"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 151 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 желтоқсанда № 35456 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 36-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 151 бұйрығын күші жойылды деп тану (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 18361 ретінде тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге міндетті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады