"Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34869 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16948 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 271 Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 160 бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге, сондай-ақ уран өндіруге арналған келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарт бойынша мiндеттемелердi орындауының мониторингiн (бұдан әрi – мониторинг) жер қойнауын пайдаланушылар Кодекстің 132-бабының 2) – 7) тармақшаларына, 180-бабының 3) – 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерін қамтитын ғарыштық мониторинг деректеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздерден алынған мәліметтерге сәйкес ұсынатын есептерге талдау жасау арқылы құзыреттi орган жүзеге асырады.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептерді талдауды құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушы жыл қорытындылары бойынша есептерді ұсынған күнінен бастап күнтізбелік 6 (алты) ай ішінде, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт аяқталған тоқсанның қорытындылары бойынша есептерді ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Есептерге талдау жүргізу мерзімінің өтуі құзыретті органның сұрау салуын жіберу және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыдан жауап алу кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      4. Есептерді талдау нәтижелері бойынша жауапты құрылымдық бөлімше оның нәтижелері туралы есеп қалыптастырады, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) мониторингке жататын жер қойнауын пайдаланушылардың саны;

      2) белгіленген мерзімде есептілікті ұсынған және ұсынбаған жер қойнауын пайдаланушылар туралы мәліметтер;

      3) келісімшарттық міндеттемелерді бұзушылық анықталған жер қойнауын пайдаланушылар туралы мәліметтер.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы есептілікте толық емес мәліметтерді ұсынған кезде, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы ұсынған мәліметтерден өзгеше ақпарат болған кезде осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген мониторинг жүргізу мерзімі қосымша мәліметтерді сұрату үшін тоқтатыла тұрады. Қосымша мәліметтерді ұсыну мерзімі құзыретті органның сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Сұрау салу қорытындылары бойынша есепте көрсетілген мәліметтердің нақты деректерге сәйкестігі расталған кезде есеп осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген тәртіппен түзетілуге жатады.

      Қосымша мәліметтерді сұрату қорытындылары бойынша келісімшарттық міндеттемелерді бұзушылық фактісі анықталған кезде құзыретті орган сұрау салу бойынша мәліметтерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тиісті хабарламаны жібереді.

      6. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау бойынша есептілікті ұсынбаған кезде, сол сияқты жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелердің қандай да бір түрінің орындалуы туралы мәліметтерді толтырмаған кезде жер қойнауын пайдаланушының мониторинг мақсаттары үшін тиісті міндеттеме орындалмаған ретінде ескеріледі.

      Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарының жол берілген бұзушылығы туралы хабарламаны жіберу белгіленген мерзім өткеннен кейін есептілікті ұсынуға кедергі келтірмейді.

      7. Жұмыстардың физикалық көлемін орындау жөніндегі міндеттемелер бойынша орындалған жұмыстардың актілерімен, шот-фактуралармен және төлем тапсырмаларымен расталған нақты орындалған (аяқталған) жұмыстар ғана орындалды деп танылады.

      Мониторинг жүргізу мақсатында жұмыстардың физикалық көлемі деп геофизикалық жұмыстар, бұрғылау жөніндегі жұмыстар, көмірсутектерді немесе уранды өндіру көлемі түсініледі.

      8. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды пайыздық мәнде көрсетілген қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер бойынша келісімшарт талаптарына сәйкес есепті кезеңде жұмыс бағдарламасында немесе базалық жобалау құжатында көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, олардың орындалуының толықтығы тұрғысынан талдау жүргізіледі.

      Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды нақты ақшалай мәнде көрсетілген қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер бойынша келісімшарт талаптарына сәйкес есепті кезең үшін келісімшартта бекітілген міндеттемелерге сәйкес олардың орындалуының толықтығы тұрғысынан талдау жүргізіледі.

      Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер бойынша:

      1) көрсетілген мақсаттарға жергілікті бюджетке аударылған ақша;

      2) егер көрсетілген шығыстар бойынша растайтын мәліметтер (төлем құжатының күні мен нөмірі, шығыстардың сипаттамасы, қолдау алушы туралы мәліметтер және шығыстардың нысаналы сипатта екенін растайтын өзге де мәліметтер) ұсынылса, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған шығыстар ескеріледі. Мәлімделген шығыстар бойынша көрсетілген мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай сомалар тиісті міндеттемені орындау ретінде мәлімделген жалпы сомадан шегеріледі.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы шарттары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені мемлекеттік (жергілікті) бюджетке ақша қаражатын аудару жолымен орындауды көздейтін келісімшарттарға қолданылмайды.

      9. Қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер бойынша келісімшарт талаптарына, Кодекстің 132-бабының 5) тармақшасына және 180-бабының 7) тармақшасына сәйкес берілген қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі шығыстар туралы есептің мәліметтеріне сәйкес есепті кезеңде жұмыс бағдарламасында немесе базалық жобалау құжатында көрсетілген сомалардың сәйкестігіне талдау жүргізіледі.

      10. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер бойынша келісімшарт талаптарына, Кодекстің 132-бабының 6) тармақшасына және 180-бабының 8) тармақшасына сәйкес берілген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есептің мәліметтеріне сәйкес есепті кезеңде жұмыс бағдарламасында немесе базалық жобалау құжатында көрсетілген сомалардың сәйкестігіне талдау жүргізіледі.

      11. Осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген және пайыздық қатынаста көрсетілген қаржылық міндеттемелер жоспарлы немесе нақты базалық көрсеткіштің ең үлкен мәнінен (инвестициялар мөлшері, өндіруге арналған шығындар, жылдық жиынтық табыс және т. б.) айқындалады.

      12. Барлау кезеңінде келісімшарттың ең аз жұмыс бағдарламасында немесе жұмыс бағдарламасында көзделген жұмыстың қандай да бір түрі орындалмаған жағдайда, тиісті жұмыс түрінің физикалық көлемі бойынша орындалмаған міндеттеменің құны физикалық көріністегі міндеттеменің жоспарлы көлемінен физикалық көріністегі нақты орындалмаған жұмыстардың үлесіне мөлшерлес тиісті жұмыс түрінің физикалық көлемінің жалпы құнына пропорционалды әдіспен айқындалады.

      13. Келісімшарттық міндеттемелерді орындамауға жол берген жер қойнауын пайдаланушы анықталған кезде мұндай жер қойнауын пайдаланушыға тұрақсыздық айыбын төлеу және (немесе) жол берілген бұзушылықты жою жөніндегі міндеті мен мерзімдері көрсетіле отырып, келісімшарт талаптарының жол берілген бұзушылығы туралы хабарлама жіберіледі.

      14. Кодекстің 133-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есепті жыл ішінде келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелер отыз пайыздан кем орындалған жағдайда, келісімшарт талаптарының жол берілген бұзушылығы туралы хабарламалар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 (бірінші) сәуіріне дейінгі мерзімде жіберілуге жатады.

      Мониторинг нәтижелері бойынша анықталған осы Қағидалардың 18, 21, 25 және 28-тармақтарында көзделген міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламалар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 (бірінші) қыркүйегіне дейінгі мерзімде жіберіледі.

      15. Оларға қатысты келісімшарттық міндеттемелердің анықталған бұзушылықтарын жою туралы хабарламалар жіберілген жер қойнауын пайдаланушылар бойынша тиісті хабарламада көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін оларды жою мониторингі жүргізіледі.

      16. Осы тарауда көзделген хабарламалар, хабарлар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17012 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларына сәйкес жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы жіберіледі және беріледі.

      17. Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы жіберілетін хабарлама жер қойнауын пайдаланушыға хабарлама жеткізілген күні алынды деп есептеледі.

2-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және көмірсутектерді барлауға және өндіруге, өндіруге немесе уран өндіруге арналған үлгілік келісімшарттарға сәйкес келмейтін келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу тәртібі

      18. Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және көмірсутектерді барлауға және өндіруге, өндіруге немесе уран өндіруге арналған үлгілік келісімшарттарға сәйкес келмейтін келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерді орындауы тұрғысынан есептерге талдау жүргізіледі:

      1) жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес келісімшарт бойынша жалпы қаржылық міндеттемелер.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін келісімшарт бойынша жалпы қаржылық міндеттемелер деп "Көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінiң 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17036 болып тіркелген) бұйрығына 5-қосымшада белгіленген лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есеп нысанының 500-жолында жер қойнауын пайдаланушы көрсеткен көрсеткіштер түсініледі. Келісімшарт талаптары бойынша міндеттемелердің жекелеген түрі болып табылмайтын салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі көрсеткіштер жалпы қаржылық міндеттемелерге кірмейді;

      2) егер келісімшарт бойынша барлау жөніндегі операциялар жүргізілсе, жұмыс бағдарламасында және келісімшарт талаптарында көзделген барлау жұмыстарының физикалық көлемі бойынша міндеттемелер;

      3) егер келісімшарт бойынша өндіру жөніндегі операциялар жүргізілсе, жұмыс бағдарламасында және келісімшарт талаптарында көзделген өндіру жөніндегі жұмыстардың физикалық көлемі бойынша міндеттемелер;

      4) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер;

      5) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер;

      6) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер;

      7) келісімшарт талаптарында көзделген инвестициялық және (немесе) өзге де міндеттемелер;

      8) кадрлардағы елішілік құндылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;

      9) тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер.

      19. Есепті кезеңнің келісімшарттық міндеттемелерін орындау жөніндегі деректер алдыңғы кезеңдердің орындалмаған көлеміне қатысты міндеттемелердің болуы тұрғысынан алдыңғы кезеңдердің келісімшарттық міндеттемелерін орындау жөніндегі деректермен салыстырылады. Есепті кезеңде орындалған өтпелі міндеттемелер анықталған кезде бұл көлемдер (сомалар) ағымдағы есепті кезеңнің деректерінен алып тасталады.

      20. Орындалу мониторингі жұмыс бағдарламасы және (немесе) келісімшарт бойынша қаржылық міндеттемелердің жалпы көлемінің орындалуына қарамастан, осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген міндеттемелердің әрбір түрі бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың күрделі жобалар бойынша келісімшарттарды қоса алғанда, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келетін барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша барлау кезеңінде міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу тәртібі

      21. Үлгілік келісімшартқа сәйкес келетін барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерді орындауы тұрғысынан есептерге талдау жүргізіледі:

      1) барлау кезеңінде келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген жұмыстардың физикалық көлемі бойынша міндеттемелер;

      2) кадрлардағы елішілік құндылықты қамтамасыз ету бойынша;

      3) тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықты қамтамасыз ету бойынша;

      4) келісімшарт талаптарында көзделген инвестициялық және (немесе) өзге де міндеттемелер.

      22. Жұмыс бағдарламасында тиісті жылы орындалатын жұмыстардың физикалық көлемі бойынша міндеттемелер бойынша жыл сайынғы көрсеткіштер болған кезде есепті кезеңге жататын жұмыстардың физикалық көлемдерінің нақты орындалуына талдау жүргізіледі. Бұл ретте нақты орындалған (аяқталған) жұмыстар ғана орындалды деп танылады.

      23. Жұмыс бағдарламасында жұмыстардың физикалық көлемі бойынша жыл сайынғы міндеттемелер болмаған кезде талдау осындай міндеттеме орындалуға жататын тиісті барлау кезеңіне (барлаудың бастапқы кезеңі, бағалау үшін барлау кезеңі, сынамалық пайдалану үшін барлау кезеңі) жүргізіледі.

      24. Жұмыс бағдарламасында жүргізілетін жұмыстың физикалық көлемінің сипаттамаларына қатысты талаптар болған кезде нақты орындалған жұмыстың физикалық көлемінің көрсетілген талаптарға сәйкестігіне де талдау жүргізіледі. Егер қандай да бір жұмыс түрі жұмыс бағдарламасының шарттарына сәйкес келмесе, тиісті міндеттеме орындалмаған болып есептеледі.

4-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттарға, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттарға сәйкес келетін күрделі жобаларды қоса алғанда, барлауға және өндіруге, өндіруге арналған келісімшарттар бойынша өндіру кезеңінде міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу тәртібі

      25. Күрделі жобаларды қоса алғанда, үлгілік келісімшартқа сәйкес келетін өндіру кезеңінде барлауға және өндіруге, өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерді орындауы тұрғысынан есептерге талдау жүргізіледі:

      1) кен орнын игеру жобасында (игеруді талдауда) көзделген жұмыстардың физикалық көлемі бойынша міндеттемелер;

      2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер;

      3) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер;

      4) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді;

      5) келісімшарт талаптарында көзделген инвестициялық және (немесе) өзге де міндеттемелер;

      6) кадрлардағы елішілік құндылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;

      7) тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген міндеттемелерді талдау орындалған жұмыстардың физикалық көлемін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17131 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда (бұдан әрі – Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану қағидалары) көзделген рұқсат етілген ауытқуларды ескере отырып, келісімшарт бойынша өндіру жүзеге асырылатын жобалау құжатының (игеру жобасы, игеруді талдау) тиісті көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

      27. Жұмыстардың физикалық көлемі бойынша міндеттемелерді орындамаған кезде жобалық көрсеткіштерді сақтамағаны үшін (пайдалану ұңғымаларын енгізу, көмірсутектерді өндіру көлемі) әрбір орындалмаған көрсеткіш бойынша бөлек тұрақсыздық айыбы салынады.

      Жер қойнауын пайдаланушы бірнеше кен орындарында көмірсутектер өндіруді жүзеге асырған кезде жұмыстардың физикалық көлемі бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг әрбір кен орны бойынша жеке жүргізіледі.

5-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келетін уран өндіруге арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу тәртібі

      28. Уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келетін уран өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерді орындауы тұрғысынан есептерге талдау жүргізіледі:

      1) уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында, уран кен орнын игеру жобасында, уран кен орнын игеруді талдауда көзделген жұмыстардың физикалық көлемі бойынша міндеттемелер;

      2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер;

      3) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелер;

      4) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді;

      5) келісімшарт талаптарында көзделген инвестициялық және (немесе) өзге де міндеттемелер;

      6) кадрлардағы елішілік құндылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер;

      7) тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер.

      29. Осы Қағидалардың 28-тармағының 1) тармақшасында көзделген міндеттемелерді талдау орындалған жұмыстардың физикалық көлемін Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану қағидаларында көзделген рұқсат етілген ауытқуларды ескере отырып, келісімшарт бойынша өндіру жүзеге асырылатын жобалау құжатының (уран өндірудің тәжірибелік-өнеркәсіптік жобасы, уран кен орнын игеру жобасы, уран кен орнын игеруді талдау) тиісті көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

      30. Жұмыстардың физикалық көлемі орындалмаған кезде жобалық көрсеткіштерді сақтамағаны үшін (пайдалану ұңғымаларын іске қосу, уран өндіру көлемі) әрбір орындалмаған көрсеткіш бойынша бөлек тұрақсыздық айыбы салынады.

      Жер қойнауын пайдаланушы бірнеше кен орындарында уран өндіруді жүзеге асырған кезде жұмыстардың физикалық көлемінің орындалуына мониторинг әрбір кен орны бойынша жеке жүргізіледі.

6-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін түзету

      31. Жер қойнауын пайдаланушылар белгіленген мерзімде ұсынған есептерді түзетуге жер қойнауын пайдаланушының бастамасы бойынша осындай түзетудің қажеттілігін негіздейтін растайтын құжаттар болған кезде не мониторинг аяқталғаннан кейін жол беріледі.

      32. Мониторинг нәтижелері бойынша хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы келіспеу себептерін негіздей отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құзыретті органға жазбаша қарсылықтар жібереді. Көрсетілген қарсылықтар хабарламаны алған күннен бастап 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде жіберіледі.

      33. Жер қойнауын пайдаланушының қарсылықтары оларды қарау нәтижелері бойынша негізді деп танылған кезде, егер тиісті көрсеткіштер есептілікте көрсетілмеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы есепті түзету қажеттігі туралы 10 (он) жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

      34. Мониторинг нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы туралы анық емес мәліметтерді ұсынуы анықталған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға бұрын ұсынылған есептілікті 10 (он) жұмыс күні ішінде түзету қажеттігі туралы хабарлайды. Жер қойнауын пайдаланушы мұндай өзгерістерді енгізбеген кезде құзыретті орган келісімшарттық міндеттемелердің бұзущылық туралы хабарлама жібереді.

О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 160 "Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 31 июля 2024 года № 271. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2024 года № 34869

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. пункт 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 160 "Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16948) следующее изменение:

      Правила мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту недропользования Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
А. Саткалиев

  Приложение к приказу
Министр энергетики
Республики Казахстан
от 31 июля 2024 года № 271
  Утверждены приказом
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 5 мая 2018 года № 160

Правила мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на недропользование (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 66 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и определяют порядок мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту на разведку и добычу или добычу углеводородов, а также добычу урана (далее – контракт).

      2. Мониторинг выполнения недропользователями обязательств по контракту (далее – мониторинг) осуществляется компетентным органом посредством анализа отчетов, представляемых недропользователями в соответствии с подпунктами 2)7) статьи 132, подпунктами 3)11) статьи 180 Кодекса, данных космического мониторинга, содержащих признаки нарушений законодательства Республики Казахстан и сведений, полученных из иных источников в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      3. Анализ отчетов, предоставленных недропользователем осуществляется компетентным органом в течение 6 (шести) календарных месяцев со дня предоставления недропользователем отчетов по итогам года, а также в течение 30 (тридцати) рабочих дней со дня предоставления недропользователем отчетов по итогам квартала, в котором истек контракт.

      Течение срока проведения анализа отчетов приостанавливается на период направления запроса компетентного органа и получения ответа от недропользователя, указанных в пункте 5 настоящих Правил.

      4. По результатам анализа отчетов ответственным структурным подразделением формируется отчет о его результатах, в котором указываются следующие сведения:

      1) количество недропользователей, подлежащих мониторингу;

      2) сведения о недропользователях, предоставивших и не предоставивших отчетность в установленный срок;

      3) сведения о недропользователях, по которым выявлены нарушения контрактных обязательств.

      5. При предоставлении недропользователем неполных сведений в отчетности, а также при наличии информации, отличающейся от представленных недропользователем сведений, срок проведения мониторинга, предусмотренного в пункте 2 настоящих Правил, приостанавливается для запроса дополнительных сведений. Срок предоставления дополнительных сведений составляет 10 (десять) рабочих дней с даты получения запроса компетентного органа.

      По итогам запроса при подтверждении несоответствия сведений, указанных в отчете, фактическим данным, отчет подлежит корректировке в порядке, предусмотренном главой 6 настоящих Правил.

      При выявлении по итогам запроса дополнительных сведений факта нарушения контрактных обязательств компетентный орган направляет соответствующее уведомление, предусмотренное пунктом 14 настоящих Правил в срок не позднее 10 (десяти) рабочих дней со дня получения сведений по запросу.

      6. При непредоставлении недропользователем отчетности по выполнению обязательств по контракту, а равно при не заполнении недропользователем сведений об исполнении какого-либо из видов обязательств, соответствующее обязательство недропользователя для целей мониторинга учитывается как неисполненное.

      Направление уведомления о допущенном нарушении условий контракта на недропользование в соответствии с пунктом 13 настоящих Правил не препятствует предоставлению отчетности после истечения установленного срока.

      7. По обязательствам по выполнению физического объема работ исполненными признаются только фактически выполненные (завершенные) работы, подтвержденные актами выполненных работ, счетами-фактурами и платежными поручениями.

      В целях проведения мониторинга под физическим объемом работ понимаются геофизические работы, работы по бурению, объемы добычи углеводородов или урана.

      8. По обязательствам по финансированию социально-экономического развития региона и развития его инфраструктуры, указанным в процентном выражении, проводится анализ на предмет полноты их исполнения, с учетом показателей, указанных в рабочей программе или базовом проектном документе за отчетный период в соответствии с условиями контракта.

      По обязательствам по финансированию социально-экономического развития региона и развития его инфраструктуры, указанным в твердом денежном выражении, проводится анализ на предмет полноты их исполнения, согласно закрепленным в контракте обязательствам за отчетный период в соответствии с условиями контракта.

      По обязательствам по финансированию социально-экономического развития региона и развития его инфраструктуры учитываются:

      1) деньги, перечисленные на указанные цели в местный бюджет;

      2) расходы на развитие и поддержание объектов социальной инфраструктуры региона, поддержку субъектов социального предпринимательства, если по указанным расходам предоставлены подтверждающие сведения (дата и номер платежного документа, описание расходов, сведения о получателе поддержки и иные сведения, подтверждающие, что расходы носят целевой характер). В случае отсутствия указанных сведений по заявленным расходам, такие суммы вычитаются из общей суммы, заявленной в качестве исполнения соответствующего обязательства.

      Подпункт 2) части третьей настоящего пункта не применяется к контрактам, условия которых предусматривают исполнение обязательства по финансированию социально-экономического развития региона и развития его инфраструктуры путем перечисления денежных средств в государственный (местный) бюджет.

      9. По обязательствам по финансированию обучения казахстанских кадров проводится анализ на соответствие сумм, указанных в рабочей программе или базовом проектном документе, за отчетный период в соответствии с условиями контракта, сведениям отчета о расходах по финансированию обучения казахстанских кадров, предоставленному согласно подпункту 5) статьи 132 и подпункту 7) статьи 180 Кодекса.

      10. По обязательствам по финансированию научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ проводится анализ на соответствие сумм, указанных в рабочей программе или базовом проектном документе, за отчетный период в соответствии с условиями контракта, сведениям отчета о расходах на научно-исследовательские, научно-технические и опытно-конструкторские работы, предоставленному согласно подпункту 6) статьи 132 и подпункту 8) статьи 180 Кодекса.

      11. Финансовые обязательства, предусмотренные пунктами 8, 9 и 10 настоящих Правил и выраженные в процентном отношении, определяется от наибольшего значения планового или фактического базового показателя (размер инвестиций, затраты на добычу, совокупный годовой доход и т.д.).

      12. При неисполнении какого-либо вида работ, предусмотренного минимальной программой работ контракта в период разведки или рабочей программой, стоимость неисполненного обязательства по физическому объему соответствующего вида работ определяется пропорциональным методом от общей стоимости физического объема соответствующего вида работ соразмерно доле фактически невыполненных работ в физическом выражении от планового объема обязательства в физическом выражении.

      13. При выявлении недропользователя, допустившего неисполнение контрактных обязательств, такому недропользователю направляется уведомление о допущенном нарушении условий контракта с указанием обязанности и сроков по уплате неустойки и (или) устранению допущенного нарушения.

      14. Уведомления о допущенном нарушении условий контракта в случае выполнения финансовых обязательств, установленных контрактом, менее чем на тридцать процентов за отчетный год согласно подпункту 1) пункта 2 статьи 133 Кодекса, подлежат направлению в срок до 1 (первого) апреля года, следующего за отчетным периодом.

      Уведомления о невыполнении обязательств, предусмотренных пунктами 18, 21, 25 и 28 настоящих Правил, выявленных по результатам мониторинга, направляются в срок до 1 (первого) сентября года, следующего за отчетным периодом.

      15. По недропользователям, в отношении которых были направлены уведомления об устранении выявленного нарушения контрактных обязательств, проводится мониторинг их устранения по истечению сроков, указанных в соответствующем уведомлении.

      16. Уведомления, сообщения и предложения, предусмотренные настоящей главой, направляются и подаются посредством единой государственной системы управления недропользованием в соответствии с Правилами извещения с использованием информационных систем", утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 170 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17012).

      17. Уведомление, направляемое посредством единой государственной системы управления недропользованием, считается полученным в дату, когда уведомление было доставлено недропользователю.

Глава 2. Порядок мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контрактам, заключенным до введения в действие Кодекса и не соответствующим типовым контрактам на разведку и добычу, добычу углеводородов или добычу урана

      18. По контрактам, заключенным до введения в действие Кодекса и не соответствующим типовым контрактам на разведку и добычу, добычу углеводородов или добычу урана, проводится анализ отчетов на предмет выполнения недропользователем следующих обязательств:

      1) общих финансовых обязательств по контракту в соответствии с условиями рабочей программы.

      Для целей настоящего подпункта под общими финансовыми обязательствами по контракту понимаются показатели, отраженные недропользователем в строке 500 формы отчета об исполнении лицензионно-контрактных условий, установленных приложением 5 к приказу Министра энергетики Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 203 "Об утверждении форм отчетов при проведении разведки и добычи углеводородов, осуществлении операций в сфере добычи и оборота нефти и (или) сырого газа, урана, проведении опытно-промышленной добычи и добычи урана и Правил их представления" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17036). К общим финансовым обязательствам не относятся показатели по уплате налогов и других обязательных платежей в бюджет, которые не являются отдельным видом обязательств по условиям контракта;

      2) обязательств по физическому объему разведочных работ, предусмотренных рабочей программой и условиями контракта, если по контракту проводятся операции по разведке;

      3) обязательств по физическому объему работ по добыче, предусмотренных рабочей программой и условиями контракта, если по контракту проводятся операции по добыче;

      4) обязательств по финансированию социально-экономического развития региона и развития его инфраструктуры;

      5) обязательств по финансированию обучения казахстанских кадров;

      6) обязательств по финансированию научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ;

      7) инвестиционных и (или) иных обязательств, предусмотренных условиями контракта;

      8) обязательств по обеспечению внутристрановой ценности в кадрах;

      9) обязательств по обеспечению внутристрановой ценности в товарах, работах и услугах.

      19. Данные по исполнению контрактных обязательств отчетного периода сопоставляются с данными по исполнению контрактных обязательств предыдущих периодов на предмет наличия обязательств, относящихся к неисполненному объему предыдущих периодов. При выявлении переходящих обязательств, исполненных в отчетном периоде, эти объемы (суммы) исключаются из данных текущего отчетного периода.

      20. Мониторинг исполнения осуществляется по каждому виду обязательств, предусмотренных пунктом 18 настоящих Правил, независимо от выполнения общего объема финансовых обязательств по рабочей программе и (или) контракту.

Глава 3. Порядок мониторинга выполнения недропользователями обязательств в период разведки по контрактам на разведку и добычу, соответствующим типовому контракту на разведку и добычу углеводородов, включая контракты по сложным проектам

      21. По контрактам на разведку и добычу, соответствующим типовому контракту, в период разведки проводится анализ отчетов, на предмет выполнения недропользователем следующих обязательств:

      1) обязательств по физическому объему работ, предусмотренных программой работ контракта в период разведки;

      2) по обеспечению внутристрановой ценности в кадрах;

      3) по обеспечению внутристрановой ценности в товарах, работах и услугах;

      4) инвестиционных и (или) иных обязательств, предусмотренных условиями контракта.

      22. При наличии в программе работ ежегодных показателей по обязательствам по физическому объему работ, которые выполняются в соответствующем году, проводится анализ фактического выполнения физических объемов работ, относящихся к отчетному периоду. При этом исполненными признаются только фактически выполненные (завершенные) работы.

      23. При отсутствии в программе работ ежегодных обязательств по физическому объему работ, анализ проводится за соответствующий период разведки (первоначальный этап разведки, период разведки для оценки, период разведки для пробной эксплуатации), в течение которого подлежат исполнению такие обязательства.

      24. При наличии в программе работ требования в отношении характеристик проводимых физических объемов работ, также проводится анализ на соответствие фактически выполненных физических объемов работ указанным требованиям. В случае если какой-либо вид работ не соответствует условиям программы работ, соответствующее обязательство считается неисполненным.

Глава 4. Порядок мониторинга выполнения недропользователями обязательств в период добычи по контрактам на разведку и добычу, на добычу, соответствующим типовым контрактам на разведку и добычу углеводородов, контрактам на добычу углеводородов, включая контракты по сложным проектам

      25. По контрактам на разведку и добычу в период добычи, контрактам на добычу, соответствующим типовому контракту, включая по сложным проектам, проводится анализ отчетов на предмет выполнения недропользователем следующих обязательств:

      1) обязательств по физическому объему работ, предусмотренному проектом разработки (анализом разработки) месторождения;

      2) обязательств по финансированию социально-экономического развития региона и развития его инфраструктуры;

      3) обязательств по финансированию обучения казахстанских кадров;

      4) обязательств по финансированию научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ;

      5) инвестиционных и (или) иных обязательств, предусмотренных условиями контракта;

      6) обязательств по обеспечению внутристрановой ценности в кадрах;

      7) обязательств по обеспечению внутристрановой ценности в товарах, работах и услугах.

      26. Анализ обязательств, предусмотренных подпунктом 1) пункта 25 настоящих Правил, осуществляется путем сопоставления выполненного физического объема работ с соответствующими показателями проектного документа (проекта разработки, анализа разработки), на основании которого осуществляется добыча по контракту с учетом допустимых отклонений, предусмотренных Едиными правилами по рациональному и комплексному использованию недр, утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 15 июня 2018 года № 239 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 17131) (далее – Правила по рациональному и комплексному использованию недр).

      27. При невыполнении обязательств по физическому объему работ, выставляется неустойка за несоблюдение проектных показателей по каждому невыполненному показателю в отдельности (ввод эксплуатационных скважин, объем добычи углеводородов).

      При осуществлении недропользователем добычи углеводородов на нескольких месторождениях, мониторинг выполнения обязательств по физическому объему работ проводится по каждому месторождению отдельно.

Глава 5. Порядок мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контрактам на добычу урана, соответствующим типовому контракту на добычу урана

      28. По контрактам на добычу урана, соответствующим типовому контракту на добычу урана, проводится анализ отчетов на предмет выполнения недропользователем следующих обязательств:

      1) обязательств по физическому объему работ, предусмотренному проектом опытно-промышленной добычи урана, проектом разработки месторождения урана, анализом разработки месторождения урана;

      2) обязательств по финансированию социально-экономического развития региона и развития его инфраструктуры;

      3) обязательств по финансированию обучения казахстанских кадров;

      4) обязательств по финансированию научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ;

      5) инвестиционных и (или) иных обязательств, предусмотренных условиями контракта;

      6) обязательств по обеспечению внутристрановой ценности в кадрах;

      7) обязательств по обеспечению внутристрановой ценности в товарах, работах и услугах.

      29. Анализ обязательств, предусмотренных подпунктом 1) пункта 28 настоящих Правил, осуществляется путем сопоставления выполненного физического объема работ с соответствующими показателями проектного документа (проект опытно-промышленной добычи урана, проект разработки месторождения урана, анализ разработки месторождения урана), на основании которого осуществляется добыча по контракту с учетом допустимых отклонений, предусмотренных Правилами по рациональному и комплексному использованию недр.

      30. При невыполнении физического объема работ, выставляется неустойка за несоблюдение проектных показателей по каждому невыполненному показателю в отдельности (ввод эксплуатационных скважин, объем добычи урана).

      При осуществлении недропользователем добычи урана на нескольких месторождениях, мониторинг выполнения физического объема работ проводится по каждому месторождению отдельно.

Глава 6. Корректировка отчетов недропользователей

      31. Корректировка отчетов, предоставленных недропользователями в установленный срок, допускается по инициативе недропользователя при наличии подтверждающих документов, обосновывающих необходимость такой корректировки, либо после завершения мониторинга.

      32. При несогласии с нарушениями, указанными в уведомлении по результатам мониторинга, недропользователь направляет в компетентный орган письменные возражения с обоснованием причин несогласия и приложением подтверждающих документов. Указанные возражения направляются в срок не более 30 (тридцати) дней с даты получения уведомления.

      33. При признании возражений недропользователя обоснованными по результатам их рассмотрения, недропользователь уведомляется о необходимости корректировки отчета в течении 10 (десяти) рабочих дней в случае, если соответствующие показатели не были отражены в отчетности.

      34. При выявлении по результатам мониторинга предоставления недропользователем недостоверных сведений об исполнении им контрактных обязательств, компетентный орган уведомляет недропользователя о необходимости в течении 10 (десяти) рабочих дней скорректировать ранее представленную отчетность. При невнесении недропользователем таких изменений, компетентный орган направляет уведомление о нарушении контрактных обязательств.