Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 маусымда № 34530 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 123 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 мамырда № 18-1/451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-26) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 194) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Отырғызылатын материал және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 194) тармақшасына сәйкес әзірленді және отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану тәртібін айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Орман пайдаланушы мемлекеттік орман қоры учаскелерін отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану кезінде Орман кодексінің 63-бабы 2-тармағымен бекітілетін ормандарда өрт қауiпсiздiгi қағидаларының, Орман кодексінің 67-бабы 3-тармағымен бекітілетін санитариялық қағидалардың және Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 261-бабына сәйкес экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.".

      2. "Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20327 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-51) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 203) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 203) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.".

      3. "Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23830 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларында:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Адам денсаулығына қатысты атмосфералық ауадағы ластағыш заттар құрамының шекті жол берілетін концентрациясы "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері, халықаралық зерттеулердің деректері, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде айқындалады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Ауызсумен, шаруашылық-ауызсумен жабдықтау және (немесе) мәдени-тұрмыстық су пайдалану мақсатында пайдаланылатын жерүсті су объектілері немесе олардың бөліктері (су жинау орындарының) суы сапасының экологиялық нормативтері "Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық суды пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30713 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен бекітілетін гигиеналық нормативтер деңгейінде химиялық және биологиялық (микробиологиялық) көрсеткіштер бойынша белгіленеді.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылатын немесе көрсетілген мақсаттар үшін жарамдылығы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар негізінде айқындалған жерасты су объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Су Кодексіне сәйкес ауызсумен жабдықтаудың резервтік көздері ретінде айқындалған жерасты су объектілері суы сапасының экологиялық нормативтері "Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық суды пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30713 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен әзірленетін және бекітілетін тиісті гигиеналық нормативтер деңгейінде белгіленеді.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Топырақ – әлсіз динамикалық, көп факторлы жүйе, су мен ауадан теориялық және практикалық зерттеулерден кейін стандартталатын әртүрлі түрлердің, типтердің және кіші түрлердің болуымен ерекшеленеді. Топырақтағы химиялық заттардың құрамы "Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № ҚР ДСМ-32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22595 болып тіркелген), қауіпті бағалауға сәйкес нормаланады.".

      4. "Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексі 406-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 69) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Экология кодексі 406-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ластанған аумақта тұратын адамның радиоэкологиялық қауіпсіздігінің дәрежесін сипаттайтын негізгі өлшемшарт – иондаушы сәулелердің техногендік көздерінен шығатын тиімді дозаның орташа жылдық мәні. Табиғи және медициналық сәулелер дозаларына, сондай-ақ радиациялық авариялар салдары дозаларына арнайы шектеулер қойылады.

      Аумақтың радиациялық ластануын бағалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтеріне 16-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.".

      5. "Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25074 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 298-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 92) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 92) тармақшасына сәйкес әзірленді және көміртегі офсетін қарау, мақұлдау және есепке алу, сондай-ақ офсеттік бірліктерді беру тәртібін айқындайды;".

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жобалық құжаттама және жоба мониторингінің жоспары Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген "Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31735 болып тіркелген) немесе "Париж келісімін ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық әдістемелер негізінде әзірленеді;".

      28-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш беруші ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді не анық емес мәліметтерді қамтиды;";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы Тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 284-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 61) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 339) тармақшасына әзірленді және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) көміртегі квотасы – осы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 290-бабының 4-тармағына сәйкес көміртегі квотасының Ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне квоталанатын қондырғы үшін белгіленген және көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде квоталанатын қондырғы операторының тиісті шотына есепке алынған парниктік газдар шығарындыларының сандық көлемі;";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Тізбеде тиісті бенчмарктер болмаған кезде квоталау субъектісі уәкілетті органға жаңа қондырғы үшін квотаны бөлу үшін парниктік газдар шығарындыларының болжамды көлемін береді. Шығарындылар болжамы жаңа қондырғының жобалық құжаттарында расталған қондырғының қызметі туралы деректерге негізделген және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31735 болып тіркелген) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелерде (бұдан әрі – парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелер) көрсетілген формулаларды қолдану арқылы есептелген.".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
қосымша
  Көміртекті офсетті мақұлдау
және офсеттік бірліктерді
ұсыну қағидаларына
5-қосымшасы

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.ecogeo.gov.kz.

      Көміртекті офсетті іске асыру туралы есеп

      Есепті кезең: 20__ жыл.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: (1-ОРУО).

      Кезеңділігі: офсеттік бірліктерге қажеттілік болған кезде.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: көміртекті офсет жобасын уәкілетті органның қарауына және мақұлдауына ұсынатын жеке тұлға, заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы, жобаның өтініш берушісі.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімін: жобаның өтініш берушісі дербес белгілейді.

Атауы

Ақпарат

1.

Жобаның өтініш берушісі туралы деректер


2.

Жобаның атауы мен түрін, оның ауқымы мен шекарасын, өткізілетін орнын, офсеттік бірліктерді шығару кезеңінің ұзақтығын және жоба бойынша орындалатын жұмыстардың түрлерін қоса алғанда, жобаның қысқаша сипаттамасы


3.

Есепті кезеңді көрсету


4.

Жоба шеңберінде мониторинг жүргізілетін парниктік газдар шығарындылары және (немесе) сіңірулері туралы, есепті кезеңдегі көміртегі диоксиді тоннасының эквивалентіндегі олардың жалпы көлемін көрсете отырып деректер


5.

Есепті кезеңде жобаны іске асыру нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларының қол жеткізілген азаюы және (немесе) парниктік газдар сіңірілуінің ұлғаюы туралы деректер


6.

Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтудың мәлімделген верификациясы туралы мәліметтер


7.

Жобаның негізгі сценарийінің сипаттамасы


8.

Жобаны іске асыру кезінде мақұлданған жобалық құжаттамадан және мониторинг жоспарынан кез келген елеулі ауытқулар туралы ақпарат


9.

Парниктік газдар шығарындыларын азайтуды және (немесе) олардың сіңірілуін ұлғайтуды есептеу үшін негіз ретінде пайдаланылған критерийлерді, рәсімдерді және құжаттарды сипаттау


10.

Жобаға өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы


11.

Аккредиттелген органның көміртегі офсетін өткізу туралы есепті верификациялауды растауы:

11.1

Верификацияны жүзеге асыратын аккредиттелген органның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі


11.2

Аккредиттеу туралы аттестаттың нөмірі мен мерзімі немесе аккредиттеу туралы куәліктің күні, сериясы, нөмірі


11.3

Аккредиттелген органның заңды мекенжайы


11.4

Телефон


11.5

Электрондық пошта


11.6

Верификацияға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


12.

Парниктік газдар шығарындыларының және (немесе) сіңірулерінің мынадай көлемде азаюын растау:

12.1

көміртегі диоксиді, тонна


12.2

көміртегі диоксиді эквивалентіндегі парниктік газдардың жалпы шығарындылары, тонна


12.3

аккредиттелген орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы


      Жобаның өтініш берушісі _________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      қолы _________________________

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      Көміртекті офсетті іске асыру туралы есеп (индекс – 1-ОРУО), кезеңділігі: офсеттік бірліктерге қажеттілік болған кезде.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Көміртекті офсетті іске асыру туралы есепті ұсынатын жеке, заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар тобы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсініктеме.

      2. Жобаларды өтінім берушілер есепті кезеңде жобаны іске асыру нәтижесінде парниктік газдар шығарындылары мен шығарындыларының қол жеткізілген қысқаруы және (немесе) парниктік газдар сіңірілуінің ұлғаюы туралы деректерді ұсынады.

      3. Парниктік газдар шығарындыларының және (немесе) сіңірілуінің азаюын растайтын көрсеткіштер бір тонна көмірқышқыл газының баламасында толтырылады

      4. Есепке жобаның өтініш берушісі қол қояды. Есеп қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға электрондық форматта ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      5. 1-бағанда жобаның өтініш берушісі туралы деректер көрсетіледі.

      6. 2-бағанда жобаның атауы мен түрін, оның ауқымы мен шекарасын, өткізілетін орнын, офсеттік бірліктерді шығару кезеңінің ұзақтығын және жоба бойынша орындалатын жұмыстардың түрлерін қоса алғанда, жобаның қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.

      7. 3-бағанда көміртекті офсетті өткізудің есепті кезеңі көрсетіледі.

      8. 4-бағанда жоба шеңберінде мониторинг жүргізілетін парниктік газдар шығарындылары және (немесе) парниктік газдарды сіңіру туралы деректер көрсетіледі, олардың есепті кезеңдегі жалпы көлемі бір тонна көмірқышқыл газының баламасында көрсетіледі.

      9. 5-бағанда есепті кезеңде жобаны іске асыру нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларының қол жеткізілген қысқаруы және (немесе) парниктік газдар сіңірілуінің ұлғаюы туралы деректер көрсетіледі.

      10. 6-бағанда парниктік газдар шығарындыларының мәлімделген қысқартуларын верификациялау және (немесе) парниктік газдар сіңірілуінің ұлғаюы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      11. 7-бағанда жобаның негізгі сценарийі сипатталған.

      12. 8-бағанда жобаны іске асыру кезінде мақұлданған жобалық құжаттамадан және мониторинг жоспарынан кез келген елеулі ауытқулар туралы ақпарат көрсетіледі.

      13. 9-бағанда парниктік газдар шығарындыларын азайтуды және (немесе) олардың сіңуін ұлғайтуды есептеу үшін негіз ретінде пайдаланылған критерийлер, рәсімдер мен құжаттар көрсетіледі.

      14. 10-бағанда жоба өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы көрсетіледі.

      15. 11-бағанда аккредиттелген органның көміртегі офсетін өткізу туралы есепті верификациялағанын растайтын ақпарат көрсетіледі:

      верификацияны жүзеге асыратын аккредиттелген органның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      аккредиттеу туралы аттестаттың нөмірі мен мерзімі немесе аккредиттеу туралы куәліктің күні, сериясы, нөмірі

      аккредиттелген органның заңды мекенжайы

      телефон

      электрондық пошта

      тексеруге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

      16. 12-бағанда парниктік газдар шығарындыларының және (немесе) сіңірілуінің төмендегенін растайтын ақпарат мынадай көлемде көрсетіледі:

      көмірқышқыл газы, тонна

      көмірқышқыл газының эквивалентіндегі парниктік газдардың жалпы шығарындылары, тонна

      аккредиттелген орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы.

О внесении изменений в некоторые приказы

Приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 17 июня 2024 года № 123. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июня 2024 года № 34530

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения.

      2. Департаменту юридической службы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
Е. Нысанбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Бюро национальной статистики
агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министр экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 17 июня 2024 года № 123

Перечень некоторых приказов, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 18-1/451 "Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11589) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 18-26) пункта 1 статьи 13 Лесного Кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года и подпунктом 194) пункта 15 Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах пользования участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила пользования участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 194) пункта 15 Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479 и определяют порядок пользования участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Лесопользователь при пользовании участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения обеспечивает соблюдение правил пожарной безопасности в лесах, утверждаемых в соответствии с пунктом 2 статьи 63 Лесного кодекса, санитарные правила в лесах, утверждаемые в соответствии с пунктом 3 статьи 67 Лесного кодекса и экологические требования в соответствии со статьей 261 Экологического кодекса Республики Казахстан.".

      2. Внести в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 31 марта 2020 года № 85 "Об утверждении Правил проведения в государственном лесном фонде работ, не связанных с ведением лесного хозяйства и лесопользованием" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20327) следующее изменение:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 18-51) пункта 1 статьи 13 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года и подпунктом 203) пункта 15 Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах проведения в государственном лесном фонде работ, не связанных с ведением лесного хозяйства и лесопользованием, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила проведения в государственном лесном фонде работ, не связанных с ведением лесного хозяйства и лесопользованием (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 203) пункта 15 Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479 и определяют порядок проведения в государственном лесном фонде работ, не связанных с ведением лесного хозяйства и лесопользованием.".

      3. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 июля 2021 года № 270 "Об утверждении Правил разработки и пересмотра экологических нормативов качества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23830) следующие изменения:

      в Правилах разработки и пересмотра экологических нормативов качества, утвержденных указанным приказом:

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "27. Предельно допустимые концентрации содержания загрязняющих веществ в атмосферном воздухе по отношению к здоровью человека определяются на основе приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 августа 2022 года № ҚР ДСМ-70 "Об утверждении Гигиенических нормативов к атмосферному воздуху в городских и сельских населенных пунктах, на территориях промышленных организаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 29011), данных Всемирной организации здравоохранения, данных международных исследований, результатов научно-исследовательских работ.";

      пункт 43 изложить в следующей редакции:

      "43. Экологические нормативы качества вод поверхностных водных объектов или их частей (мест водозабора), используемых для целей питьевого, хозяйственно-питьевого водоснабжения и (или) культурно-бытового водопользования, устанавливаются по химическим и биологическим (микробиологическим) показателям на уровне гигиенических нормативов, утверждаемых в порядке, определенном приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-138 "Об утверждении Гигиенических нормативов показателей безопасности хозяйственно-питьевого и культурно-бытового водопользования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 30713).";

      пункт 47 изложить в следующей редакции:

      "47. Экологические нормативы качества вод подземных водных объектов, которые используются в качестве источников питьевого и (или) хозяйственно-питьевого водоснабжения или пригодность которых для указанных целей определена на основании санитарно-эпидемиологических заключений, а также подземных водных объектов, определенных в качестве резервированных источников питьевого водоснабжения в соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан, устанавливаются на уровне соответствующих гигиенических нормативов, разрабатываемых и утверждаемых в порядке, определенном приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-138 "Об утверждении Гигиенических нормативов показателей безопасности хозяйственно-питьевого и культурно-бытового водопользования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 30713).";

      в пункт 51 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      4. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 13 августа 2021 года № 327 "Об утверждении критериев оценки экологической обстановки территорий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23994) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 4 статьи 406 Экологического кодекса Республики Казахстан и подпунктом 69) пункта 15 Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Критериях оценки экологической обстановки территорий, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Критерии оценки экологической обстановки территорий (далее – Критерии) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 406 Экологического кодекса Республики Казахстан и подпунктом 69) пункта 15 Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Основной критерий, характеризующий степень радиоэкологической безопасности человека, проживающего на загрязненной территории, – среднегодовое значение эффективной дозы от техногенных источников ионизирующих излучений. На дозы от природного и медицинского облучения, а также дозы вследствие радиационных аварий устанавливаются специальные ограничения.

      Оценка радиационной загрязненности территории осуществляется согласно приложению 16 к Гигиеническим нормативам к обеспечению радиационной безопасности, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 августа 2022 года № ҚР ДСМ-71 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 29012).".

      5. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 5 ноября 2021 года № 455 "Об утверждении Правил одобрения углеродного офсета и предоставления офсетных единиц" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25074) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 4 статьи 298 Экологического кодекса, с подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и подпунктом 92) пункта 15 Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах одобрения углеродного офсета и предоставления офсетных единиц, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила одобрения углеродного офсета и предоставления офсетных единиц (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 92) пункта 15 Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479 и определяют порядок рассмотрения, одобрения и учета углеродного офсета, а также предоставления офсетных единиц.

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Проектная документация и план мониторинга проекта разрабатываются на основе Методик по расчету выбросов и поглощения парниковых газов, утвержденных приказом Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 17 января 2023 года № 9 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 31735) или международных методик в соответствии с Законом Республики Казахстан "О ратификации Парижского соглашения" и Законом Республики Казахстан "О ратификации Киотского протокола к Рамочной конвенции Организации Объединенных Наций об изменении климата;";

      подпункт 1) пункта 28 изложить в следующей редакции:

      "1) представленные заявителем проекта документы, не соответствуют требованиям Экологического Кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и (или) настоящих Правил либо содержат недостоверные сведения;";

      приложение 5 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему Перечню некоторых приказов, в которые вносятся изменения.

      6. Внести в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 28 марта 2022 года № 91 "Об утверждении Правил государственного регулирования в сфере выбросов и поглощений парниковых газов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 27301) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3 статьи 284 Экологического кодекса Республики Казахстан, с подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и подпунктом 61) пункта 15 Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах государственного регулирования в сфере выбросов и поглощений парниковых газов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила государственного регулирования в сфере выбросов и поглощений парниковых газов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 61) пункта 15 Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479 и определяют порядок государственного регулирования в сфере выбросов и поглощений парниковых газов.";

      подпункт 7) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "7) углеродная квота – количественный объем квотируемых выбросов парниковых газов, установленный для квотируемой установки на период действия Национального плана углеродных квот в соответствии с пунктом 4 статьи 290 Экологического кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и зачисленный на соответствующий счет оператора квотируемой установки в государственном реестре углеродных единиц;";

      пункт 40 изложить в следующей редакции:

      "40. При отсутствии соответствующих бенчмарков в Перечне, субъект квотирования подает в уполномоченный орган прогнозируемый объем выбросов парниковых газов для распределения квоты для новой установки. Прогноз выбросов основан на данных о деятельности установки, подтвержденных в проектных документах новой установки и рассчитан путем применения формул, указанных в Методиках по расчету выбросов и поглощения парниковых газов, утвержденных приказом Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 17 января 2023 года № 9 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 31735), (далее – Методики по расчету выбросов и поглощений парниковых газов).".

  Приложение
к Перечню некоторых
приказов, в которые
вносятся изменения
  Приложение 5
к Правилам одобрения
углеродного офсета
и предоставления офсетных
единиц

      Представляется: в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды.
Форма, предназначенная для сбора административных данных
Форма административных данных размещена на интернет-ресурсе:
www.ecogeo.gov.kz.

Отчет о реализации углеродного офсета

      Отчетный период: на 20__ год.
Индекс формы административных данных: (1-ОРУО).
Периодичность: при наличии потребности в офсетных единицах.
Круг лиц, представляющих информацию: физическое лицо, юридическое лицо
или группа юридических лиц, представляющие проект углеродного офсета
на рассмотрение и одобрение уполномоченному органу, заявитель проекта.
Срок представления формы административных данных: устанавливается заявителем проекта самостоятельно.

Наименование

Информация

1.

Данные о заявителе проекта


2.

Краткое описание проекта, включая название и тип проекта, его масштабы и границы, место проведения, продолжительность периода выпуска офсетных единиц и виды выполняемых по проекту работ


3.

Указание отчетного периода


4.

Данные о выбросах парниковых газов и (или) поглощения парниковых газов, по которым проводится мониторинг в рамках проекта, с указанием общего их объема за отчетный период в эквиваленте тонны диоксида углерода


5.

Данные о достигнутом сокращении выбросов парниковых газов и (или) увеличении поглощения парниковых газов в результате реализации проекта за отчетный период


6.

Сведения о верификации заявленных сокращений выбросов парниковых газов и (или) увеличения поглощения парниковых газов


7.

Описание базового сценария проекта


8.

Информация о любых существенных отклонениях при реализации проекта от одобренной проектной документации и плана мониторинга


9.

Описание критериев, процедур и документов, использованных в качестве основы для расчетов сокращения выбросов парниковых газов и (или) увеличения их поглощения


10.

Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись заявителя проекта


11.

Подтверждение верификации отчета о реализации углеродного офсета аккредитованным органом

11.1

Полное наименование аккредитованного органа, осуществляющего верификацию, бизнес-идентификационный номер


11.2

Номер и срок аттестата об аккредитации или дата, серия, номер свидетельства об аккредитации


11.3

Юридический адрес аккредитованного органа


11.4

Телефон


11.5

Электронная почта


11.6

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ответственного за верификацию


12.

Подтверждение сокращения выбросов и (или) поглощения парниковых газов в объеме:

12.1

диоксида углерода, тонна


12.2

общие выбросы парниковых газов в эквиваленте диоксида углерода, тонна


12.3

фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись руководителя аккредитованного органа


      Заявитель проекта __________________________________
Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
подпись _________________________

Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных

Отчет о реализации углеродного офсета
(индекс – 1-ОРУО),
периодичность: при наличии потребности в офсетных единицах.

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных физическими, юридическими лицами или группой юридических лиц, представляющие отчет о реализации углеродного офсета.

      2. Заявители проектов предоставляют данные о выбросах и достигнутом сокращении выбросов парниковых газов и (или) увеличении поглощения парниковых газов в результате реализации проекта за отчетный период.

      3. Показатели, подтверждающие сокращение выбросов и (или) поглощения парниковых газов заполняются в эквиваленте тонны диоксида углерода

      4. Отчет подписывается заявителем проекта. Отчет представляется в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды в электронном формате.

Глава 2. Пояснение по заполнению формы

      5. В графе 1 указываются данные о заявителе проекта.

      6. В графе 2 указываются краткое описание проекта, включая название и тип проекта, его масштабы и границы, место проведения, продолжительность периода выпуска офсетных единиц и виды выполняемых по проекту работ.

      7. В графе 3 указывается отчетный период реализации углеродного офсета.

      8. В графе 4 указываются данные о выбросах парниковых газов и (или) поглощения парниковых газов, по которым проводится мониторинг в рамках проекта, с указанием общего их объема за отчетный период в эквиваленте тонны диоксида углерода.

      9. В графе 5 указываются данные о достигнутом сокращении выбросов парниковых газов и (или) увеличении поглощения парниковых газов в результате реализации проекта за отчетный период.

      10. В графе 6 указываются сведения о верификации заявленных сокращений выбросов парниковых газов и (или) увеличения поглощения парниковых газов.

      11. В графе 7 описывается базовый сценарий проекта.

      12. В графе 8 указывается информация о любых существенных отклонениях при реализации проекта от одобренной проектной документации и плана мониторинга.

      13. В графе 9 отображаются критерии, процедуры и документы, использованные в качестве основы для расчетов сокращения выбросов парниковых газов и (или) увеличения их поглощения.

      14. В графе 10 указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись заявителя проекта.

      15. В графе 11 указывается информация, подтверждающая верификацию отчета о реализации углеродного офсета аккредитованным органом:

      полное наименование аккредитованного органа, осуществляющего верификацию, бизнес-идентификационный номер

      номер и срок аттестата об аккредитации или дата, серия, номер свидетельства об аккредитации

      юридический адрес аккредитованного органа

      телефон

      электронная почта

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) ответственного за верификацию.

      16. В графе 12 указывается информация, подтверждающая сокращение выбросов и (или) поглощения парниковых газов в следующем объеме:

      диоксида углерода, тонна

      общие выбросы парниковых газов в эквиваленте диоксида углерода, тонна

      фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись руководителя аккредитованного органа.