Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтер бекітілсін.
2. "Қоршаған ортаның қауіпсіздігіне (топыраққа) қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 452 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11755 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 16 шілдеде № 135 (28261) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 21 сәуірдегі № КР ДСМ -32 бұйрығымен бекітілген |
Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтер
1-кесте. Топырақтағы химиялық заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы (бұдан әрі – РЕШШ)
р/с № | Заттардың атауы | Аяны (кларкты) ескере отырып топырақтың РЕШШ шамасы мк/кг | Лимиттеуші көрсеткіш |
1 | 2 | 3 | 4 |
жылжымалы нысаны | |||
1 | кобальт*(1) | 5,0 | жалпы санитариялық |
2 | фтор*(2) | 2,8 | транслокациялық |
3 | хром*(3) | 6,0 | жалпы санитариялық |
суда еритін нысаны | |||
4 | фтор | 10,0 | транслокациялық |
5 | бенз(а)пирен | 0,02 | жалпы санитариялық |
6 | ксилолдар (орто-, мета-, пара) | 0,3 | транслокациялық |
7 | күшән | 2,0 | транслокациялық |
8 | ОФУ*(4) | 3000,0 | су және жалпы санитариялық |
9 | сынап | 2,1 | транслокациялық |
10 | қорғасын | 32,0 | жалпы санитариялық |
11 | қорғасын+сынап | 20,0+1,0 | транслокациялық |
12 | элементарлық күкірт | 160,0 | жалпы санитариялық |
күкіртсутек | 0,4 | ауа | |
күкірт қышқылы | 160,0 | жалпы санитариялық | |
13 | стирол | 0,1 | ауа |
14 | формальдегид | 7,0 | -"- |
15 | хлорлы калий | 560,0 | су |
2-кесте. Топырақты санитариялық-химиялық және радиологиялық көрсеткіштер бойынша бағалау
Р/с № | Қауіптілік дәрежесі | Ластану дәрежесі | Химиялық заттардағы РЕШШ арту жиілігі | Радиоактивті заттармен ластану көрсеткіші |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қауіпсіз | Таза | <1 | Табиғи деңгей |
2 | Қауіпті | Қатты ластанған | 1-10 | Табиғи деңгейден 1,5 есе асып түсу |
3 | Аса қауіпті | 10-25 | Табиғи деңгейден 2 есе асып түсу | |
4 | Экологиялық зілзала | >25 | Табиғи деңгейден 3 есе асып түсу |
3-кесте. Топырақты микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша бағалау
р/с № | Қауіптілік дәрежесі | Ластану дәрежесі | микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері | Термофилдер топырағын өзін-өзі тазарту көрсеткіші | ||||
Колититрі | Анаэробтар титрі (Cl. perfringers) | 1 кг топырақтағы гельминттер жұмыртқаларының саны | 0,25 м2 учаскедегі шыбындардың қуыршақтары мен дернәсілдерінің саны | Хлебников санитариялық саны | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Қауіпсіз | Таза | >1,0 | >0,1 | 0 | 0 | 0,98-1,0 | 0,01-0,0002 |
2 | Салыстырмалы қауіпсіз | Аз ластанған | 1,0-0,01 | 0,1-0,001 | 1-10 | 10-ға дейін | 0,85-0,98 | 0,01-0,00002 |
3 | Қауіпті | Орташа ластанған | 0,01-0,001 | 0,001-0,0001 | 11-100 | 10-100 | 0,7-0,85 | 0,00002-0,00001 |
4 | Аса қауіпті | Қатты ластанған | <0,001 | <0,0001 | >100 | >100 | <0,7 | 0,00001 |
4-кесте. Топырақтың физикалық деградация өлшемшарттары, химиялық және биологиялық ластану көрсеткіштері
р/с № | Көрсеткіштер (шоғырлануы мг/дм3-де) | Параметрлері | Салыстырмалы түрде қанағаттанарлық жағдай | |
Экологиялық зілзала | Төтенше экологиялық жағдай | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Негізгі көрсеткіштер | ||||
1 | радиоактивті ластану, Кu/км2: | |||
цезий-137 | 40-тан астам | 40-15 | 15-ке дейін | |
стронций-90 | 3-тен астам | 3-1 | 1-ге дейін | |
плутоний (изотоптар жиынтығы) | 0,1-ден астам | 0,1-0,05 | 0,05-ке дейін | |
2 | химиялық заттардың РЕШШ-сының асып түсуі: | |||
қауіптіліктің 1-ші сыныбы, (бенз(а)пирен, диоксиндерді қоса алғанда) | 3-тен артық | 3-2 | 2-ге дейін | |
қауіптіліктің 2-ші сыныбы | 10-нан артық | 10-5 | 5-ке дейін | |
қауіптіліктің 3-ші сыныбы (мұнай және мұнай өнімдерін қоса алғанда) | 25-тен артық | 25-10 | 10-ға дейін |