Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 қазанда № 35268 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 14 қазандағы
№ 368 Бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 263) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 263) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібін белгілейді.".

      2. "Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10627 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 247) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 247) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын босату бағасы –Ереженің 15-тармағының 247) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын тиісті сағатттық мөлшерлемелерге көбейтілген, электр энергиясына арналған шекті тарифтен аспайтын электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сату бағасы;";

      6) тармақшаның екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қолданылады.";

      3 және 4-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Электр энергиясына шекті тарифтер электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөліне отырып, әрбір жеті жыл сайын бекітіледі және қажет болған кезде түзетіліп отырады.

      4. Ереженің 15-тармағының 246) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді.";

      8-1-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласында пайда нормасы Ереженің 15-тармағының 245) тармақшасына сәйкес бекітілетін электр энергиясына шекті тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін нөлге теңестіріледі.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес кейінгі жылдарға электр энергиясына шекті тарифті түзету қажет болған кезде энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға жүгінеді және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 8-1-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген электр энергиясын өндіруге арналған шығындардың болжамды ұлғаюы туралы ақпаратты, өткен жылғы қаржылық есептілікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларында көзделген инфляцияның болжанатын деңгейін ескере отырып есептеулерді ұсынады.

      Кейінгі жылдарға электр энергиясына арналған шекті тарифті түзету қажет болған кезде электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасы өзгерген кезде энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін Пайда нормаларын айқындау әдістемесіне сәйкес есептеулерді қоса бере отырып, электр энергиясына шекті тарифті түзетуге еркін нысанда өтінім береді.

      Уәкілетті орган түзеткен электр энергиясына шекті тарифтер және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтер осы Қағидалардың 11-1-тармағын, сондай-ақ электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін Пайда нормаларын айқындау әдістемесі 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылды қоспағанда, электр энергиясына шекті тарифтер түзету жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ағымдағы жылы электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындар нақты ұлғайған кезде энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді енгізудің болжамды күніне екі ай қалғанда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындардың ұлғаюы туралы ақпаратты уәкілетті органға бір реттен артық емес ұсынады.

      Электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді қолданысқа енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Растайтын құжаттар болмаған кезде уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымды хабардар ете отырып, электр энергиясына шекті тарифтерді түзетуден бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 7-тармағына сәйкес шикі және (немесе) тауарлық газдың бағасы ұлғайған кезде күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде энергия өндіруші ұйымның ағымдағы жылға арналған электр энергиясына шекті тарифін түзетуді жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес түзетілген электр энергиясына шекті тарифтер олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      3. "Тұлғалар тобының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 489 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17923 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 311) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұлғалар тобының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тұлғалар тобының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 311) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тұлғалар тобының тізілімін қалыптастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Тұлғалар тобының тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастырылатын, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес бақылау болған кезде бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың тізбесі;".

      4. "Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 445) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 445) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) электр станцияларының тізбесі – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдардың бекітілген тізбесі;";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган оған заңды тұлғаны қоса отырып, электр станцияларының тізбесін қалыптастырады және оны Ереженің 15-тармағының 446) тармақшасына сәйкес бекітеді.".

      5. "Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22531 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 280) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 280) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны уәкілетті орган электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау үшін қолданады.";

      2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.".

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 октября 2024 года № 368. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 октября 2024 года № 35268

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнение.

      2. Департаменту развития электроэнергетики Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
А. Саткалиев

  Утвержден приказом
Министр энергетики
Республики Казахстан
от 14 октября 2024 года № 368

Перечень некоторых приказов Министра энергетики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнение

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 34 "Об утверждении Правил определения норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10583) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 263) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах определения норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила определения норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 263) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 и определяют порядок определения норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций Республики Казахстан.".

      2. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 147 "Об утверждении Правил утверждения предельного тарифа на электрическую энергию и предельного тарифа на услугу по поддержанию готовности электрической мощности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10627) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 247) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах утверждения предельного тарифа на электрическую энергию и предельного тарифа на услугу по поддержанию готовности электрической мощности, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила утверждения предельного тарифа на электрическую энергию и предельного тарифа на услугу по поддержанию готовности электрической мощности (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 247) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 (далее – Положение), и определяют порядок утверждения предельного тарифа на электрическую энергию и предельного тарифа на услугу по поддержанию готовности электрической мощности.";

      в пункте 2:

      подпункт 5) изложить в новой редакции:

      "5) отпускная цена электрической энергии от энергопроизводящей организации – цена продажи электрической энергии энергопроизводящей организации, включенной в соответствующую группу энергопроизводящих организаций, реализующих электрическую энергию, не превышающая ее предельного тарифа на электрическую энергию, умноженного на соответствующие часовые ставки, определяемые в порядке, установленном уполномоченным органом согласно подпункту 247) пункта 15 Положения.";

      часть вторую подпункта 6) изложить в новой редакции:

      "Иные понятия и определения, использованные в настоящих Правилах, применяются в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об электроэнергетике" (далее – Закон).";

      пункты 3 и 4 изложить в новой редакции:

      "3. Предельные тарифы на электрическую энергию утверждаются по группам энергопроизводящих организаций, реализующих электрическую энергию, каждые семь лет с разбивкой по годам и при необходимости корректируются.

      4. Уполномоченный орган утверждает группы энергопроизводящих организаций, реализующих электрическую энергию в соответствии с подпунктом 246) пункта 15 Положения.";

      часть четвертую пункта 8-1 изложить в новой редакции:

      "При этом, для энергопроизводящих организаций, указанных в части третьей настоящего пункта, до окончания срока действия предельных тарифов на электрическую энергию, утверждаемых в соответствии с подпунктом 245) пункта 15 Положения, в формуле расчета предельного тарифа на электрическую энергию норма прибыли приравнивается нулю.";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. В соответствии с пунктом 3 настоящих Правил, при необходимости корректировки предельного тарифа на электрическую энергию на последующие годы, энергопроизводящие организации в срок до 1 сентября обращаются в уполномоченный орган и предоставляют информацию о прогнозируемом увеличении затрат на производство электрической энергии, предусмотренных частями первой и второй пункта 8-1 настоящих Правил, с приложением подтверждающих документов, финансовой отчетности за предшествующий год, а также расчетов с учетом прогнозируемого уровня инфляции, предусмотренного среднесрочными планами социально-экономического развития Республики Казахстан.

      При необходимости корректировки предельного тарифа на электрическую энергию на последующие годы, при изменении нормы прибыли, учитываемой при утверждении предельных тарифов на электрическую энергию, энергопроизводящие организации в срок до 1 сентября представляют в уполномоченный орган в произвольной форме заявку на корректировку предельного тарифа на электрическую энергию с приложением расчетов согласно Методике определения нормы прибыли, учитываемой при утверждении предельных тарифов на электрическую энергию.

      Скорректированные уполномоченным органом предельные тарифы на электрическую энергию и предельные тарифы на балансирующую электроэнергию вводятся в действие с 1 января года, следующего за годом, в котором была осуществлена корректировка предельных тарифов на электрическую энергию, за исключением пункта 11-1 настоящих Правил, а также за исключением года введения в действие параграфа 1 главы 2 Методики определения нормы прибыли, учитываемой при утверждении предельных тарифов на электрическую энергию.

      При фактическом увеличении затрат на производство электрической энергии в текущем году энергопроизводящие организации не более одного раза представляют в уполномоченный орган информацию об увеличении затрат на производство электрической энергии с приложением подтверждающих документов за два месяца до предполагаемой даты ввода измененных предельных тарифов на электрическую энергию.

      Введение в действие измененных предельных тарифов на электрическую энергию осуществляется с первого числа месяца, следующего за месяцем их утверждения.

      При отсутствии подтверждающих документов, уполномоченный орган отказывает в корректировке предельных тарифов на электрическую энергию, с уведомлением энергопроизводящей организации.";

      дополнить пунктом 11-1 следующего содержания:

      "11-1. В соответствии с пунктом 3 настоящих Правил, при увеличении цены сырого и (или) товарного газа в соответствии с пунктом 7 статьи 15 Закона Республики Казахстан "О газе и газоснабжении" в срок не позднее 30 (тридцати) календарных дней со дня введения в действие цен на сырой и (или) товарный газ уполномоченный орган осуществляет корректировку предельного тарифа на электрическую энергию на последующие годы энергопроизводящей организации.

      Скорректированные в соответствии с частью первой настоящего пункта предельные тарифы на электрическую энергию вводятся в действие с первого числа месяца, следующего за месяцем их утверждения.".

      3. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 декабря 2018 года № 489 "Об утверждении Правил формирования и ведения Реестра групп лиц" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17923) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 311) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах формирования и ведения Реестра групп лиц, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила формирования и ведения Реестра групп лиц (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 311) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 и определяют порядок формирования и ведения Реестра групп лиц.";

      подпункт 1) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "1) Реестр групп лиц (далее – Реестр) – формируемый и размещаемый на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа перечень энергопроизводящих организаций и потребителей, входящих в одну группу лиц, при условии наличия контроля в соответствии с частями второй, третьей и четвертой пункта 1-1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике" (далее – Закон).".

      4. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 апреля 2020 года № 169 "Об утверждении Правил включения потребителей в перечень электростанций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20554) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 445) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах включения потребителей в перечень электростанций, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящие Правила включения потребителей в перечень электростанций (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 445) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 (далее – Положение), и определяют порядок включения потребителей в перечень электростанций.";

      подпункт 2) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "2) перечень электростанций – утвержденный перечень энергопроизводящих организаций, соответствующих критериям, установленным Законом Республики Казахстан "Об электроэнергетике" (далее – Закон);";

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. При соответствии представленных документов требованиям настоящих Правил и критериям, указанным в пункте 3 настоящих Правил, уполномоченный орган формирует перечень электростанций с включением в него юридического лица и утверждает его согласно подпункту 446) пункта 15 Положения.".

      5. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 апреля 2021 года № 126 "Об утверждении Методики оценки эффективности вложенных инвестиций в области электроэнергетики" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22531) следующие изменения:

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с подпунктом 280) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Методике оценки эффективности вложенных инвестиций в области электроэнергетики, утвержденной указанным приказом:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Настоящая Методика оценки эффективности вложенных инвестиций в области электроэнергетики (далее – Методика) разработана в соответствии с подпунктом 280) пункта 15 Положения о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года и применяется уполномоченным органом для оценки эффективности вложенных инвестиций в области электроэнергетики.";

      часть вторую пункта 2 изложить в новой редакции:

      "Иные термины и определения, используемые в настоящей Методике, применяются в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об электроэнергетике".".