БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
осы бұйрықпен бекітілетін қоса беріліп отырған кейбір бұйрықтар тізбесінің 1-тармағының бесінші абзацы, 3-тармағының төртінші абзацы, 4-тармағының төртінші абзацы:
"4) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеуді жүзеге асыратын салық агенттері." деген редакцияда;
осы бұйрықпен бекітілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 2-тармағының жетінші абзацы:
"6) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеуді жүзеге асыратын салық агенттері." деген редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
|
С. Жакупова
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялық
және аэроғарыштық
өнеркәсіп министрлігі
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 389 Бұйрықпен бекітілген/ |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32881 болып тіркелген) мынадай өгерістермен мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларында:
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлейтін, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық жасақтамалар, интернет-ресурс және екінші деңгейлі банктердің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кодекстің 113-бабына сәйкес әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамдар Қорға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен, 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал, "Электрондық еңбек биржасы" порталы, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері арқылы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішпен:
жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде жеке басын куәландыратын құжатпен, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен (сәйкестендіру үшін) (қандас мәртебесі бар адам әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш білдірген жағдайда қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен (сәйкестендіру үшін)) Мемлекеттік корпорацияға;
адамды жұмыссыз ретінде тіркеу және "бір өтініш" қағидаты бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасау кезінде мансап орталығына;
жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда порталға;
көрсетілген порталда жұмыссыз ретінде тіркелген кезде ЭЕБ порталға.
жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінеді.
Проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем тағайындау кезінде өтініш беру талап етілмейді.";
8-тармақтың 7) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақпен көзделген негіздер болмаған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көзделген құжаттардың қабылданғаны туралы немесе электрондық қолхат (өтініш берушінің сұрауы бойынша қолхат қағаз нысанында) беріледі.";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Өтініш беруші екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері арқылы әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш берген кезде өтініш беруші өтінішті автоматтандырылған режимде қалыптастыруға бастамашылық жасайды, ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш бланкісінде көзделген міндеттемелер мен шарттар туралы хабардар етіледі, сондай-ақ электрондық өтінішке қол қойылғанға дейін танысу үшін екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектісінің мобильді қосымшасында осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е-макет" ААЖ-ға қалыптастырылған келіп түскен әлеуметтік аударымдар туралы хабарлама алады.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген мәліметтерді, екінші деңгейлі банктердің ақпараттандыру объектісі сұрау салу арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мәліметтерді алғаннан кейін екінші деңгейлі банктердің ақпараттандыру объектісі әлеуметтік төлемді тағайындау, жүзеге асыру, оны тағайындауға проактивті қызмет арқылы өтініш немесе келісім беру фактілерінің жоқтығы туралы, сондай-ақ өтініш берушінің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы мәліметтерді алуға "Е-макет" ААЖ-ға сұрау салуды жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген фактілер болмаған және өтініш берушінің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы мәліметтер алынған кезде өтініш беруші танысатын және оған өз ЭЦҚ-мен қол қоятын мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан алынған мәліметтер негізінде электрондық өтініш қалыптастырылады.
Екінші деңгейлі банктердің ақпараттандыру объектісі "Е-макет" ААЖ-ға электрондық өтініш жіберуге бастамашылық жасайды, ол осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген ұсынылған мәліметтердің толықтығына тексеруден өтеді, тексеру аяқталғаннан кейін "Е-макет" ААЖ-ға әлеуметтік төлемдерді тағайындауға азаматтардың өтініштерін (өтінімдерін) тіркеудің электрондық журналында өтінім автоматты түрде тіркеледі, одан кейін өтініш берушіге екінші деңгейлі банктердің ақпараттандыру объектісінің мобильді қосымшасына әлеуметтік төлемге өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.
"Е-макет" ААЖ-да Қор филиалының әлеуметтік төлемді тағайындау туралы ЭІМ және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес шешім жобасы автоматты түрде қалыптастырылады және ол Қордың филиалына түседі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Әлеуметтік төлемді тағайындау туралы түскен өтініштер, оның ішінде электрондық, өтініштер келіп түскен күні сол жұмыс күні ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш келіп түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні:
Мемлекеттік корпорация, мансап орталығы арқылы жүгінген кезде – осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемді тағайындауға азаматтардың өтініштерін тіркеудің және есепке алудың электрондық журналында;
портал, ЭЕБ порталы, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы әлеуметтік төлем алуға өтініш білдірген кезде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемді тағайындауға азаматтардың өтініштерін (өтінімдерін) тіркеудің электрондық журналында тіркеледі..";
20 және 21 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қордың филиалы Мемлекеттік корпорациядан ЭІМ келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде, сондай-ақ, өтініш беруші портал, ЭЕБ порталы, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері, проактивті қызмет арқылы жүгінген кезде ЭІМ-ін шешімнің жобасын қарайды және әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту үшін негіздер анықталған кезде Қор филиалы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді, ал ЭІМ-да ұялы байланыс абоненттік құрылғысының нөмірі болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы жібереді.
Өтініш берушінің алдын ала шешімге қарсылығын оны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қордың филиалы қабылдайды.
Бұл ретте, егер белгіленген мерзімде өтініш беруші қарсылық білдірмесе және ауызша айтпаса, бұл алдын ала шешімге қарсылықтың болмауына тең болады.
Өтініш беруші алдын ала шешім бойынша қарсылық білдірген немесе ауызша айтқан жағдайда, Қор филиалы өтініш берушіге тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.
АЖ-да ұялы телефон нөмірі болған кезде тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама өтініш берушіге оның ұялы телефонына "Е-макет" ААЖ-дан хабарламаларды Short Message Service (Шорт месседж сервис) (бұдан әрі – sms-хабарлама) беру арқылы жолданады, ал ол болмаған жағдайда - Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы өтініш беруші жеке хабарландырылады.
Өтініш берушінің ауызша нысанда берілген қарсылығы тыңдау хаттамасына енгізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша Қор филиалы әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда Қордың филиалы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.".
21. Қор филиалдарының әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығын тексеруі үшін негіздер болып табылады:
әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық түспеуі;
міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомалары бойынша әлеуметтік аударымдардың төленген сомаларының қызметкердің кірісіне және (немесе) жеке кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын адамның, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалық басшысының кірісіне сәйкес келмеуі;
құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
орналасқан жері мен қызметі әртүрлі өңірлерде (облыс/қала) тіркелген екі және одан да көп төлеушілерден бір кезең үшін әлеуметтік аударымдардың түсуі.
Құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығын тексеру мақсатында Қор филиалы төрт жұмыс күні ішінде, оның ішінде АЖ арқылы мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, төлеушіге, бірыңғай төлем төлеушіге, өтініш берушіге сұрау салулар жібереді.
Қор филиалы әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде өтініш берушіден растайтын құжатты (құжаттарды) сұрату арқылы дара кәсіпкерлерден, шаруа немесе фермер қожалықтарынан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден, жеке практикамен айналысатын адамдардан әлеуметтік аударымдар түскен кірісті алу фактісін тексереді.
Растайтын құжаттарға мыналар жатады:
"Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 219 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14340 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ҰБ Басқармасының қаулысы) талаптарына сәйкес берілген жеке тұлғаның жалақы жобасы бойынша ақша қаражатының қозғалысы бойынша айналымдары бар шоттан үзінді көшірме;
ҚР ҰБ Басқармасы қаулысының талаптарына сәйкес келетін дара кәсіпкердің ақша қаражатының айналымы бар банктік шотынан үзінді көшірме;
"Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) 2 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көзделген шығыс кассалық ордер және (немесе) қызметкердің жалақысын есептеудің төлем ведомосінің көшірмесі.
Бұл ретте, әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылдауда орын алған кідірістер және шешім қабылдау мерзімдерінің ұзартылуы туралы, бірақ ЭІМ тексеруге жіберілген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге, өтініш берушіге Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жазбаша нысанда хабарлайды, ал портал, ЭЕБ порталы, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінген кезде өтініш беруші "Е-макет" ААЖ-мен осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған құжаттарға тексеру жүргізу туралы электрондық хабарлама (бұдан әрі – құжаттарды тексеру туралы хабарлама) жіберу арқылы порталға, ЭЕБ порталына өтініш берушінің "жеке кабинетіне" хабарланады.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қордың филиалынан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні:
өтініш беруші жеке өзі жүгінген кезде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды тексеру туралы хабарлама беру арқылы;
АЖ-да өтініш берушінің ұялы телефонының нөмірі болған кезде ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.
Құжаттарды тексеру туралы sms-хабарламалар осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысанда әлеуметтік төлем бойынша sms-хабарламалар журналында тіркеледі.
Бұл ретте Қор филиалының сұрау салуына мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, төлеушіден, бірыңғай төлемді төлеушілерден, өтініш берушілерден құжаттар және (немесе) мәліметтер берілген кезде Қор филиалы оларды ЭІМ-не қосу үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді, ал мәліметтер мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-і мен "Е –макет" ААЖ интеграциялануы арқылы келіп түскен кезде олар ЭІМ-ге автоматты режимде Мемлекеттік корпорацияның қатысуынсыз тіркеледі.
Мемлекеттік корпорация ЭІМ-ні ұсынылған құжаттармен және (немесе) мәліметтермен олар Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне келіп түскен күннен кейін екі жұмыс күні ішінде толықтырады және оны Қордың филиалына жібереді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Егер әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін ЭІМ-ге қосымша құжаттарды (мәліметтерді) қосу қажеттілігі анықталса, Қор филиалы ЭІМ-ді осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған құжаттарды жете ресімдеу қажеттілігі туралы хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады.
Бұл ретте Қор филиалы:
талап етілетін құжаттың атауын;
әлеуметтік төлем мөлшерін айқындау үшін есептеу кезеңінде кірістерді және (немесе) әлеуметтік аударымдарды және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын растау қажет болған кезде – растауға қажет кезеңдерді (кезеңді);
әлеуметтік төлем мөлшерін айқындау үшін есептеу кезеңінде әлеуметтік аударымдар сәйкес келмеген, оның ішінде олар болмаған және (немесе) оларды қайтару қажеттілігі болған кезде – сәйкестендіруге қажет кезеңдерді (кезеңді) көрсете отырып, қосымша құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация бөлімшесі Қор филиалынан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні:
өтініш беруші жеке өзі жүгінген кезде осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлем тағайындауға арналған құжаттарды жете ресімдеу қажеттілігі туралы хабарламаны тапсыру арқылы;
АЖ-да өтініш берушінің ұялы телефонының нөмірі болған кезде ұялы телефонына sms-хабарлама беру арқылы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жиырма бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Құжаттарды жете ресімдеу туралы sms-хабарламалар осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлем бойынша sms-хабарламалар журналында тіркеледі.
Қосымша құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны алғаннан кейін өтініш берушіде сұрақтар болған кезде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Проактивті қызмет, портал, ЭЕБ порталы, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері арқылы келіп түскен электрондық өтінімдер бойынша ЭІМ-ге қосымша құжаттарды (мәліметтерді) қосу қажет болған кезде Қор филиалы "Е-макет" ААЖ арқылы ЭІМ-ді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайтарады, бұл ретте өтініш берушіге әлеуметтік төлемді тағайындау үшін құжаттарды жете ресімдеу қажеттілігі туралы ұялы телефонына sms-хабарлама, ал порталға, ЭЕБ порталына, екінші деңгейлі банктердің ақпараттандыру объектісінің мобильді қосымшасына өтініш берушінің "жеке кабинетіне" - осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған құжаттарды жете ресімдеу қажеттігі туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне келіп түскен күннен кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған қосымша құжаттармен ЭІМ толықтырады және оны Қордың филиалына жібереді.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Өтініш беруші портал, ЭЕБ порталы, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінген кезде Қор филиалы қабылдаған шешімнің қорытындысы бойынша "Е-макет" ААЖ-да электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама қалыптастырылады, Қор филиалы басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады және порталға, ЭЕБ порталына, екінші деңгейлі банктердің ақпараттандыру объектісінің мобильді қосымшасына өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезінде Кодекстің 118-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген кірістер осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъект қызметіне әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициентін қолдану кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының ай сайынғы кірісі туралы төлеуші беретін анықтаманың негізінде ескеріледі.
Бұл ретте, төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері орташа айлық кіріс мөлшерінің есебінен алып тасталады және орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.
Егер орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың алдындағы айлар (ай) өтініш берушінің төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңіне келсе, онда бұл айлар (ай) осындай төлемдерді алу кезеңі басталардың алдындағы айлармен (аймен) ауыстырылады.
Егер Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаған жағдайда, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір ай үшін табыс нақты айына түскен әлеуметтік аударымдар сомасын Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу жолымен айқындалады.";
көрсетілген Қағидалардың 2 және 3-қосымшалары осы тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді есептеу, мөлшерлерін айқындау, тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32883 болып тіркелген) мынадай:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы.";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына қоса берілсін.";
бұйрықтың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық осы бұйрықпен бекітілген Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларының 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді есептеу, мөлшерлерін айқындау, тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және қайта қарау қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлейтін, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;";
11-тармақтың 5) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақпен көзделген негіздер болмаған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көзделген құжаттардың қабылданғаны туралы немесе электрондық қолхат (өтініш берушінің сұрауы бойынша қолхат қағаз нысанында) беріледі.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезінде Кодекстің 118-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген кірістер осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъект қызметіне әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициентін қолдану кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының ай сайынғы кірісі туралы төлеуші беретін анықтаманың негізінде ескеріледі.
Бұл ретте, төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері орташа айлық кіріс мөлшерінің есебінен алып тасталады және орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.
Егер орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың алдындағы айлар (ай) өтініш берушінің төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңіне келсе, онда бұл айлар (ай) осындай төлемдерді алу кезеңі басталардың алдындағы айлармен (аймен) ауыстырылады.
Егерде Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаған жағдайда, онда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір ай үшін табыс нақты айына түскен әлеуметтік аударымдар сомасын Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу жолымен айқындалады.".
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32886 болып тіркелген) мынадай өгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлейтін, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;";
10-тармақтың 5) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақпен көзделген негіздер болмаған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көзделген құжаттардың қабылданғаны туралы немесе электрондық қолхат (өтініш берушінің сұрауы бойынша қолхат қағаз нысанында) беріледі.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезінде Кодекстің 118-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген кірістер осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъект қызметіне әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициентін қолдану кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының ай сайынғы кірісі туралы төлеуші беретін анықтаманың негізінде ескеріледі.
Бұл ретте, төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері орташа айлық кіріс мөлшерінің есебінен алып тасталады және орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.
Егер орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың алдындағы айлар (ай) өтініш берушінің төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңіне келсе, онда бұл айлар (ай) осындай төлемдерді алу кезеңі басталардың алдындағы айлармен (аймен) ауыстырылады.
Егерде Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаған жағдайда, онда еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір ай үшін табыс нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу жолымен айқындалады.".
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 248 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32912 болып тіркелген) мынадай өгерістермен енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлейтін, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;";
11-тармақтың 6) тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақпен көзделген негіздер болмаған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көзделген құжаттардың қабылданғаны туралы немесе электрондық қолхат (өтініш берушінің сұрауы бойынша қолхат қағаз нысанында) беріледі.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Осы Қағидалардың 40 және 41-тармағында көзделген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезінде Кодекстің 118-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген кірістер осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъект қызметіне әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициентін қолдану кезеңіне міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының ай сайынғы кірісі туралы төлеуші беретін анықтаманың негізінде ескеріледі.
Бұл ретте, төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері орташа айлық кіріс мөлшерінің есебінен алып тасталады және орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.
Егер орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың алдындағы айлар (ай) өтініш берушінің төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңіне келсе, онда бұл айлар (ай) осындай төлемдерді алу кезеңі басталардың алдындағы айлармен(аймен) ауыстырылады.
Егерде Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаған жағдайда, онда жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір ай үшін кіріс нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу жолымен айқындалады.".
көрсетілген Қағидалардың 4 және 5-қосымшалары осы тізбеге 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 389 бұйрығына 1-қосымша |
|
Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Аудан коды ____________________
_______________________________
облысы (қаласы) бойынша
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қоры" акционерлік қоғамының
филиалы
"Электрондық үкімет" веб-порталы, "Электрондық еңбек биржасы" порталы, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектісі арқылы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтініш
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН):
____________________________________________
Азамат _____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: ______ жылғы "___" ____________
Маған ___________________________________
жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауды сұраймын
Мемлекеттік органдарды растау:
Өтініш берушінің деректері:
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _________________________
|
|
Банк деректемелері:
Банктің атауы __________________________________________
Банк шотының № _______________________________________
Шот түрі:
ағымдағы______________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
Екінші деңгейдегі банктің деректемелері (ЕДБ):
Банктің сәйкестендіру коды: __________________________
Жеке сәйкестендіру коды: _____________________
Бизнес сәйкестендіру номері: __________________________
|
|
|
Электрондық ақшаның электрондық әмияны ____________________
|
Ұсынылған құжаттардың анықтығын қамтамасыз етемін және ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға келісім беремін (бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адам толтырады).
Төлемді тағайындау, қайта бастау, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру құқығымен өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті тұрақты негізде Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыруға келісім беремін.
Мен өтініш берген сәтте келіп түскен әлеуметтік аударымдар бойынша жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін орташа айлық кірісті айқындауға келісім беремін, келіп түскен әлеуметтік аударымдар туралы хабарламамен таныстым.
Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық құрылымдық бөлімшелеріндегі банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.
"Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер (Салық кодексі) туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабының 2-тармағына сәйкес құпия болып табылатын салық органдарынан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті мәліметтерді алуға келісім беремін.
Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы SMS-хабарлама жолымен телефон байланысы арқылы хабарламаға келісім беремін.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін жеке банк шотын немесе электрондық ақшаның электрондық әмиянын ашу мүмкіндігі, сондай-ақ осы шоттағы ақшаны, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмиянындағы электрондық ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіндігі туралы хабардармын.
Төлеуші ұйымның байланыс телефоны, электрондық мекенжайы, орналасқан жері
__________________________________________________________________
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Үй телефоны _________________________________________________
ұялы телефоны ________________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (ҚР Әділетмині) растайды
__________________________________________________________________
(ҚР Әділетмині электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ)
Өтініш берушінің банк деректемелерін ЕДБ растайды ___________________
(ЕДБ ЭЦҚ)
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
"Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын" ЭЦҚ
__________________________________________________________________
Төленетін төлем мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер (тоқтата тұру, тоқтату), сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осындай өзгерістер туындаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.
ЭЦҚ ______________________________________
Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:
____ жылғы _____.____. ______ сағат________ минут______ секунд
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 389 бұйрығына 2-қосымша |
|
Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына 3-қосымша |
"Жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
1
|
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы
|
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші)
|
2
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері
|
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Мансап орталығы;
3) "Электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
4) "Электронды еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – ЭЕБ порталы);
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы;
6) екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері.
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік корпорация, мансап орталығы арқылы - алты жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорация құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут, мансап орталығы – күту уақыты – 30 минут.
Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 20 минут, мансап орталығында – 30 минут.
Портал, ЭЕБ порталы, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) – төрт жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі
|
Электронды (жартылай автоматтандырылған) /қағаз түрінде/проактивті/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда, ЭЕБ порталында:
Көрсетілетін қызметті берушінің филиалы басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған порталға, ЭЕБ порталына өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберілген осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электронды хабарлама
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) көрсету кезінде:
өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
2) мансап орталығы – мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, мереке және демалыс күндерінен басқа күндері 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
3) Портал, ЭЕБ порталы – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.
Өтініш беруші портал, ЭЕБ порталы арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні іске асырылады.
4) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш беруші (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға, мансап орталығына жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды береді:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді. Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар электрондық қолхат немесе үзбелі талон беріледі. Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды мансап орталығына берген кезде өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
2. Өтініш беруші портал, ЭЕБ порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы, банктерде және (немесе) электрондық өтініште көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді өтініш беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы ақпарат алу үшін – өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Өтініш берушіге құжаттарды портал арқылы берген кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Проактивті қызмет арқылы:
жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін – өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ міндеттемелерді қабылдауын және банк шотының нөмірін растауын немесе ұсынуын өтініш беруші ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.
Бұл ретте банк шотының нөмірін ұсыну оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Көрсетілетін қызметті беруші сұратып отырған, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбауы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
|
10
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін
|
Мемлекеттік қызмет қағаз нысанда, оның ішінде "бір өтініш" қағидаты бойынша (өтініш берушінің таңдауы бойынша жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеу кезінде жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жіберіледі), электрондық нысанда, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы (өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеу кезінде, мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркеу, өтініш берушіде әлеуметтік аударымдардың болуы, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірінің болуы).
Проактивті қызмет арқылы жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Өтініш берушінің "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – www.enbek.gov.kz., "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильді қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін ЭЦҚ немесе бір реттік парольді пайдалана отырып қолжетімді.
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 389 бұйрығына 3-қосымша Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына 3-қосымша |
"Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
1
|
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы
|
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші)
|
2
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері
|
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)
2) "электронды үкімет" веб-порталы (www.egov.kz) (бұдан әрі - портал);
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы.
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік корпорация арқылы - сегіз жұмыс күні
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты – 20 минут.
Портал немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) – төрт жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі
|
Электрондық (жартылай автоматтандырылған) /қағаз түрінде/проактивті
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда: осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы Көрсетілетін қызметті беруші филиалы басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберілген электрондық хабарлама.
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) көрсету кезінде:
өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
3) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда. Өтініш беруші портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінгенде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні іске асырылады.
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш беруші (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
3) сәйкестендіру үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
4) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар немесе мәліметтер, баланың (балалардың) туу туралы мәліметтері, қайтыс болған асыраушының консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеу туралы және неке (ерлі-зайыптылық) және некені бұзу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер;
5) жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар немесе білім алушылар болып табылатыны туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалар (жыл сайын жаңартылады). Бұл ретте Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда білім беру ұйымынан анықтама ұсынылады, онда: оқу орнының толық атауы, білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның туған күні, оқу нысаны (бар болса), көрсетілген курста оқу курсы мен кезеңі, білім беру ұйымының мөрі және уәкілетті тұлғаның қолы. Білім алушының академиялық демалыста болуы білім беру ұйымының анықтамасымен расталады;
6) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген кезде, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, соның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға өтініште көзделген құжаттарды қабылдау туралы белгісі бар электрондық қолхат немесе үзбелі талон беріледі.
2. Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсету үшін портал арқылы жүгінген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде жүгінген кезде көзделген және электрондық өтініште қамтылған құжаттар туралы мәліметтерді өтініш беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтініш берушіге құжаттарды портал арқылы берген кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Проактивті қызмет арқылы: асыраушысынан айырылу жағдай бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жіберетін банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну.
Бұл ретте, оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде банк шотының нөмірін ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік құпия сөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Көрсетілетін қызметті беруші сұратқан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбауы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
5) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшерінің теріс мәні негіз болып табылады.
|
10
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін
|
Мемлекеттік қызмет қағаз нысанында, электрондық нысанында, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган "АХАЖ "Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде еңбекке қабілетсіз асырауындағы адамдар болған жеке тұлғаның қайтыс болуын тіркеу туралы хабарламаны алған кезде, асыраушысының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісінің болуы) көрсетіледі.
Проактивті қызмет арқылы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау қызметтерді көрсету субъектісінің бастамасымен ұсынылады, оны көрсету үшін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жіберілген міндетті келісімі қажет.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін мекенжайлар мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – www. enbek.gov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы – www. gov4c. kz.
Цифрлық құжаттардың сервисі ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, "Egov mobile" мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 389/бұйрығына 4-қосымша |
|
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына 4-қосымша |
"Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
1
|
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы
|
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші)
|
2
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері
|
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі);
3) "Электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы.
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік корпорация, МӘС бөлімшесі арқылы – сегіз жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут.
Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 20 минут.
Портал немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) – төрт жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі
|
Электрондық (жартылай автоматтандырылған)
/қағаз түрінде/проактивті/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда: осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы Көрсетілетін қызметті берушінің филиалы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш берушінің порталға "жеке кабинетіне" жіберілген электрондық хабарлама.
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) көрсету кезінде:
өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
3) МӘС бөлімшесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
4) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.
Өтініш беруші портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні іске асырылады.
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш беруші (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне жүгінген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар электрондық қолхат немесе үзбелі талон беріледі.
Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды МӘС бөлімшесіне берген кезде өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.
2. Өтініш беруші портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өзінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, банктерде және (немесе) электрондық өтініште көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы, электрондық өтініште көрсетілген жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтерді өтініш беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтініш берушіге құжаттарды портал арқылы берген кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Проактивті қызмет арқылы:
еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін – өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ міндеттемелерді қабылдауын және банк шотының нөмірін растауын немесе ұсынуын өтініш беруші ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.
Бұл ретте банк шотының нөмірін ұсыну оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Көрсетілетін қызметті беруші сұратқан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттың және (немесе) мәліметтердің ұсынылмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
5) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшерінің теріс мәні негіз болып табылады.
|
10
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін
|
Мемлекеттік қызмет қағаз нысанда, оның ішінде "бір өтініш" қағидаты бойынша (жалпы еңбекке қабілетіліктен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде өтініш берушінің таңдауы бойынша), электрондық нысанда, сондай-ақ проактивті қызмет арқылы (өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеу кезінде, өтініш берушіде әлеуметтік аударымдардың болуы, өтініш берушіде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірінің болуы).
Проактивті қызмет арқылы еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорациясының қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Өтініш берушінің "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – www.enbek.gov.kz., "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильді қосымшасында тіркелген пайдаланушылар үшін ЭЦҚ немесе бір реттік парольді пайдалана отырып қолжетімді болады.
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 389/бұйрығына 5-қосымша Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына 4-қосымша |
"Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
1
|
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы
|
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші)
|
2
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері
|
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "Электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі-портал);
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы.
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік корпорация арқылы - сегіз жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут.
Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 20 минут.
Портал немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) – төрт жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі
|
Электрондық (жартылай автоматтандырылған)
/қағаз түрінде/проактивті
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда: Көрсетілетін қызметті берушінің филиалы басшысының электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберілген, осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электронды хабарлама
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) көрсету кезінде:
өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.
Өтініш беруші портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні іске асырылады.
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш беруші (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
3) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары).
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар электрондық қолхат немесе үзбелі талоны беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өзінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, банктерде және (немесе) электрондық өтініште көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы, электрондық өтініште көрсетілген мәліметтерді өтініш беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтініш берушіге құжаттарды портал арқылы берген кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы дәрежесі көрсетіледі.
3. Проактивті қызмет арқылы: жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша - өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ міндеттемелерді қабылдауын және банк шотының нөмірін растауын немесе ұсынуын өтініш беруші ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.
Бұл ретте банк шотының нөмірін ұсыну оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Көрсетілетін қызметті беруші сұратып отырған, Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
|
10
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін
|
Проактивті қызмет арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеген кезде, жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру туралы хабарлама алу, көрсетілетін қызметті алушыда еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыстан босатудың алдыңғы күнінің алдындағы айға әлеуметтік аударымдардың болуы, "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ақпараттық жүйесінде жүктілікке және босануға байланысты жұмыстан босатудың мәліметтерінің болуы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірінің болуы).
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорациясының қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Өтініш берушінің "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – www.enbek.gov.kz., "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильді қосымшасында тіркелген пайдаланушылар үшін ЭЦҚ немесе бір реттік парольді пайдалана отырып қолжетімді болады.
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 389/бұйрығына 6-қосымша Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына 5-қосымша |
"Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
1
|
Көрсетілетін қызмет берушінің атауы
|
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші)
|
2
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері
|
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "Электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы;
4) екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері.
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Мемлекеттік корпорация арқылы - 8 (сегіз) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минут.
Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 20 минут.
Портал, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) – төрт жұмыс күні
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету түрі
|
Электрондық (жартылай автоматтандырылған)
/қағаз түрінде/проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда: Көрсетілетін қызметті берушінің филиалы басшысының электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберілген, осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электронды хабарлама.
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет арқылы) көрсету кезінде:
Өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.
Өтініш беруші портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні іске асырылады.
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш беруші (немесе нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) сәйкестендіру үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
Қажет болған жағдайда (олардың болуына байланысты):
1) консулдық заңдастыру не арнайы мөртабан (апостиль) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркегенін растайтын құжат;
2) сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген құжаттардың баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлігі (куәліктері) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
3) бір жарым жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған кезде – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді;
4) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген кезде балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады. Құжаттарды ұсыну оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар электрондық қолхат немесе үзбелі талон беріледі
2. Өтініш беруші портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, банктерде және (немесе) электрондық өтініште көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы, электрондық өтініште көрсетілген жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтерді өтініш беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтініш берушіге құжаттарды портал арқылы берген кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Проактивті қызмет арқылы: жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша - өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ міндеттемелерді қабылдауын және банк шотының нөмірін растауын немесе ұсынуын өтініш беруші ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.
Бұл ретте банк шотының нөмірін ұсыну оларды екінші деңгейдегі банктен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тексеру кезінде Көрсетілетін қызметті беруші сұратып отырған, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
|
10
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін
|
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметін алған кезде "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Проактивті қызмет арқылы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет (өтініш берушінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеу кезінде, өтініш берушіде әлеуметтік аударымдардың болуы, әлеуметтік аударымдардың болуы өтініш берушіде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуы, банктерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банктік шот нөмірінің болуы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын).
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорациясының қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан кезде, электронды цифрлық қолтаңба немесе бір реттік пароль болған кезде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.