Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22531 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 280) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 8 сәуірдегі
№ 126 бұйрығымен
бекітілген

Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 280) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны уәкілетті орган электр энергетикасы саласында салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау үшін қолданады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) инвестициялық бағдарлама – жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;

      2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) электр энергетикасы саласына салынған инвестициялар – электр энергетикасы саласындағы субъектілер инвестициялық бағдарламаларға салған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар есебінен инвестицияларды қоспағанда) жиынтық көлемі;

      4) электр энергетикасы саласындағы субъект – электр энергиясын өндіру және беру саласында тұтынушыларға қызметтер көрсететін заңды тұлға.

      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Электр энергетикасы саласындағы субъектілер салған инвестициялардың тиімділігін бағалау

      3. Электр энергетикасы саласындағы субъектілер салған инвестициялардың тиімділігін бағалау:

      1) энергия беруші ұйымдар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 1-қосымшаның 14-нысаны бойынша инвестициялық бағдарламаға қосымшаның Табиғи монополия субъектілері инвестициялық бағдарламасының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес;

      2) энергия өндіруші ұйымдар үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген) Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларына 2-қосымшаның Рұқсат беру критерийлеріне сәйкес айқындалады.

      4. Уәкілетті орган есепті кезеңдегі іс-шараларды іске асырудың нақты көрсеткіштерін бекітілген инвестициялық бағдарламада қабылданған инвестициялық бағдарлама іс-шараларының нысаналы көрсеткіштерімен салыстыру арқылы электр энергетикасы саласындағы субъектілердің инвестициялық бағдарламасын іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді.

      5. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалау мынадай критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады:

      субъекті инвестициялық бағдарламаны іске асыру тиімділігінің төмен көрсеткіштеріне қол жеткізді – қол жеткізілмеген көрсеткіштер санының орташа алынған сомасы уәкілетті органның ведомствосы қабылдаған инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштерінің жалпы санының он пайызынан астам, атап айтқанда, инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу коэффициенті (КИ) тоқсан пайыздан төмен;

      субъекті инвестициялық бағдарламаны іске асыру тиімділігінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді – қол жеткізілмеген көрсеткіштер санының орташа өлшемді сомасы уәкілетті органның ведомствосы қабылдаған инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштерінің жалпы санының он пайызынан төмен, атап айтқанда, инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу коэффициенті (КИ) тоқсан пайыздан жоғары.

      6. Инвестициялық бағдарлама іс-шараларының нысаналы көрсеткіштері мынадай жағдайларда:

      абсолютті ауытқулар, сәйкесінше:

      егер инвестициялық бағдарламаны іске асыру нысаналы көрсеткішті ұлғайтуға бағытталған болса, нөлден аз;

      егер инвестициялық бағдарламаны іске асыру нысаналы көрсеткішті азайтуға бағытталған болса, нөлден жоғары болады.

      7. Инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:

      КИ = 100% қол жеткізілмеген нысаналы көрсеткіштер салмағының сомасы, онда:

      КИ – инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу коэффициенті.

      көрсеткіштің салмағы әрбір нысаналы көрсеткіш үшін мынадай формула бойынша айқындалады:



      i – нысаналы көрсеткішке қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың сәйкестендіргіші;

      П – іс-шара бағытталған нысаналы көрсеткіштер саны;

      n – барлық нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған барлық іс-шаралардың сәйкестендіргіші.

      8. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыру тиімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты көздейтін электр энергетикасы саласында салынған инвестициялар тиімділігінің нәтижелері бойынша субъектіге қорытынды шығарады.

  Электр энергетикасы саласында
салынған инвестициялардың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
қосымша
  Нысан

___________________________ бойынша электр энергетикасы саласында

      (оған қатысты бағалау жүргізілетін ұйымның атауы)

салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды

Іс-шараның атауы

Нысаналы көрсеткіш

Нақты көрсеткіш

Жоспардан ауытқу






















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады