Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 мамырда № 20554 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 445) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169
бұйрығымен бекітілген

Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 445) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) электр станцияларының тізбесі – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдардың бекітілген тізбесі;

      3) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы - Заңға сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізілген заңды тұлға, ол тауарлық газды электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланады немесе пайдаланатын болады.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Заңның 15-7-бабының 2-тармағына сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін заңды тұлға жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

      1) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағында жаңа электр қуаттары құрылады және 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға беріледі;

      2) жаңа құрылған электр қуаттарында электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газ пайдаланылады немесе пайдаланылатын болады;

      3) жаңа құрылған электр қуаттары қуатты автоматты түрде реттеуге қосылады және реттеу диапазоны белгіленген қуаттан кемінде жиырма пайыз болады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.03.2021 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу тәртібі

      4. Заңды тұлға (бұдан әрі – Өтініш беруші) тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін уәкілетті органға жаңа электр қуаттарын автоматты түрде реттеуге қосу талаптарын қамтитын, жүйелік оператордың алынған немесе онымен келісілген техникалық шарттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосуға өтініш береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.03.2021 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау процесінде олардың толықтығын тексереді.

      6. Өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган оларды пысықтау үшін қайтарады.

      7. Өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келуін қарайды.

      8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде еркін нысанда хабарлама дайындайды және қайтару себептерін көрсете отырып, оны өтініш берушіге жібереді.

      9. Өтініш беруші уәкілетті органның ескертулерін жойғаннан кейін хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қайта ұсынады.

      10. Құжаттарды қайта ұсынған кезде уәкілетті орган оларды осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды.

      11. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган оған заңды тұлғаны қоса отырып, электр станцияларының тізбесін қалыптастырады және оны Ереженің 15-тармағының 446) тармақшасына сәйкес бекітеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Электр станцияларының бекітілген тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес тоқсанына бір реттен асырмай жүзеге асырады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      13. Жаңа электр қуаттары пайдалануға берілгеннен кейін 10 (он) жыл бойы электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы мен жүйелік оператор арасында жыл сайын шартты жасасудың күнтізбелік жылының алдындағы жыл ішінде жүйелік оператордың осы көрсетілген қызметтерді сатып алуының орташа өлшемді шарттық бағасына тең баға бойынша ұлғайтуға немесе төмендетуге белгіленген қуатынан кемінде жиырма пайыз реттеу диапазонында электр қуатын реттеу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасалады.

      14. Заңды тұлға жүйелік оператор берген техникалық шарттарға сәйкес электр станциясын жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосуды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.03.2021 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Заңды тұлға жүктемеге немесе түсіруге белгіленген қуаттың кемінде жиырма пайызы көлемінде жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосылған электр станциясын реттеу диапазонын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.03.2021 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосылған электр станциясы 5 минуттан аспайтын уақыт ішінде реттеудің барлық диапазонының өзгеруін қамтамасыз етеді.

      17. Электр станциясын реттеу диапазоны шегінде генерация қуатының өзгеру циклдерінің саны шектелмейді.

      18. Жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосылған электр станциялары генерацияның іс жүзіндегі қуатының талап етілетін шамадан Pном ±1% - дан аспайтын ауытқуын қамтамасыз етеді.

      "Рном" мәні деп белгіленген қуат түсініледі.

  Тұтынушыларды электр
cтанцияларының тізбесіне енгізу
қағидаларына
қосымша
Нысан

Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізуге арналған өтініш

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.03.2021 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жобаның атауы: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

      энергия өндіруші ұйымды тізбеге енгізуді сұраймын Заңды тұлғаның атауы: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

      Құқықтық мәртебесі және меншік түрі: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Құрылтайшылар: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________________________________________________________

      Құрылған күні: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ___________________________________________________

      Мекенжай, индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, (кеңсе): _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

      тел.: ____________ факс: _________ электрондық мекенжайы: ___________ веб-сайт:_________________ Банктік деректемелер, есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктік жеке коды, бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _________________________________________________________________

      Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

      Қызмет түрі: ______________________________________________________ _________________________________________________________________

      Жұмыс істеушілердің нақты саны: _________________, соның ішінде: өндірістік қызметкерлер _________________________; әкімшілік-басқару персоналы _____________________.

      Жоба міндетінің сипаттамасы:_______________________________________ _________________________________________________________________

      Жаңа электр қуаттарын енгізудің түпкі әсері: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

Енгізілген немесе енгізілетін жаңа қуат туралы жалпы ақпарат*

Іс-шараның атауы

Іс-шараның басталу күні (айы, жылы)

Іс-шараның аяқталу күні (айы, жылы)

Құны (млн. теңге)

Енгізілетін негізгі өндіруші жабдықтың техникалық параметрлері

Белгіленген электр қуаты, (МВт)

Белгіленген жылу қуаты, (Гкал / сағ)

1.







      Ескертпе: - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

Электр станциясының жұмыс параметрлері туралы ақпарат (атауын көрсету)*

Белгіленген қуат,

Орташа жылдық қолда бар қуат,

Маневрлік қуат көлемі,

Босатуға арналған шартты отынның жоспарлы үлестік шығысы**

Электр (МВт)

Жылу (Гкал/сағ)

Электр (МВт)

Жылу (Гкал/сағ)

(+/- МВт)

Электр энергиясына (ш.о.г./кВтсағ)

Жылу энергиясына (ш.о.кг./Гкал)

1.








      Ескертпе: - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі; ** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.

Электр станциясының көрсеткіштері*

Кезең (Жыл)

Жоспарлы көрсеткіштер



Электр станциясының электр энергиясын босатуға арналған шартты отынның үлестік шығысының мәні (ш.о.г./кВтсағ)

Электр станциясының жылу энергиясын босатуға арналған шартты отынның үлестік шығысының мәні (ш.о.кг./Гкал)

Енгізілетін негізгі өндіруші жабдықтың қолда бар электр қуатының мәні (МВт)

Пайдалануға берілген негізгі өндіруші жабдықтың жұмыс істеу мерзімі (кезең соңы жағдайы бойынша қалған) (жыл)

Электр станциясының азот оксидтері шығарындыларының үлестік мәні (мг/м3)**

Электр станциясының күкірт оксидтері шығарындыларының үлестік мәні (мг/м3)**









      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      ** - осы көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып қойылады.

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МВт - мегаватт;

      млн.теңге - миллион теңге;

      Гкал/сағ - гигакалория/сағат;

      ш.о.г./кВтсағ - шартты отын грамы/кВт*сағат;

      ш.о.г./Гкал - шартты отын грамы/ гигакаллория;

      ш.о.кг./Гкал - шартты отын килограмы/гигакаллория;

      мг/м3 - миллиграмм/текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады