"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидалары бекітілсін.
2. "Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 117 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16765 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 637-НҚ Бұйрыққа қосымша |
Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ресми хабар – "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген ақпарат иеленуші бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беретін және (немесе) тарататын ақпарат;
2) халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайларын бұзу – оның факторларының адамға жағымсыз әсер етуі орын алатын тыныс-тіршілік ету жағдайының өзгеруі.
2-тарау. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру тәртібі
3. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде және (немесе) жергілікті атқарушы органдар оқиға басталған кезден бастап 3 (үш) сағаттан кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы ахуал туралы ресми хабарлар береді.
4. Ресми хабарды қалыптастыруды орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бойынша уәкілетті тұлға (бөлімше) жүзеге асырады және орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысымен немесе оны алмастыратын адаммен келісіледі.
5. Ресми хабар оны ұсыну кезіндегі халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайларын бұзу, оларды жою жөнінде қабылданатын шараларға қатысты барынша толық деректерді қамтиды.
6. Халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайларының бұзылу фактілері туралы ресми хабарларды бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыну мыналар:
1) орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның ресми онлайн-платформасында ресми хабар жариялау;
2) бұқаралық ақпарат құралдарының бар электрондық мекенжайына арнайы ресми хабар тарату;
3) коммуникациялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің алаңдарында брифинг өткізу арқылы жүзеге асырылады.