Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 36-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 151 бұйрығын күші жойылды деп тану (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 18361 ретінде тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге міндетті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |