"Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қарашада № 35343 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15903 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-2-бабына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігі, 3-тарауы және Қағидаларға 2-қосымша 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін;

      2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын:

      1) осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші абзацы тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:

      "Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы";

      2) осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші абзацы тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:

      "1. Қоса беріліп отырған Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау қағидалары бекітілсін.";

      3) Қағидалардың тақырыбы тоқтата тұру кезеңінде Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:

      "Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау қағидалары.";

      4) Қағидалардың 1 және 2-тармақтары тоқтата тұру кезеңінде тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:

      "1. Осы Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың (бұдан әрі – Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдар) залалдарын (борыштарын) субсидиялау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-2-бабына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес әзірленді және жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын және коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау жергілікті бюджетте көзделген қаражаттың есебінен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жүзеге асырылады.";

      5) Қағидалардың 12-тармағының бірінші бөлігі тоқтата тұру кезеңінде осы бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:

      "12. Энергия өндіруші ұйымдар және жылу өндіруші субъектілер жылыту маусымын өткізу кезеңінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға арналған субсидиялардың мақсатты қолданылуы туралы есепті (бұдан әрі – есеп) жергілікті атқарушы органға ұсынады.";

      6) Қағидаларға 1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы тоқтата тұру кезеңінде Қаиғдаларға 1-қосымша жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:

  "Жылыту маусымын іркіліссіз
өткізу үшін энергия өндіруші
ұйымдар мен жылу өндіруші
субъектілердің отын сатып алуға
шығындарын және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
жүз пайызы мемлекетке тиесілі,
коммуналдық меншіктегі және
суды (дистиллятты), электр және
жылу энергиясын өндіру
жөніндегі қызметті бір мезгілде
жүзеге асыратын энергия
өндіруші ұйымдардың
залалдарын (борыштарын)
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша".

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
С. Есимханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 6 қарашадағы
№ 394 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 309 бұйрығымен
бекітілген

Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-2-бабына және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес әзірленді және жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау жергілікті бюджетте көзделген қаражаттың есебінен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жүзеге асырылады.

      3. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидиялар энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерге беріледі.

      Залалдарын (борыштарын) өтеуге арналған субсидиялар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарға (бұдан әрі – коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдар) беріледі.

2-тарау. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің шығындарын субсидиялау тәртібі

      4. Жергілікті атқарушы органдар табиғи-климаттық жағдайларды есепке ала отырып, энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға өтінімдерін қабылдаудың басталу және аяқталу күнін белгілейді.

      Жергілікті атқарушы органдар энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерден отын сатып алуға өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      5. Энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер отын сатып алуға субсидия алуға өтінімін еркін нысанда (бұдан әрі – өтінім) тиісті жергілікті атқарушы органға ұсынады.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) отын сатып алуға субсидия алудың қажеттілігі туралы еркін нысандағы түсіндірме жазбахат;

      2) өтінім берген сәтте субсидия алушының салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) банктік деректемелері;

      4) жылу энергиясының өндірісіне отын қажеттілігін және оны сатып алуға субсидия сомасын есептеу;

      5) ай сайын субсидияларды бөлу;

      6) отынды жеткiзу шарты, тауар-көлiк жүкқұжаттары;

      7) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша реттеп көрсетілетін қызметтерге тарифті (баға, жинақ мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі;

      8) отын сатып алуға субсидияны бөлген/бөлмеген жағдайда жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге тариф шамаларын талдау;

      9) алдағы жылыту маусымына жылу энергиясын нақты өндіру туралы ақпарат;

      10) өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешек туралы мәліметтері бар бухгалтерлік баланс;

      11) жылыту маусымын бастау кезеңіне отын қоры туралы ақпарат.

      6. Жергілікті атқарушы орган энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъектінің өтінімін ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қарайды.

      7. Энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъект құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) анық емес ақпарат ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъектіге құжаттарды қайтарады.

      Энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъект өтінімді жергілікті атқарушы органға отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерден өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қайта ұсынады.

      8. Жергілікті атқарушы орган өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша отын сатып алуға субсидияны алуға энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және отын көлемі мен бөлінген субсидия сомасын көрсете отырып, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады және табиғи монополиялардың тиісті салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      Отын көлемдері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген) сәйкес анықталады.

      9. Субсидиялар энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер өтінім берген отын түрі мен көлемі бойынша деректерді негізге ала отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      C – бөлінетін субсидияның сомасы (теңге);

      Vқс – қажетті субсидия көлемі (теңге);

      N – өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (%).

      Қажетті субсидия көлемі (Vқс) мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Vо – отын көлемі (тонна немесе м3);

      Со – есептік жылға отын құны (теңге).

      Өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (N) мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЖДБ – өткен күнтізбелік жыл үшін жиналған дебиторлық берешек сомасы (теңге);

      ДБ – өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешектің жалпы көлемі (теңге).

      10. Жергілікті атқарушы орган тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін бекіту туралы мәслихаттың шешімі шыққан сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізбенің негізінде жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерге отынды сатып алуға субсидияларды төлеу ведомостін қалыптастырады.

      11. Жергілікті атқарушы орган ведомостті қалыптастырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төлеуге берілетін шотты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

      Субсидияларды энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің банктік шоттарына аударуды жергілікті атқарушы органдар 5 (бес) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      12. Энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер жылыту маусымын өткізу кезеңінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшада берілген нысанға сәйкес жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға арналған субсидиялардың мақсатты қолданылуы туралы есепті (бұдан әрі – есеп) жергілікті атқарушы органға ұсынады.

      Жергілікті атқарушы орган жылыту маусымы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей өз интернет-ресурсында энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер ұсынған есептердің қорытындылары бойынша ақпаратты орналастырады, сондай-ақ оны табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.

3-тарау. Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау тәртібі.

      13. Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдар тиісті жергілікті атқарушы органға залалдарды (борыштарды) өтеу бойынша субсидия алуға еркін нысанда өтінім береді.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) залалдарды (борыштарды) өтеуге арналған субсидияны еркін нысанда алу қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;

      2) өтінім беру сәтінде субсидия алушының салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) банк деректемелері;

      4) өтінім беру айының басындағы салыстырып тексеру актілері;

      5) алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешек және кредиторлық берешек туралы мәліметтермен бухгалтерлік баланс.

      14. Жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың өтінімін ол берілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      15. Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйым құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) анық емес ақпарат берген кезде жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтарудың себептерін көрсете отырып, коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымның құжаттарын жазбаша нысанда қайтарады.

      Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйым ескертулерді жойғаннан кейін жергілікті атқарушы органға өтінімді қайта ұсынады.

      Жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың қайтадан берген өтінімін осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мерзімдерде қарайды.

      16. Өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарына сәйкес келетін коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастырады және оны өтелетін залалдар (борыштар) сомасын және бөлінген субсидиялар сомаларын көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      17. Жергілікті атқарушы орган тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін бекіту туралы мәслихаттың шешімі шыққан сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізбе негізінде коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдарға коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) өтеуге субсидиялар төлеу үшін ведомость қалыптастырады.

      Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың банк шоттарына субсидияларды аударуды жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) өтеуге субсидиялар төлеу үшін ведомость қалыптастырылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      18. Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдар есепті кезеңнен кейінгі ай сайын айдың 5-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша залалдарды (борыштарды) өтеуге берілген субсидиялардың мақсатты пайдаланылуы туралы есепті (бұдан әрі – залалдарды (борыштарды) өтеуге арналған есеп) ұсынады.

      Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік субсидиялар сомалары толық игерілгеннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) өтеуге ұсынылған есептердің қорытындылары бойынша ақпаратты орналастырады.

  Жылыту маусымын іркіліссіз
өткізу үшін энергия өндіруші
ұйымдар мен жылу өндіруші
субъектілердің отын сатып алуға
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидиялардың мақсатты қолданылуы туралы есеп ______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (ұйымның атауы)

      20__ жылға ____________________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша ___________

      мың. теңге

Табиғи монополия субъектісі

Кезең (ай)

Субсидиялау сомасы

Игерілмеу себептері

Нақты бөлінді

Игерілді







      Ұйым басшысы_______________________

      Бас бухгалтер________________________.

  Жылыту маусымын іркіліссіз
өткізу үшін энергия өндіруші
ұйымдар мен жылу өндіруші
субъектілердің отын сатып
алуғашығындарын және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
жүз пайызы мемлекетке тиесілі,
коммуналдық меншіктегі және
суды (дистиллятты), электр және
жылу энергиясын өндіру
жөніндегі қызметті бір мезгілде
жүзеге асыратын энергия
өндіруші ұйымдардың
залалдарын (борыштарын)
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Залалдарды (борыштарды) өтеуге берілген субсидиялардың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп ___________________________________________________ ___________________________________________________ (ұйымның атауы)

      20__ жылға _______________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша ___________________

      мың. теңге

Табиғи монополия субъектісі

Кезең (ай)

Субсидиялау сомасы

Игерілмеу себептері

Нақты бөлінді

Игерілді







      Ұйым басшысы_______________________

      Бас бухгалтер______________________________.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 сентября 2017 года № 309 "Об утверждении Правил субсидирования энергопроизводящих организаций на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона"

Приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 6 ноября 2024 года № 394. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 ноября 2024 года № 35343

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 сентября 2017 года № 309 "Об утверждении Правил субсидирования энергопроизводящих организаций на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15903) следующие изменения:

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Об утверждении Правил субсидирования затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона";

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 5-2 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике" и с пунктом 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О теплоэнергетике" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила субсидирования затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона (далее – Правила).";

      Правила субсидирования энергопроизводящих организаций на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона (далее – Правила), утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту развития электроэнергетики Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридический службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Установить, что часть вторая пункта 3, глава 3 Правил и приложение 2 к Правилам действуют до 1 января 2026 года.

      Приостановить до 1 января 2026 года действие:

      1) абзаца третьего пункта 1 настоящего приказа, установив, что в период приостановления данный абзац действует в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил субсидирования энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона и убытков (долгов) энергопроизводящих организаций, сто процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, находящихся в коммунальной собственности и осуществляющих одновременно деятельность по производству воды (дистиллята), электрической и тепловой энергии";

      2) абзаца седьмого пункта 1 настоящего приказа, установив, что в период приостановления данный абзац действует в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила субсидирования затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона и убытков (долгов) энергопроизводящих организаций, сто процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, находящихся в коммунальной собственности и осуществляющих одновременно деятельность по производству воды (дистиллята), электрической и тепловой энергии.";

      3) заголовка Правил, установив, что в период приостановления заголовок Правил действует в следующей редакции:

      "Правила субсидирования затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона и убытков (долгов) энергопроизводящих организаций, сто процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, находящихся в коммунальной собственности и осуществляющих одновременно деятельность по производству воды (дистиллята), электрической и тепловой энергии";

      4) пунктов 1 и 2 Правил, установив, что в период приостановления данные пункты действуют в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила субсидирования затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона и убытков (долгов) энергопроизводящих организаций, сто процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, находящихся в коммунальной собственности и осуществляющих одновременно деятельность по производству воды (дистиллята), электрической и тепловой энергии (далее – энергопроизводящие организации, находящиеся в коммунальной собственности) (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 5-2 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике" и с пунктом 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О теплоэнергетике" и определяют порядок субсидирования затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона и убытков (долгов) энергопроизводящих организаций, находящихся в коммунальной собственности.

      2. Субсидирование затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона и убытков (долгов) энергопроизводящих организаций, находящихся в коммунальной собственности, осуществляется местными исполнительными органами областей, города республиканского значения, столицы (далее – местные исполнительные органы) за счет средств, предусмотренных в местном бюджете.";

      5) части первой пункта 12 Правил, установив, что в период приостановления данная часть действует в следующей редакции:

      "12. Энергопроизводящие организации и теплопроизводящие субъекты в период проведения отопительного сезона ежемесячно в срок до 5 числа месяца, следующего за отчетным периодом, предоставляют в местный исполнительный орган отчет о целевом использовании субсидий на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона по форме, согласно приложения 1 к настоящих Правил (далее – отчет).";

      6) правого верхнего угла приложения 1 к Правилам, установив, что в период приостановления правый верхний угол приложения 1 к Правилам действует в следующей редакции:

  "Приложение 1
к Правилам субсидирования
затрат энергопроизводящих
организаций
и теплопроизводящих субъектов
на приобретение топлива
для бесперебойного проведения
отопительного сезона и убытков
(долгов) энергопроизводящих
организаций, сто процентов
акций (долей участия в уставном
капитале) которых принадлежат
государству, находящихся
в коммунальной собственности
и осуществляющих одновременно
деятельность по производству
воды (дистиллята),
электрической и тепловой энергии".

      исполняющий обязанности
Министра энергетики
Республики Казахстан
С. Есимханов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 6 ноября 2024 года № 394
  Утверждены приказом
Министра энергетики
Республики Казахстан
от 13 сентября 2017 года № 309

Правила субсидирования затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила субсидирования затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 5-2 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике" и с пунктом 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О теплоэнергетике" и определяют порядок субсидирования затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона.

      2. Субсидирование затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона осуществляется местными исполнительными органами областей, города республиканского значения, столицы (далее – местные исполнительные органы) за счет средств, предусмотренных в местном бюджете.

      3. Субсидии на приобретение топлива предоставляются энергопроизводящим организациям и теплопроизводящим субъектам для бесперебойного проведения отопительного сезона.

      Субсидии на погашение убытков (долгов) предоставляются энергопроизводящим организациям, сто процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, находящихся в коммунальной собственности и осуществляющих одновременно деятельность по производству воды (дистиллята), электрической и тепловой энергии (далее – энергопроизводящие организации, находящиеся в коммунальной собственности).

Глава 2. Порядок субсидирования затрат энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона

      4. Местные исполнительные органы устанавливают дату начала и окончания приема заявок энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона с учетом природно-климатических условий.

      Информация о дате начала и окончания приема заявок энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на приобретение топлива размещается местным исполнительным органом на своем официальном интернет-ресурсе.

      5. Энергопроизводящие организации и теплопроизводящие субъекты предоставляют в соответствующий местный исполнительный орган заявку на получение субсидии на приобретение топлива в произвольной форме (далее – заявка).

      К заявке прилагают следующие документы:

      1) пояснительную записку о необходимости получения субсидии на приобретение топлива в произвольной форме;

      2) сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности; получателя субсидии на момент подачи заявки;

      3) банковские реквизиты;

      4) расчет потребности топлива на производство тепловой энергии и суммы субсидий на его приобретение;

      5) разбивку субсидий помесячно;

      6) договор поставки топлива, товарно-транспортные накладные;

      7) копию приказа об утверждении тарифа (цены, ставки сбора) или его предельного уровня и тарифных смет на регулируемые услуги по производству, передаче, распределению и снабжению тепловой энергией;

      8) анализ величины тарифа на услуги по производству, передаче, распределению и снабжению тепловой энергией в случае выделения/невыделения субсидии на приобретение топлива;

      9) информацию о фактической выработке тепловой энергии за предыдущий отопительный сезон;

      10) бухгалтерский баланс со сведениями о дебиторской задолженности за предыдущий календарный год;

      11) информацию о запасе топлива на начало отопительного сезона.

      6. Местный исполнительный орган рассматривает заявку энергопроизводящей организации и теплопроизводящего субъекта в течение 10 (десяти) рабочих дней с момента ее предоставления.

      7. В случае предоставления энергопроизводящей организацией и теплопроизводящим субъектом неполного пакета документов и (или) предоставления недостоверной информации, местный исполнительный орган в течение 2 (двух) рабочих дней со дня получения заявки в письменной форме возвращает документы энергопроизводящей организации с указанием причин возврата.

      Энергопроизводящая организация и теплопроизводящий субъект повторно представляет заявку в местный исполнительный орган до истечения срока окончания приема заявок энергопроизводящих организаций и теплопроизводищих субъектов на приобретение топлива.

      8. По итогам рассмотрения заявок местный исполнительный орган формирует перечень энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов на получение субсидии на приобретение топлива (далее – Перечень) и размещает его на своем интернет-ресурсе с указанием объема топлива и выделенной суммы субсидии, и направляет его в территориальное подразделение ведомства уполномоченного органа, осуществляющего руководство в соответствующих сферах естественных монополий.

      Объемы топлива определяются в соответствии с Правилами определения норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций, утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 34 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10583).

      9. Субсидии рассчитываются исходя из заявленных энергопроизводящими организациями и теплопроизводящими субъектами данных по виду и объему топлива, по следующей формуле:



      где:

      C – сумма выделяемой субсидии (тенге);

      Vнс – необходимый объем субсидий (тенге);

      N – коэффициент эффективности сбора дебиторской задолженности за предыдущий календарный год (%).

      Необходимый объем субсидии (Vнс) рассчитывается по следующей формуле:



      где:

      Vт – объем топлива (тонн или м3);

      Ст – стоимость топлива на расчетный год (тенге).

      Коэффициент эффективности сбора дебиторской задолженности за предыдущий календарный год (N) рассчитывается по следующей формуле:



      где:

      СДЗ – сумма собранной дебиторской задолженности за предыдущий календарный год (тенге);

      ДЗ – общий объем дебиторской задолженности за предыдущий календарный год (тенге).

      10. Местный исполнительный орган в течение 3 (трех) рабочих с момента утверждения бюджета соответствующим решением маслихата области, города республиканского значения, столицы на основании Перечня формирует ведомость для выплаты энергопроизводящим организациям и теплопроизводящим субъектам субсидий на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона.

      11. Местный исполнительный орган в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня формирования ведомости в соответствии с индивидуальным планом финансирования по платежам представляет счета к оплате в территориальное подразделение Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

      Перечисление субсидий на банковские счета энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов осуществляется местным исполнительным органом в течение 5 (пяти) рабочих дней.

      12. Энергопроизводящие организации и теплопроизводящие субъекты в период проведения отопительного сезона ежемесячно в срок до 5 числа месяца, следующего за отчетным периодом, предоставляют в местный исполнительный орган отчет о целевом использовании субсидий на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее – отчет).

      Местный исполнительный орган не позднее 15 (пятнадцати) календарных дней после окончания отопительного сезона размещает на своем интернет-ресурсе информацию по итогам представленных отчетов энергопроизводящих организаций и теплопроизводящих субъектов, а также направляет ее в территориальное подразделение ведомства уполномоченного органа, осуществляющего руководство в соответствующих сферах естественных монополий.

Глава 3. Порядок субсидирования убытков (долгов) энергопроизводящих организаций, находящихся в коммунальной собственности

      13. Энергопроизводящие организации, находящиеся в коммунальной собственности, предоставляют в соответствующий местный исполнительный орган заявку на получение субсидии по погашению убытков (долгов) в произвольной форме.

      К заявке прилагаются следующие документы:

      1) пояснительная записка о необходимости получения субсидии на погашение убытков (долгов) в произвольной форме;

      2) сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности получателя субсидии на момент подачи заявки;

      3) банковские реквизиты;

      4) акты сверки на начало месяца подачи заявки;

      5) бухгалтерский баланс со сведениями о дебиторской задолженности и кредиторской задолженности за предыдущий и текущий календарный год.

      14. Местный исполнительный орган рассматривает заявку энергопроизводящих организаций, находящихся в коммунальной собственности, в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента ее предоставления.

      15. В случае предоставления энергопроизводящей организацией, находящейся в коммунальной собственности, неполного пакета документов и (или) предоставления недостоверной информации, местный исполнительный орган в течение 2 (двух) рабочих дней со дня получения заявки в письменной форме возвращает документы энергопроизводящей организации, находящейся в коммунальной собственности, с указанием причин возврата.

      Энергопроизводящая организация, находящаяся в коммунальной собственности, после устранения замечаний повторно представляет заявку в местный исполнительный орган.

      Местный исполнительный орган рассматривает повторную заявку энергопроизводящих организаций, находящихся в коммунальной собственности, в сроки, указанные в пункте 14 настоящих Правил.

      16. По итогам рассмотрения заявок местный исполнительный орган в течение 3 (трех) рабочих дней формирует перечень энергопроизводящих организаций, находящихся в коммунальной собственности, соответствующий требованиям пункта 13 настоящих Правил и размещает его на своем интернет-ресурсе с указанием возмещаемой суммы убытков (долгов) и выделенных сумм субсидий.

      17. Местный исполнительный орган в течение 3 (трех) рабочих дней с момента утверждения бюджета соответствующим решением маслихата области, города республиканского значения, столицы на основании перечня формирует ведомость для выплаты энергопроизводящим организациям, находящимся в коммунальной собственности, субсидий на погашение убытков (долгов) энергопроизводящих организаций, находящихся в коммунальной собственности.

      Перечисление субсидий на банковские счета энергопроизводящих организаций, находящихся в коммунальной собственности, осуществляется местным исполнительным органом в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента формирования ведомости для выплаты субсидий на погашение убытков (долгов) энергопроизводящих организаций, находящихся в коммунальной собственности.

      18. Энергопроизводящие организации, находящиеся в коммунальной собственности, ежемесячно в срок до 5 числа месяца, следующего за отчетным периодом, предоставляют в местный исполнительный орган отчет о целевом использовании субсидий на погашение убытков (долгов) по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее – отчет на погашение убытков (долгов)).

      Местный исполнительный орган не позднее 15 (пятнадцати) календарных дней после полного освоения сумм государственных субсидий размещает на своем интернет-ресурсе информацию по итогам представленных отчетов на погашение убытков (долгов) энергопроизводящих организаций, находящихся в коммунальной собственности.

  Приложение 1
к Правилам субсидирования
затрат энергопроизводящих
организаций
и теплопроизводящих субъектов
на приобретение топлива
для бесперебойного проведения
отопительного сезона
  Форма

Отчет о целевом использовании субсидий на приобретение топлива
для бесперебойного проведения отопительного сезона _____________________________________________________
_____________________________________________________
(наименование организации)

      по ____________________________________________
области (городу республиканского значения, столицы)
за ____________ 20__ года

      тыс. тенге

Субъект естественной монополии

Период (месяц)

Сумма субсидирования

Причины не освоения

Фактически выделено

Освоено







      Руководитель организации _______________________
Главный бухгалтер ______________________________.

  Приложение 2
к Правилам субсидирования
затрат энергопроизводящих
организаций
и теплопроизводящих субъектов
на приобретение топлива
для бесперебойного проведения
отопительного сезона и убытков
(долгов) энергопроизводящих
организаций, сто процентов
акций (долей участия в уставном
капитале) которых принадлежат
государству, находящихся
в коммунальной собственности
и осуществляющих
одновременно деятельность
по производству воды
(дистиллята), электрической
и тепловой энергии
  Форма

Отчет о целевом использовании субсидий на погашение убытков (долгов)
______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(наименование организации)

      по ____________________________________________
области (городу республиканского значения, столицы)
за _____________ 20__ года

      тыс. тенге

Субъект естественной монополии

Период (месяц)

Сумма субсидирования

Причины не освоения

Фактически выделено

Освоено







      Руководитель организации _______________________
Главный бухгалтер ______________________________.