"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-9-бабының 3-тармағына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Өндірістік бақылау туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2024 жылғы 30 қазандағы № 385 бұйрығына қосымша |
Өндірістік бақылау туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы өндірістік бақылау туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Электр энергетикасы туралы заңы) 6-9-бабының 3-тармағына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Жылу энергетикасы туралы заңы) 19-бабының 3-тармағына сәйкес электр энергетикасы мен жылу энергетикасы саласындағы өндірістік бақылауды (бұдан әрі – өндірістік бақылау) жүзеге асыру кезінде энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға, жүйелік операторға, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілерге (бұдан әрі – Ұйым) жәрдемдесу мақсатында әзірленді.
2. Ұйым осы Ережеге сәйкес өндірістік бақылау туралы ережені әзірлейді.
3. Өндірістік бақылау туралы әзірленген ережені Ұйымның басшысы бекітеді.
4. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам (бұдан әрі – Лауазымды адам) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне және атқаратын лауазымына құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес сәйкестік бөлігінде келісу бойынша Ұйымның басшысының актісімен тағайындалады және босатылады.
5. Біліктілік талаптарына сәйкестігі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электр энергетикасы саласындағы электр қондырғыларында жұмыс істеу нормалары мен қағидаларын білуін тексеру туралы куәлігі немесе жылу энергетикасы саласындағы білімін тексеру туралы куәлігі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген) болуымен расталады.
6. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам өз қызметін жүзеге асыру кезінде электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық құжаттарын, Ұйымның ішкі құжаттарын, оның ішінде Ұйым әзірлеген және бекіткен Өндірістік бақылау туралы ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Өндірістік бақылаудың міндеттері
7. Электр энергетикасы туралы Заңының 6-9-бабы 2-тармағына және Жылу энергетикасы туралы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес өндірістік бақылаудың міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) энергетикалық жабдықтарды, электр станцияларын, электр желілері мен жылу энергетикасы объектілерін және олардың құрамына кіретін ғимараттарды, үй-жайларды, құрылысжайларды қауіпсіз пайдалану бойынша мониторинг жүргізу;
3) электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін, жылумен жабдықтау сапасы мен сенімділігін, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өткен жұмыскерлердің жұмысты жүзеге асыруы;
5) Ұйымның оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын уақтылы дайындау және жүзеге асыру;
6) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануға әзір күйінде күтіп-ұстау;
7) қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауға бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;
8) жұмыс жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау;
9) технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.
3-тарау. Өндірістік бақылауды ұйымдастыру
8. Лауазымды адам Электр энергетикасы туралы Заңының 6-9-бабы 5-тармағына сәйкес және Жылу энергетикасы туралы Заңының 19-бабы 5-тармағына сәйкес:
1) Ұйымның бөлімшелерінде, өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жоспарын әзірлейді;
2) жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асырады;
3) электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және жұмыстар жүргізу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
4) қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты Ұйымның жұмыскерлерінің назарына жеткізеді;
6) Ұйымның басшысына немесе оны алмастыратын адамға:
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарының бұзушылықтарды жою, жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
жұмыскерлердің өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін немесе технологиялық бұзылуларға алып келуі мүмкін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұруға;
техникалық пайдалану қағидалары және қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан уақтылы өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ына дейін не сұрау салу бойынша (авариялар мен І дәрежелі істен шығулар орын алған жағдайларда) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне өндірістік бақылау міндеттеріне сәйкес есепті ұсынады;
8) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9. Электр энергетикасы саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам Электр энергетикасы туралы Заңының 6-9 бабы 6-тармағына сәйкес:
1) өндірістік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алады;
2) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператордың объектілеріне тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз кіреді.
10. Жылу энергетикасы саласындағы өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам Жылу энергетикасы туралы Заңының 19-бабы 6-тармағына сәйкес:
1) жылу энергетикасы объектілеріне және олардың құрамына кіретін ғимараттарға, үй-жайларға, құрылысжайларға тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз кіре алады;
2) қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алады, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізеді.
11. Өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ұйым әзірлеген және бекіткен өндірістік бақылау туралы ережеге сәйкес электр энергетикасы мен (немесе) жылу энергетикасы салаларындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық құжаттары талаптарының сақталуын ескере отырып іске асырылады.
12. Өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезінде Лауазымды адам:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленген және Ұйым басшысы бекіткен Ұйымның бөлімшелерінде Өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жоспарына сәйкес қажетті ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады;
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өндірістік бақылау журналына өндірістік бақылау нәтижелерін енгізуеді;
3) электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және жұмыстар жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін тексеру барысында Ұйымның жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын уақтылы дайындауды және жүзеге асыруды тексереді;
4) электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы салаларындағы заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, оған мыналар кіреді:
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының анықталған бұзушылықтарын талдау;
технологиялық процеске және өндірістік бақылауға жататын электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының бұзылу себептерін зерделеу;
электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарын бұзудың ықтимал себептерін анықтау, талдау және жою мақсатында тиісті ақпарат көздерін (процестерді, жұмыс операцияларын, электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру нәтижелерін, қызмет көрсету туралы есептерді) пайдалану;
электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы қамтамасыз етудің ықтимал проблемаларын болжау, сондай-ақ оларды шешу үшін қажетті шараларды алдын ала айқындау;
алдын алу іс-шараларын алдын ала іске асыру және электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының кепілді алдын алуды қамтамасыз ететін басқару шешімдерін қабылдау;
Ұйымның басшысына қабылданған алдын алу іс-әрекеттері туралы ақпарат беру;
5) Ұйымның жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының өзгеруі туралы ақпаратпен хабардар етеді;
6) жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігі, жылумен жабдықтау сапасы мен сенімділігі, жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздігін;
жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға дайын күйде ұстау;
техникалық құрылғыларға қажетті сынақтар мен техникалық куәландыруларды жүргізудің, өлшеу бақылау құралдарын жөндеудің және салыстырып тексерудің уақтылылығын;
күзгі-қысқы кезеңде электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жұмысқа дайындығын тексереді;
7) өндірістік бақылау нәтижелері бойынша белгіленген ескертулердің жойылуына талдау жүргізеді, оның нәтижелері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Ұйымның басшысына ұсынылады;
8) өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижелеріне жылына кемінде бір рет талдау жүргізеді, ол мыналарды қамтиды:
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы және (немесе) жылу энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері;
электр станцияларының, қазандықтардың, электр және жылу желілерінің негізгі жабдықтарының тозуын азайту бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері;
өндірістік бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары;
9) Ұйымның басшысына осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды береді, онда электр энергетикасы және (немесе)жылу энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, анықталған бұзушылықтар көрсетіледі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі, оларды жою мерзімдері және жауапты тұлғалар Ұйымның басшысымен келісіледі;
10) өндірістік бақылау нәтижелері туралы деректердің қағаз түрінде де, электрондық түрде де сақталуын қамтамасыз етеді.
Өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жоспары
№ | Жоспарланған іс-шараның атауы | Бөлімшенің атауы | Өткізу мерзімі | Бөлімшеден жауапты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Өндірістік бақылау туралы үлгілік ережеге 2-қосымша |
|
Нысан |
Өндірістік бақылау журналы
_______________________________________________________________
(ұйымның атауы) (бөлімшенің атауы)
№ р / с | Күні | Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтары (қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланудың немесе технологиялық процестер талаптарының бұзылуының ақаулары немесе ықтимал тәуекелдері) | Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар | Орындауға жауапты | Орындау мерзімі | Бұзушылықтарды жою туралы өкім берген тұлғаның қолы | Ұйғарымның орындалуына және анықталған бұзушылықтардың себептерін жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жауапты адамның қолы | Өкімнің орындалуы және анықталған бұзушылықтардың себептерін жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру туралы белгі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Өндірістік бақылау туралы үлгілік ережеге 3-қосымша |
|
Нысан |
Жүргізілген өндірістік бақылау қорытындысы бойынша қорытынды
_______________________________________________________________
(ұйымның атауы) (бөлімшенің атауы)
1. Анықталған бұзушылықтар _______________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________;
2. Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар:
№ | Іс-шараның атауы | Орындау мерзімі | Аяқтау нысаны | Іс-шара мәртебесі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
______________________________ |
_______________ |