БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі №11-1-4/184 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 сәуірде № 34291 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
Р. Василенко |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі