27.09.2024 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить Правила оценки качества административных данных согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту контроля качества данных и развития коммуникаций в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан;

      3. Департаменту контроля качества данных и развития коммуникаций Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан довести настоящий приказ до структурных и территориальных подразделений Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан для руководства и использования в работе.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Руководитель Бюро
национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
М. Турлубаев

      "Согласован"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Руководителя Бюро
национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан
от 19 марта 2024 года № 2

Правила оценки качества административных данных

      Сноска. Правила – в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 27.09.2024 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оценки качества административных данных (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 82-2 пункта 15 Положения Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427, подпунктом 75-3) пункта 15 Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ, частью второй пункта 54 Требований по управлению данными, утвержденных приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 14 октября 2022 года № 385/НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 30186).

      2. Настоящие Правила определяют Порядок оценки качества административных данных.

      3. Настоящие Правила применяются ведомством уполномоченного органа в области государственной статистики (далее – ведомство уполномоченного органа) при оценке качества административных данных.

      4. В настоящих Правилах используются следующие понятия и определения:

      1) оценка качества данных – процесс определения уровня соответствия административных данных Требованиям по управлению данными;

      2) субъект (объект) оценки качества данных – административный источник и (или) его база данных;

      3) методологический совет по статистике (далее – Методсовет) – консультативно-совещательный орган ведомства уполномоченного органа.

Глава 2. Порядок оценки качества административных данных

      5. Оценка качества административных данных проводится в рамках государственного контроля в отношении субъекта (объекта) оценки качества данных в соответствии со статьей 12-1 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" (далее – Закон).

      6. Оценка качества административных данных проводится контролером данных в соответствии с полугодовым планом-графиком оценки качества административных данных (далее – План-график), утвержденного первым руководителем ведомства уполномоченного органа, либо заменяющим его уполномоченным лицом не позднее 20 декабря года, предшествующего году оценки, и до 20 июня текущего календарного года.

      7. План-график включает:

      1) дату утверждения План-графика;

      2) наименование субъекта (объекта) оценки качества данных;

      3) период проведения оценки качества данных;

      4) дата представления отчета по качеству административных данных (далее – отчет по качеству) в ведомство уполномоченного органа;

      5) подпись лица, уполномоченного подписывать План-график.

      8. Оценка качества административных данных проводится контролером данных, на соответствие требованиям Закона и Требованиям по управлению данными, а также посредствам сверки и сопоставления баз данных административного источника с данными из других официальных источников, содержащих одинаковый набор данных.

      9. Контролер данных при сопоставлении баз данных, определяет критичность расхождения данных и присваивает в отчете по качеству степень расхождения данных в соответствии с градацией степени нарушения в области государственной статистики: незначительное, значительное.

      1) незначительные – нарушения, связанные с:

      расхождением до 10 % представленных административным источником административных данных с данными из других официальных источников, содержащих одинаковый набор значений;

      неприменением элементов национальной справочной информации в соответствии с подпунктом 1) пункта 3 статьи 16 Закона;

      2) значительные – нарушения, связанные с:

      применение несогласованных элементов национальной справочной информации в соответствии с подпунктом 6) пункта 2 статьи 12-1 Закона;

      несогласованием с ведомством уполномоченного органа форм, предназначенных для сбора административных данных, а также методик расчета показателей в соответствии с подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона;

      представлением недостоверных административных данных административным источником;

      непредставлением административных данных на безвозмездной основе в соответствии с Правилами представления административных данных административными источниками на безвозмездной основе, утвержденным приказом и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 14 июля 2010 года № 183 (Зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6394);

      несоответствием критериям качества административных данных, установленных Требованиями по управлению данными;

      несоответствием представленных баз данных требованиям к поддержке данных установленными в Требованиях по управлению данными;

      несоблюдением установленных требований ведомством уполномоченного органа по ведению похозяйственного учета;

      расхождением свыше 10 % представленных административным источником административных данных с данными из других официальных источников, содержащих одинаковый набор значений.

      10. По итогам проведенной оценки качества административных данных контролер данных формирует отчет по качеству и согласовывает его посредством электронного документооборота с ведомством уполномоченного органа. Структура по заполнению отчета по качеству приведена в приложении к настоящим Правилам.

      11. При внесении уточнений и (или) дополнений, отчет по качеству дорабатывается контролером данных в течение 5 рабочих дней.

      12. Согласованный отчет по качеству контролер данных представляет на рассмотрение в Методсовет.

      13. По результатам рассмотрения отчета по качеству Методсовет дает рекомендации по использованию административных данных в производстве официальной статистической информации и (или) актуализации статистических регистров.

      14. В случаях выявления нарушений требований Закона и (или) Требований по управлению данными, контролер данных в течение 3 рабочих дней со дня согласования отчета по качеству, направляет экспертное заключение в ведомство уполномоченного органа, посредством электронного документооборота, в котором указываются:

      1) номер, дата и место составления экспертного заключения;

      2) наименование административного источника;

      3) наименование базы данных административного источника;

      4) выявленные нарушения в области государственной статистики с указанием степени нарушения и рекомендации об их устранении;

      5) фамилия, имя, отчество контролера данных проводившего оценку качества административных данных;

      6) рабочий телефон и адрес электронной почты контролера данных, проводившего оценку качества административных данных.

      15. Ведомство уполномоченного органа:

      по незначительным нарушениям направляет в адрес административного источника рекомендации об их устранении;

      по значительным нарушениям проводит государственный контроль в отношении административных источников в соответствии со статьей 12-1 Закона.

      16. Результаты оценки качества административных данных подлежат анализу на стороне административного источника, и являются исходными данными для проведения мероприятий по повышению качества административных данных в соответствии с Требованиями по управлению данными.

  Приложение к Правилам
оценки качества
административных данных

Структура по заполнению отчета по качеству

Отчет по качеству_______________________________________________________
(наименование субъекта (объекта) оценки качества данных)

п/п

Разделы отчета

Пояснения

1

Контактные данные:

Указываются наименование и контактные данные (адрес, телефон, электронная почта) административного источника.

1.1

Наименование административного источника

Указываются наименование административного источника.

1.2

Наименование и контактные данные государственного органа, ведомства, подведомственной организации или структурного подразделения административного источника (владелец административных данных)

Собственник административных данных – субъект, реализующий в соответствии с законодательством Республики Казахстан права владения, пользования и распоряжения данными.
Владелец административных данных – субъект, которому собственник данных предоставил права владения и пользования данными в определенных законодательством Республики Казахстан или соглашением пределах и порядке.

1.3

Фамилия, имя, должность и контактные данные менеджера по качеству данных административного источника

Менеджер по качеству данных (Data Quality Manager) – должностное лицо ответственное за обеспечение качества данных внутри административного источника.

2

Введение

Общее описание субъекта (объекта) оценки качества административных данных:
1) определение отрасли, к которой относится субъект (объект) оценки качества административных данных, цели и область применения административных данных. Рекомендуется прописать краткую историю, которая сопровождается общим описанием, результатами и их эволюцией со временем;
2) определение основных пользователей и способов их участия;
3) описание круга лиц, представляющих административные данные;
4) определение потребности информации.

3

Представление административных данных

Описание процесса представления административных данных.

3.1

Описание данных

Описание характеристик набора административных данных.

3.2

Система классификации данных

Группировка объектов или их разделение на группы на основе их общих характеристик.
Описание применения элементов национальной справочной информации.

3.3

Общие сведения о сборе административных данных

Описание:
1) круг лиц, представляющих информацию;
2) даты сбора административных данных;
3) инструментарий сбора административных данных (индекс форм, предназначенных для сбора данных, информационные системы);
4) тип наблюдения (выборочное, сплошное, комбинированное).

3.4

Метод сбора

Описание метода сбора:
1) на бумажном носителе;
2) в электронном виде;
3) посредством компьютеризированной системы телефонного опроса;
4) при личном опросе интервьюером с использованием бумажного носителя;
5) при личном опросе интервьюером с использованием персонального вычислительного устройства.

3.5

Единица измерения

Перечисление единиц измерений.

3.6

Отчетный период

Описание переменных, относящихся к определенным моментам времени, к определенному дню, или к определенному периоду времени (месяц, квартал, календарный год, несколько календарных дней).
Если заданный базисный период не совпадает с фактическим базисным периодом, такое расхождение описывается.
Если сбор осуществляется автоматически посредством информационных систем, описывается, как формируется показатель.

4

Правовая основа

Закон, свод нормативных правил или формальный набор инструкций, возлагающий на административный источник ответственность, и предоставляющий ему полномочия в отношении сбора и (или) формирования административных данных, обработки и распространения статистической информации.

5

Конфиденциальность и защита данных

Свойство административных данных, определяющее до какой степени их несанкционированное раскрытие, может навредить интересам их источника.

5.1

Политика конфиденциальности

Описание законных мер или формальных процедур по обеспечению защиты персональных и конфиденциальных данных.

6

Частота представления административных данных

Указание частоты представления административных данных.

7

Формат представления административных данных

Указание правовых актов или формальных и неформальных соглашений регламентирующие формат представления административных данных.
Описание формата представления административных данных (в электронном виде, на бумажном носителе).

8

Доступность документации

Условия и режимы, в соответствии с которыми пользователи получают, используют и интерпретируют документацию по административным данным, то есть описательный текст, используемый для определения или описания объекта, проекта, спецификации, инструкции, справочника или процедуры.

8.1

Документация по методологии

Описательный текст и ссылки на имеющиеся методологические документы.

8.2

Документация по качеству

Описание документации и процедур, применимых к управлению качества и оценке качества административных данных.

9

Управление качеством административных данных

Описание системы и структуры, имеющиеся в административном источнике для управления качеством административных данных.

9.1

Критерии оценки качества

Описание ошибок, связанных с несоответствием критериев качества административных данных, представленных административными источниками.

9.1.1

Точность

Описание ошибок, связанных с несоответствием представленных административных данных целям использования или данным, полученным из эталонного или официального источника, и данным, полученным в результате измерения. Инцидент формируется при выявлении противоречий (несоответствия) в административных данных, полученных из различных объектов информатизации.

9.1.2

Полнота

Описание ошибок, связанных с неполным заполнением или с не заполнением в записях вида данных и атрибутов, относящиеся к категории обязательных.

9.1.3

Взаимосвязанность

Описание ошибок, связанных полным или частичным несоответствием, представленных административных данных установленными
нормативными правовыми актами, стандартами или формальными и неформальными соглашениями.

9.1.4

Сопоставимость

Описание ошибок, связанных с неиспользованием или использованием неактуальных элементов национальной справочной информации, несопоставимостью административных данных во временном, региональном и отраслевом разрезе, а также отсутствие идентификации круга, лиц представляющих информацию.

9.1.5

Актуальность

Описание наличия нарушений, связанных с несоответствием, представленных административных данных текущим и возможным потребностям использования их в производстве официальной статистической информации, и актуализации статистических регистров.

9.1.6

Уникальность

Описание ошибок, связанных с наличием в представленных уникальных административных данных дублей записей.

9.1.7

Достоверность

Описание выявленных аномальных значений, контроля значений интервальным значениям, противоречий, несоответствия маскам ввода.
Описание расхождений административных данных, представленных административным источником с данными из других официальных источников, содержащих одинаковый набор данных.

9.1.8

Своевременность

Описание ошибок, связанных с несоответствием представленных административных данных актуальному состоянию на установленные или произвольные моменты времени.

9.1.9

Ясность

Описание ошибок, связанных с неоднозначностью данных, которые могут быть интерпретированы по-разному, вызывают путаницу и снижают доверие.
Оценка по критерию "Ясность" осуществляется исключительно в отношении официальной статистической информации формируемой в рамках ведомственных статистических наблюдений.

9.1.10

Доступность

Описание ошибок, связанных со сложностью получения данных, а также ограниченный доступ к ним.
Оценка по критерию "Доступность" осуществляется исключительно в отношении официальной статистической информации формируемой в рамках ведомственных статистических наблюдений.

9.1.11

Не идентифицированные ошибки

Описание ошибок, не идентифицированных в Требованиях по управлению данными.

10

Сверка и сопоставление административных данных

Определение процента расхождения представленных административным источником административных данных с данными из других официальных источников, содержащих одинаковый набор значений.
Описание неприменения национальных и (или) применения неактуальных элементов национальной справочной информации.

11

Рекомендации по устранению выявленных значительных и незначительных нарушений

Описание рекомендации по устранению нарушений.

12

Рекомендации о возможности использовании административных данных в производстве официальной статистической информации и актуализации статистических регистров

Описание рекомендации о возможности использовании административных данных в производстве официальной статистической информации и актуализации статистических регистров.