Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 сәуірде № 16765 болып тіркелді.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 12-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің міндетін атқарушы
А. Әжібаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
Министрінің міндетін
атқарушының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 117 бұйрығымен
бекітілген

Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган – бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган);

      2) ресми хабар – "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген ақпарат иесімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін және (немесе) таратылатын ақпарат;

      3) халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайларын бұзу – оның факторларының адамға жағымсыз әсер етуі орын алатын тыныс-тіршілік ету жағдайының өзгеруі.

2-тарау. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарларды беру тәртібі

      3. Халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылу факторлары туындаған кезден бастап, орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар олардың құзыретіне жатқанда, 3 сағаттан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабар береді.

      4. Ресми хабарды қалыптастыруды бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бойынша уәкілетті тұлға (бөлімше) жүзеге асырады және орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысымен немесе оны алмастыратын адаммен келісіледі.

      5. Ресми хабар қалыптасқан тыныс-тіршілігін бұзу жағдайларына, оны ұсыну кезіндегі оларды жою жөнінде қабылданатын шараларға қатысты барынша толық деректерді қамтуы тиіс.

      6. Халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайларының бұзылу фактілері туралы ресми хабарларды бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыну мыналар:

      1) орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсына және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарына ресми хабар жариялау;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарының бар электрондық мекенжайына арнайы ресми хабар тарату;

      3) коммуникациялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің алаңдарында брифинг өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады