БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Тізілім мынадай екі кіші бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша.
Тізілімде мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілері бойынша есепке алу, бағдарламалық қамтамасыз етуге, интернет-ресурстарға және электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты жүзеге асырылады.
Ақпараттандыру объектілерінің иелері тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға мыналарды береді:
мемлекеттің мүліктік құқықтарын растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері (оның ішінде интернет-ресурстардың домендік атауына) және бағдарламалық қамтамасыз ету мен интернет-ресурстарға қатысты бухгалтерлік баланс баптарының толық жазылуы;
алынбалы тасығыштағы электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмелері.
Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін жаңарту мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің тізіліммен интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы күн сайын жүзеге асырылады.";
14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) квазимемлекеттік сектор субъектілері, оларды жекешелендіру және иеліктен шығару, сондай-ақ кеңістіктік (географиялық) деректер туралы мәліметтер;";
17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17-1. Кәсіпкерлік ортада мемлекеттің қатысуы орындылығын анықтау мақсатында бәсекелестіктің тауар нарықтарындағы жай-күйін талдау нәтижелері бойынша тізілім мәліметтерін өзектендіруді монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 90-6 бабы 27)- тармақшасына сәйкес оның ақпараты негізінде жүргізеді.
Ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар бойынша тізілім автоматты түрде қалыптастырылады, оларға мынадай:
1) мемлекеттік меншікте тұрақты/уақытша сақтау;
2) тарату;
3) қайта ұйымдастыру;
4) жекешелендіру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мәртебелерін бере отырып жүргізеді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Тізілім веб-порталына қолжетімділік деңгейі бойынша пайдаланушылар мынадай санаттарға бөлінеді:
1) жеке және заңды тұлғалар;
2) мемлекеттік заңды тұлғалар;
3) тиісті саланың уәкілетті органдары;
4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
5) республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;
7) облыстық уәкілетті орган және облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
8) аудандық уәкілетті орган және аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
9) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеті мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға және коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруға өкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар;
10) монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері.";
мынадай мазмұндағы 44-3-тармақпен толықтырылсын:
"44-3. Монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді:
1) коммуналдық және республикалық меншіктегі ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелерін және олар бойынша мәліметтерді қарау;
2) республикалық және коммуналдық мүлік бойынша талдамалық және статистикалық есептілікті қалыптастыру.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі