БҰЙЫРАМЫН:
1. "Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 8181 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығында:
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Орман орналастыру материалдары бойынша орман орналастыру ұйымы орман иеленушілер үшін орман орналастыру жобасын құрады, ол орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітілгеннен кейін орман пайдалануды жүргізуге, қазіргі және болашақтағы пайдалануды жоспарлау мен болжауға, орман шаруашылығы мәселелерін шешуге арналған негізгі ұйымдық-шаруашылық құжат болып табылады.
Орман шаруашылығын жүргізуді регламенттейтін жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу кезінде (Қазақстан Республикасының Орман кодексі 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңы, "Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 тамызда № 11894 болып тіркелген), "Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қаңтарда № 10119 тіркелген), "Ормандардағы санитариялық қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 18-02/1003 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 желтоқсанда № 12394 болып тіркелген), "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 11995 болып тіркелген), уәкілетті органның тапсырмасымен орман орналастыру мекемесі бір ай ішінде орман орналастыру жобасына түзетулер енгізеді, ол қолданысқа енгізу жөніндегі барлық рәсімдер сақтала отырып, тапсырыс берушіге беріледі.";
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Орман шаруашылығын жүргізуді жүзеге асыратын тұрақты жер пайдалануындағы мемлекеттік орман иеленушілердің мемлекеттік орман қорының (бұдан әрі – МОҚ) жерлері және басқа санаттағы жерлерде табиғи шыққан екпелер орман орналастыру объектісі болып табылады.";
18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тексеру кезеңі далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады және бірінші орман орналастыру кеңесінің ұсынысы бойынша белгіленетін кезеңге (10, 15, 20, 25 жыл) жалғасады. Тексеру кезеңі Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде орман иеленуші алаңының едәуір ұлғаюы немесе азаюы, орман қоры құрылымындағы өзгерістерге әкеп соққан өрттердің, дауылдардың және басқа да табиғи апаттардың әсерінен өзгерістер болған жағдайларда, орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органның шешімі бойынша Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 1-қосымшаның 2-кестесі шегінде түзетіледі.";
28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Орман иеленушілерінің мамандары орман орналастыру жұмысының сапасын тұрақты қадағалайды, ай сайын Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 2-3 – қосымшаларға сәйкес көрсетілген қызметтердің актісін және нысандар бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актісін құрастырады және атқарылған жұмысты қабылдайды.
Орман орналастыру жұмыстарын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыратын орман иеленушілер, орман иеленушілер жүргізетін басты пайдалану, аралық пайдалану, өзге де кесу, ормандарды молықтыру, өртке қарсы және орман қорғау іс-шараларын жүргізу бөлігінде орман шаруашылығы іс-шараларын тағайындаудың дұрыстығына бірдей дәрежеде жауапты болады.";
Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 1-қосымшадағы 13-кесте осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 203 Бұйрыққа қосымша |
|
Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығына 1-қосымшаға |
|
13-кесте |
Орман мекемелері бойынша жасалған орман орналастыру материалдарының тізбесі:
1. Өкілетті органның қарамағындағы мекемелер бойынша
№ | Материал түрі |
Барлығы | Материалдар тапсырылады, саны | ||||
өкілетті органға |
облыстық | орман иеленушісіне | орманшылыққа |
орман | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Орман орналастыру жобасы: | ||||||
1 Том | |||||||
Түсіндірме жазба | |||||||
а) орман мекемелері бойынша | 2 | 1 | - | 1 және PDF | |||
б) орманшылықтар үшін | әр орманшылыққа | - | - | - | - | ||
2 | Том 2 | 2 | - | 1 | - | 1 және PDF | |
1 Кітап | |||||||
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің сипаттамасы | |||||||
Орман мекемелері бойынша және орманшылықтар шегінде жиынтық деректер | |||||||
2 Кітап | 2 | - | 1 | - | 1 және PDF | ||
Алдағы тексеру кезеңіне арналған орман шаруашылық шаралар | |||||||
Орман мекемелері бойынша және орманшылықтар шегінде жиынтық деректер | |||||||
3 | Том 3 | 3 | - | 1 | 1 | 1 және PDF | |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің таксациялық сипаттамасы | |||||||
4 | Том 4 | әр орманшылыққа | - | - | - | 1 | |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің сипаттамасы және орманшылық бойынша жобаланатын орман шаруашылығы іс-шаралары | |||||||
5 | Планшеттер | 2 | - | - | 1 | 1 | электрондық нұсқа |
6 | Орманшылықтар бойынша алқаағаштардың пландары, боялған: | 3 | - | JPEG | 1 | 1 | 1 |
а) тұқымдылар бойынша | |||||||
б) шаруашылық шаралар бойынша | 2 | - | - | 1 | 1 | - | |
в) мастерлік учаскелер бойынша | әр мастерлік учаскеге | - | - | - | 1 | - | |
г) орман айналымдары бойынша | әр орман айналымына | - | - | - | 1 | - | |
7 | Алқаағаштардың боялмаған пландары | 4 | - | - | 2 | 2 | - |
8 | Орман мекемелерінің карта-схемалары: | 1 және электрондық нұсқа | |||||
а) тұқымдылар бойынша боялған | 2 | - | 1 | 1 | - | - | |
б) аумақты өртке қарсы орналас-тырылу бойынша | 2 | - | 1 | 1 | - | - | |
в) боялмаған | 8 | - | 2 | 6 | - | - |
Ескерту: PDF, JPEG – электрондық форматтағы құжат.
2. коммуналдық меншігіндегі орман мекемелері бойынша
№ | Материал түрі | Барлығы дайындалатыны, дана: | Материалдар тапсырылады, саны | |||||
өкілетті органға | облыстық аумақтық органға | әкімдіктің орман басқармасына | орман иеленушісіне | орманшылыққа | орман орналастыру ұйымына | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Орман орналастыру жобасы: | |||||||
1 Том | ||||||||
Түсіндірме жазба | ||||||||
а) орман мекемесі бойынша | 2 | 1 | - | 1 | ||||
б) орманшылық үшін | әр орманшылыққа | - | - | - | - | - | ||
2 | 2 Том | 2 | - | - | 1 | - | 1 | |
1 Кітап | ||||||||
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің сипаттамасы | ||||||||
Орман мекемелері бойынша және орманшылықтар шегінде жиынтық деректер | ||||||||
2 Кітап | 2 | - | - | 1 | - | 1 | ||
Алдағы тексеру кезеңіне арналған орман шаруашылық шаралар | ||||||||
Орман мекемелері бойынша және орманшылықтар шегінде жиынтық деректер | ||||||||
3 | 3 Том | 3 | - | 1 | 1 | 1 | ||
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің таксациялық сипаттамасы | ||||||||
4 | 4 Том | әр орманшылыққа | - | - | - | - | 1 | - |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінің сипаттамасы және орманшылық бойынша жобаланатын орман шаруашылығы іс-шаралары | ||||||||
5 | Планшеттер | 2 | - | - | - | 1 | 1 | электрондық нұсқа |
6 | Орманшылықтар бойынша алқаағаштардың пландары, боялған: | 3 | - | JPEG | JPEG | 1 | 1 | 1 |
а) тұқымдылар бойынша | ||||||||
б) шаруашылық шаралар бойынша | 4 | - | 1 | 1 | 1 | 1 | - | |
в) мастерлік учаскелер бойынша | әр мастерлік учаскеге | - | - | - | - | 1 | - | |
г) орман айналымдары бойынша | әр орман айналымына | - | - | - | - | 1 | - | |
7 | Алқаағаштардың боялмаған пландары | 4 | - | - | JPEG | 2 | 2 | - |
8 | Орман мекемелерінің карта-схемалары: | 2 | - | JPEG | JPEG | 1 | - | 1 және электрондық нұсқа |
а) тұқымдылар бойынша боялған | ||||||||
б) аумақты өртке қарсы орналас-тырылу бойынша | 1 | - | JPEG | JPEG | 1 | - | - | |
в) боялмаған | 6 | - | - | JPEG | 6 | - | - | |
9 | Облыс (өңір)бойынша орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі қағидалары | - | ||||||
10 | Облыс бойынша жиынтық орман орналастыру жобасы: | |||||||
1) түсіндірме жазба | 2 | 1 және PDF | - | - | 1 және электрондық нұсқа | |||
2) облыс ормандарының тұқымдары бойынша боялған картасы | 4 | 1 және JPEG | 1 | 1 | - | - | 1 | |
3) МОҚ санаттары бойынша боялған облыс ормандарының картасы | 4 | 1 және JPEG | 1 | 1 | - | - | 1 |
Ескерту: PDF, JPEG – электрондық форматтағы құжат.