Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 наурызда № 18361 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер –
Министрінің бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпаны
№ 151 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптары

Санат

Лауазымның атауы

Біліміне қойылатын талаптар

Өтілге қойылатын талаптар

Тәжірибелік біліктілік

Денсаулық жағдайына қарай талаптары

1.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі органдарының орталық аппаратының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптары

С-FM-1

Төрағаның орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте кемінде он жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы: не мемлекеттік қызметте кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы:
не аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде он екі жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

С-FM-2

Департамент басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл; не мемлекеттік органдарда кемінде он жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде он бір жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

С-FM-3

Басқарма басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

1.Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте кемінде алты жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл, не мемлекеттік органдарда кемінде тоғыз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл; не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде он жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

С-FM-4

Басқарма басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл, немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде екі жыл; не мемлекеттік органдарда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде тоғыз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

С-FM-5

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы), аға тергеуші, аға жедел уәкіл (анықтаушы), бас маман

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте кемінде үш жыл қызмет өтілінің; не мемлекеттік органдарда кемінде төрт жыл; не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің; не жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

С-FM-6

Тергеуші, жедел уәкіл (анықтаушы), маман

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

1. Құқық қорғау, арнаулы органдарда немесе әскери қызметте кемінде екі жыл қызмет өтілінің; не мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл; не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің; не жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік органдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

2.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіның Қаржы мониторингі органдары аумақтық бөлімшелерінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары

С-FMО-1

Департамент басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте кемінде он жыл қызмет өтілінің; оның ішінде орталық аппараттың құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл; не аумақтық құқық қорғау,не мемлекеттік органдарда кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл; не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде он екі жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

С-FMО-2

Департамент басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте кемінде жеті жыл қызмет өтілінің; оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл немесе құқық қорғау, арнаулы органдары орталық аппараттың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл; не мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің; оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл; не осы санаттағы нақты лауазымның мемлекеттік органдарында сәйкес салаларда кемінде тоғыз жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы; не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде он бір жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

С-FMО-3

Басқарма басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте кемінде алты жыл қызмет өтілінің, оның ішінде орталық аппараттың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде бір жыл; не аумақтық құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарында басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл, не мемлекеттік органдарда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде он жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

С-FMО-4

Басқарма басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде бес жыл қызмет өтілінің, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл, немесе аумақтық құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес, немесе мемлекеттік органдарда кемінде жеті жыл жұмыс өтіліні; оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

С-FMО-5

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы), аға тергеуші, аға жедел уәкіл (анықтаушы), бас маман

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде екі жыл қызмет өтілінің; немесе мемлекеттік органдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

С-FMО-6

Тергеуші, жедел уәкіл (анықтаушы), анықтаушы, маман

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе ортадан кейінгі кәсіби білімі.

Жұмыс өтілінің болуы талап етілмейді

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады