БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 1114/135 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27384 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының (бұдан әрі – орталық мемлекеттік органдар) міндеттемелерді міндетті және адал орындауын және күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мониторингі тәртібін анықтайды.";
5-тармақтың бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
7-тармақтта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты қорытады, талдайды және талдау нәтижелері бойынша сыртқы саяси бағаны қамтитын жиынтық ақпаратты жылына бір рет 10 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) жібереді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Үкімет Аппараты жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында анықталған тәртіппен жібереді.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары Сыртқы істер Министрі |
М. Нұртілеу |