"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 11-1-4/184 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 26 шілдедегі № 11-1-4/383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 тамызда № 34878 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі №11-1-4/184 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 сәуірде № 34291 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
Р. Василенко

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер - Министра - Министра иностранных дел Республики Казахстан от 19 апреля 2024 года № 11-1-4/184 "Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства иностранных дел Республики Казахстан"

Приказ и.о. Министра иностранных дел Республики Казахстан от 26 июля 2024 года № 11-1-4/383. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 августа 2024 года № 34878

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. В приказ Заместителя Премьер - Министра - Министра иностранных дел Республики Казахстан от 19 апреля 2024 года №11-1-4/184 "Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства иностранных дел Республики Казахстан" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2024 года № 34291) внести следующее изменение:

      в Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства иностранных дел Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:

      подпункт 3) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3) система видеонаблюдения – совокупность камер видеонаблюдения, линий передачи данных, программных и технических средств и хранения видеозаписей, а также программных и (или) технических средств управления, осуществляющих информационный обмен между собой;".

      2. Департаменту обеспечения и документооборота Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений о выполнении мероприятий, предусмотренных в подпунктах 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
Р. Василенко

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан