ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 471 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 33069 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқық түсіндіру және үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық көрсетілген бұйрықпен бекітілген, 2025 жылдың 15 ақпанына дейін қолданылатын Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының 2, 3, 4, 6, 7-тарауларын қоспағанда, 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Осы Қағидалардың 12-тармағының үшінші бөлігі 2025 жылдың 15 қаңтарына дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Кестені мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін өзге де лауазымды тұлға құқықтық мониторинг жүргізетін жылғы 15 қаңтарға дейін бекітеді және бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады".
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1070 бұйрығына қосымша/ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 471 бұйрығымен бекітілген |
Құқықтық мониторинг жүргізу ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" туралы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeнің 14-тармағының 264) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілердің іске асырылу тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау мақсатында жүргізіледі.
Бұл ретте құқықтық мониторинг жалпы қолданыстағы нормативтік базаның тиімділігін бағалауға бағытталуы тиіс.
3. Құқықтық мониторингтің объектілері:
1) белгілі бір саладағы саясатты қалыптастыратын орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары үшін – заңнама салалары (кіші салалар), оның ішінде олар қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын не өздерінің құзыретіне жататын белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын (бұдан әрі – заңнама салалары (кіші салалар)) қамтитын;
2) белгілі бір салада саясатты қалыптастырмайтын орталық мемлекеттік органдар мен оның ведомстволары және жергілікті мемлекеттік басқару органдары үшін – олар қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
4. Құқықтық мониторингке:
1) конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары жатады.
Құқықтық мониторинг мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша:
1) заңда белгіленген тәртіппен күші жойылған нормативтік құқықтық актілерге;
2) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерге;
3) нормативтік құқықтық актілерді күшін жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актілерге;
4) мемлекеттік органдардың, олардың қарауындағы ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық операторлардың ішкі ведомстволық қызметін реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын нормативтік құқықтық актілерге;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына;
6) республикалық бюджетті бекіту, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерге;
7) халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы нормативтік құқықтық актілерге;
8) амнистия туралы нормативтік құқықтық актілерге;
9) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге жүргізілмейді.
Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жариялаусыз", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер бойынша құқықтық мониторинг мемлекеттік органның ішкі тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторингті олардың әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдар осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу Қағидаларында белгіленген тәртіппен тұруыақты негізде жүргізеді.
6. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тартуы мүмкін.
7. Мемлекеттік органдарда құқықтық мониторинг жөніндегі бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері, олар болмаған жағдайда мемлекеттік органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – заң қызметтері) жүзеге асырады.
8. Мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг бойынша қызметін үйлестіруді әділет органдары жүзеге асырады.
9. Белгілі бір салада саясатты қалыптастыратын орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары осы Қағидалардың 2, 3 және 4-тарауларына сәйкес құқықтық мониторинг жүргізеді.
10. Белгілі бір салада саясатты қалыптастырмайтын орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары және жергілікті мемлекеттік органдар құқықтық мониторингті осы Қағидалардың 5 және 6-тарауларына сәйкес жүргізеді.
11. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қолданылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне жыл сайынғы жолдауларында, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы өзге де актілерде қамтылған ақпарат;
2) Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларында баяндалған құқықтық ұстанымдар;
2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қаулылары, оның ішінде оларда қамтылған құқықтық позициялар;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
4) сот практикасын талдау, қорыту нәтижелері;
5) нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына қатысты прокурорлық қадағалау актілері;
6) мемлекеттік аудит нәтижелері (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қорытындысы);
7) мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын шолуы;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізген заңнаманың тиімділігін талдау нәтижелері;
9) азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау және қорытындылау нәтижелері;
10) құқық қолдану практикасы бойынша статистикалық деректері;
11) нормативтік құқықтық актілерге ғылыми сараптамалардың қорытындылары;
12) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы және ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;
13) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы жыл сайынғы және арнайы баяндамалардың нәтижелері, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының шоғырландырылған баяндамалары;
14) мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша талдау нәтижелері, оның ішінде мемлекеттік органдардың әкімшілік рәсімдерін зерделеу;
15) мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында процестерді жетілдіру мәселелері бойынша талдау нәтижелері;
16) реттеушілік әсерге талдау нәтижелері;
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ сараптама кеңестерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстары;
18) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптама кеңестердің сараптамалық қорытындылары;
19) қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар жүргізетін заңнама нормаларын қолдануға қоғамдық мониторинг қорытындылары (ұсынымдар);
20) нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторинг нәтижелері;
21) нормативтік құқықтық актілерді құқық қолдану мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері;
22) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасында жүргізілетін республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулері, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүргізілген "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің платформасында жарияланатын зерттеулер;
23) заңнаманы жетілдіру жөніндегі талдамалық материалдарды;
24) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдар;
25) бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қолжетімді телекоммуникация желілеріндегі, оның ішінде әлеуметтік желілердегі интернет-ресурстарда қамтылған ақпарат пайданылады.
2-тарау. Белгілі бір салада саясатты қалыптастыратын орталық мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекіту
12. Заңнама саласының (кіші саласының) құқықтық мониторингін қамтамасыз ету мақсатында орталық мемлекеттік органдар жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға құқықтық мониторинг жүргізу кестесін (бұдан әрі – кесте) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітеді, онда:
1) заңнама саласының (кіші саласының) атауы;
2) заңнама саласын (кіші саласын) қамтитын нормативтік құқықтық актілердің толық тізбесі;
3) құқықтық мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің, орталық мемлекеттік органның атауы;
4) құқықтық мониторинг жүргізу мерзімі.
Бұл ретте заңнама саласын (кіші саласын) таңдауы әлеуметтік мәніне, құқық қолдану практикасындағы мәселелерге, экономикалық факторларға, нормативтік құқықтық актілердің тұрақсыздығына негізделуі тиіс.
Кестені мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін өзге де лауазымды тұлға құқықтық мониторинг жүргізетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін бекітеді және бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.
13. Кестеде бекітілген заңнама салаларының (кіші салаларының) тізбесі мемлекеттік органның олардың ережелерімен бекітілген функциялары негізінде қалыптастырылады және тоқсанына заңнаманың бір жыл ішінде қайталауға болмайтын, кемінде бір саласына (кіші саласына) құқықтық мониторингін жүргізуді көздеуі тиіс.
14. Өткен жылы құқықтық мониторинг жүргізілген заңнама саласы (кіші саласы) кестеге енгізілмейді.
15. Бекітілген кесте осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік орган кестеге тиісті өзгерістер енгізеді.
3-тарау. Белгілі бір салада саясатты қалыптастыратын орталық мемлекеттік органдардың құқықтық мониторингін жүргізу
16. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері кестеде белгіленген мерзімдерде заң қызметтеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты ұсынады.
17. Кешенді құқықтық мониторингті жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар нысаналы топтарды тартуға құқылы.
Ескерту. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін нысаналы топ деп заңнаманың тиісті саласының (кіші саласының) нормативтік құқықтық актілері қолданылатын, қоғамдық кеңестердің, сараптамашылық кеңестердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың мүдделі тұлғалар тобы түсініледі.
18. Құқықтық мониторинг келесі кезеңдерді қамтиды:
1) заңнама саласын (кіші саласын) ретроспективті талдау;
2) заңнама саласы (кіші саласы) шеңберінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын стратегиялық мақсаттарды, оның ішінде нысаналы индикаторларды, міндеттемелердің орындалуын талдау;
3) заңнама саласының (кіші саласының) құқық қолдану практикасын талдау;
4) заңнама саласының (кіші саласының) құқықтық реттеудегі тұрақтылығы дәрежесін анықтау;
5) заңнама саласын (кіші саласын) заңды талдау.
19. Ретроспективті талдау деп қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге әсер еткен заңнама саласының (кіші саласының) нормаларына енгізілген тұжырымдамалық сипаттағы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды талдау түсініледі. Бұл ретте ретроспективті талдау жүргізілетін уақыт кезеңі кемінде соңғы бес жыл болуы тиіс.
Ретроспективті талдаудың мақсаты - заңнама саласын (кіші саласын) реттейтін нормативтік құқықтық актілерді енгізу нәтижесінде туындаған құқықтық салдарларды, оларды енгізуге негіз болған күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында бағалау болып табылады.
Заңнама саласының (кіші саласының) ретроспективті талдауының нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
20. Заңнама саласы (кіші саласы) шеңберінде стратегиялық мақсаттарды, оның ішінде нысаналы индикаторларды және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талдау құқықтық реттеудің олардың жетістіктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттік органдар заңнама саласы (кіші саласы) шеңберінде тиісті құқықтық реттеуді енгізу арқылы іске асыруы қамтамасыз етіледі Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында және өзге де жоспарлау құжаттарында (бар болса) көзделген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға қол жеткізуді айқындайды, сондай-ақ заңнама саласын (кіші саласын) халықаралық шарттарың орындалу мәніне талдайды.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және өзге де жоспарлау құжаттарының түрлері "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен айқындалады.
21. Стратегиялық мақсаттарды, оның ішінде нысаналы индикаторларды және заңнама саласының (кіші саласының) шеңберіндегі халықаралық міндеттемелерді орындауын талдау нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
22. Құқық қолдану тәжірибесін талдау құқықтық реттеу мақсаттарына қол жеткізуге кедергі келтіретін мәселелерді анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Өзекті мәселелер деп құқық қолдану тәжірибесі процесінде анықталған, нормаларды реттеу мен іс жүзінде қолдану сапасына әсер ететін құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар түсініледі.
23. Құқық қолдану практикасын талдау кезінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мәліметтер пайдаланылады.
24. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары заңнама саласы (кіші саласы) шеңбер орталық мемлекеттік органның сұранысы бойынша құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерi бойынша ақпаратты ұсынады.
Егер орталық мемлекеттік орган өзгеше мерзім белгілемесе, жергілікті мемлекеттік басқару органдары сұрау салу түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ақпаратты ұсынады.
25. Құқық қолдану тәжірибесін талдау нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
26. Заңнама саласын (кіші саласын) құқықтық реттеудің тұрақтылық дәрежесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген формула негізінде айқындалады.
27. Заңнама саласын (кіші саласын) құқықтық реттеудің тұрақтылығы дәрежесін айқындау объектісі:
1) конституциялық заңдар, кодекстер, шоғырландырылған заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық болып табылады.
28. Заңнама саласын (кіші саласын) құқықтық реттеудің тұрақтылық дәрежесін анықтау объектісі болып табылмайды:
1) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер;
2) халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы нормативтік құқықтық актілер;
3) республикалық бюджетті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы НҚА толық, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер;
4) амнистия туралы нормативтік құқықтық актілер;
5) заңда белгіленген тәртіппен күшін жойған нормативтік құқықтық актілер.
29. Құқықтық реттеудің тұрақтылық дәрежесін айқындау кезеңі құқықтық мониторинг жүргізу жылының алдындағы жыл болып табылады.
30. Заңнама саласын (кіші саласын) тұрақты құқықтық реттеу дәрежесі 5 баллдан аспайтын құқықтық реттеу деп түсініледі.
Заңнама саласының (кіші саласының) тұрақты құқықтық реттеу дәрежесі 5 ұпайдан асатын, бірақ 10 ұпайдан аспайтын құқықтық реттеу деп түсініледі.
Заңнама саласының (кіші саласының) тұрақсыз құқықтық реттеу дәрежесі 10 баллдан асатын құқықтық реттеу деп түсініледі.
31. Заңнама саласының (кіші саласының) құқықтық талдауы Қазақстан Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық нормаларын анықтау мақсатында жүзеге асырылады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
32. Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құқықтық мониторингтің мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін талдау қорытындылары, нормативтік реттеуді жетілдіру бойынша ұсынымдар, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою және берілген ұсынымдарды орындау бойынша шаралар қабылдаудың күтілетін мерзімдері қалыптасады.
4-тарау. Белгілі бір саладағы саясатты қалыптастыратын орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңнама саласының (кіші саласының) құқықтық мониторингінің нәтижелері
33. Құқықтық мониторинг нәтижелерін заң қызметі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
34. Құқықтық мониторингтің сапасын бақылауды мемлекеттік орган аппаратының басшысы немесе заң қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін өзге де лауазымды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына құқықтық мониторингтің сапасыз жүргізілу фактілері туралы ақпарат беретін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Әділет министрлігі) жүзеге асырады.
Ескерту. Құқықтық мониторингтің сапасыздығы деп үстірт немесе толық емес талдауына байланысты құқықтық мониторингтің мақсаттары ашылмаған есеп түсініледі.
35. Тоқсан сайын жүргізілетін құқықтық мониторинг нәтижелерін орталық мемлекеттік органдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде нысаналы топтардың ескертулерімен және (немесе) ұсынымдарымен бірге (бар болса) Әділет министрлігіне қазақ және орыс тілдерінде жібереді.
36. Орталық мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг нәтижелерін Әділет министрлігіне жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
5-тарау. Белгілі бір салада саясатты қалыптастырмайтын орталық мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі
37. Саясатты қалыптастырмайтын орталық мемлекеттік органдардың құқықтық мониторингі тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мәліметтер пайдаланылады.
38. Орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болған не олардың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге, олардағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылып жатқан, ескірген және сыбайлас жемқорлыққа бейім құқықтық нормаларды анықтау мақсатында құқықтық талдау жүргізеді.
39. Құрылымдық бөлімшелер есепті жылдың соңына дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты заң қызметтеріне ұсынады.
40. Заң қызметтері, құрылымдық бөлімшелер жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Әділет министрлігіне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп жібереді.
6-тарау. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарын құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі
41. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары құқықтық мониторингті тұрақты негізде жүргізеді.
Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мәліметтер пайдаланылады.
42. Жергілікті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері есепті жылдың соңына дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты заң қызметіне ұсынады.
43. Жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары жыл қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін аумақтық әділет органдарына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептер жібереді.
44. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытындылайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін Әділет министрлігіне жібереді.
7-тарау. Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат.
45. Әділет министрлігі осы Қағидалардың 35, 40 және 44-тармақтарына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдайды және қорытындылайды, және қорытынды ақпаратты жыл сайын 15 ақпанға дейін өзінің интернет-ресурсында және бірыңғай құқықтық ақпараттық жүйеде орналастырады.
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі кезеңінде мемлекеттік органдар ұсынған ақпараттың дұрыстығын тексеру мақсатында әділет органдары құқықтық мониторинг нәтижелеріне қосымша зерделеу жүргізеді.
46. Әдiлет министрлiгi жариялайтын жыл сайынғы есеп мемлекеттiк органдар ұсынатын ақпаратты қорытындылаудан басқа, мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын құқықтық мониторинг сапасын арттыру жөнiндегi шараларды қабылдау жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды.
8-тарау. Құқықтық мониторингке қатысты өзге де мәселелер.
47. Құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар әділет органдарына кадр және шаруашылық мәселелері жөніндегі құқықтық актілерді қоспағанда, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары қабылдаған актілердің тізбесін жылына екі рет бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылғы 10 шілдеге дейін) және жылдың (есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін) қорытындылары бойынша жібереді.
Әділет органдары оларды мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы мәселені шешу үшін тиісті актілерді сұратады.
48. Олар әзірлеуші болып табылмайтын мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормалар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған не оны әзірлеуші болып табылатын, не оның құзыретіне жататын мемлекеттік органға анықталған фактілер туралы хабардар етеді.
49. Жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша қабылданған шаралар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері бойынша – Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу, тиісті заң жобаларын Заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізу, заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу не басқа заң жобаларына түзетулер енгізу;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары бойынша – Үкімет қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізу;
3) орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері бойынша – нормативтік құқықтық актіні әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге енгізу;
4) Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілер бойынша – оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күшін жою болып табылады.
50. Әдiлет органдары мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жылына кемiнде бiр рет анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Әдiлет министрлiгi жанындағы мемлекеттiк органдардың заң қызметтерiн үйлестiру кеңесiнде құқықтық мониторинг нәтижелерiн қарайды.
51. Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша заңнама саласын (кіші саласын) жетілдіру бойынша ұсынымдардың негізсіз болмауы Әділет министрлігі заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарын әзірлеген кезде мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қабылдамауға негіз бола алады.
9-тарау. Баламалы құқықтық мониторинг.
52. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы" № 149 қаулысымен айқындалған уәкілетті ұйым заңнаманың тиімділігіне талдау жүргізеді.
Мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерін пайдаланады.
Заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік орган заңнаманың тиімділігіне жүргізілген талдау нәтижелерін алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде тиісті нәтижелермен келіспеу негіздемелерімен жазбаша дәлелді және негізделген себептерімен уәкілетті ұйымға жібереді.
53. Нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингін өзге де мүдделі топтар жүргізуі мүмкін.
54. Қоғамдық мониторинг нәтижелері Әділет министрлігіне және тиісті қоғамдық қатынастар салаларында басшылық ететін өзге де мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілуі мүмкін.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері тиісті мемлекеттік органның міндетті түрде қарауына жатады, ол отыз жұмыс күні ішінде дәлелді жауап беруге міндетті.
55. Қоғамдық мониторинг нәтижелерін уәкілетті мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде пайдаланады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 1070 бұйрығына қосымша/ Құқықтық мониторинг жүргізу Қағидаларына 1-қосымша Нысан |
________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
20___ жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі
р/с № | Заңнама саласының (кіші саласының) атауы | Заңнама саласы (кіші саласы) қамтитын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі | Мемлекеттік органның жауапты құрылымдық бөлімшесі | Құқықтық мониторинг жүргізу мерзімі (тоқсан сайын) |
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік
ететін лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
"___" ___________ 20__ жылғы _____________ қолы
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Құқықтық мониторинг жүргізу туралы есеп ___________________________
(заңнама саласының (кіші саласының) атауы)
Құқықтық мониторинг нәтижелері заңнаманың секторын (кіші секторын) талдау нәтижелері бойынша құрылымдық және жинақталған ақпаратты қамтитын талдамалық есеп нысанында ұсынылады.
I. Кіріспе.
Заңнама саласының (кіші саласының) атауы:
Заңнама саласын (кіші саласын) реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
Нысаналы топ:
Саласының (кіші саласының) сипаттамасы, оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі мақсаттары мен міндеттері, реттеу объектісі мен субъектісі:
II. Заңнама саласын (кіші саласын) ретроспективті талдауы.
Бұл бөлімде тиісті салада (кіші салада) мемлекет құрған саясат, қабылданған шешімдер, іске асырылған новеллалар, заңнаманың тиісті саласының (кіші саласының) эволюциялық дамуын бағалау үшін енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсету қажет.
Ретроспективті талдау тиісті саласын (кіші саласын) реттейтін заңнамалық актілер немесе бөлімдер, тараулар және басқа да заңнамалық актілер бойынша, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізілген заңдар (немесе олардың бөліктері) бойынша жүргізіледі.
р/с | Талданатын заңнама саласының (кіші саласының) уақытша кезеңі | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Тұжырымдамалық сипаттағы енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды сипаттау (заңнамалық актінің құрылымдық элементтерін көрсете отырып) | Түзету негіздері және бастапқыда айтылған мақсаттар |
Нақты салдары |
III. Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларды талдауы.
р/с | Мемлекеттік жоспарлау Жүйесі құжатының немесе өзге де жоспарлау құжатының атауы |
Мақсаты | Қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің не іске асыру үшін қабылданған немесе әзірленетін мақсаттың атауы (нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін, нормативтік құқықтық актінің жобасын көрсете отырып) | Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған не ықпал ететін нормалардың мазмұны туралы мәліметтер (құқықтық құралдар) |
Мақсаттарға қол жеткізу құқығының нормаларын бағалау (нормативтік реттеу оларға қаншалықты қол жеткізуге мүмкіндік береді). |
IV. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талдауы.
р/с | Халықаралық шарттың атауы | Қазақстан Республикасының Міндеттемесі (халықаралық шарттың құрылымдық элементін көрсете отырып) | Қолданыстағы нормативтік құқықтық актінің не орындалуы үшін қабылданған немесе әзірленетін міндеттеменің атауы (нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін, нормативтік құқықтық актінің жобасын көрсете отырып) |
Міндеттемелерді орындауға бағытталған не ықпал ететін нормалардың мазмұны туралы мәліметтер (құқықтық құралдар) |
V. Құқық қолдану практикасын талдауы.
Бұл бөлімшеде құқықтық мониторинг субъектісі құқық қолдану және сот тәжірибесінің жай-күйі туралы ақпаратты беруге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштеріне, прокурорлық қадағалау актілеріне, ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарына мониторинг жүргізуге міндетті. кестені толтыру арқылы ұсынылған ақпаратты бір мезгілде растаумен, семинарлар және бір мезгілде растаумен басқа ақпарат көздері.
р/с | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі | Проблемалық сұрақтардың сипаттамасы | Ақпарат көздері | Қабылданған немесе қабылданған шаралар |
VI. Заңнама саласының (кіші саласының) тұрақтылығы.
№ р/с | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актінің атауы | Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі | Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негіздемесі |
Конституциялық Заңдар, Кодекстер, шоғырландырылған заңдар, заңдар | ||||
1. | ||||
2. | ||||
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары | ||||
3. | ||||
4. | ||||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары | ||||
5. | ||||
6. | ||||
Ведомстволық нормативтік құқықтық актілер | ||||
7. | ||||
8. | ||||
Саланың тұрақтылық дәрежесі |
Ескерту. Ведомстволық нормативтік құқықтық актілер деп Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органдары өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органдары ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары түсініледі.
Заңнама саласының (кіші саланың) тұрақтылық индексі заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық актілер түрлерінің тұрақтылығын мынадай формула бойынша қосу жолымен айқындалады:
Sжалпы= SZ+SU+SPP+SV,
онда:
Sжалпы – заңнама саласының (кіші саланың) тұрақтылық индексі;
Sz - конституциялық заңдардың, кодекстердің, шоғырландырылған заңдардың, заңнама саласын (кіші саны) реттейтін заңдардың тұрақтылық индексі;
Su - Қазақстан Республикасы Президентінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық жарлықтарының тұрақтылық индексі;
Spp - Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық қаулыларының тұрақтылық индексі;
Sv - заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің тұрақтылық индексі.
Конституциялық заңдардың, кодекстердің, шоғырландырылған заңдардың, заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін заңдардың тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
онда:
Az - конституциялық заңдарға, кодекстерге, шоғырландырылған заңдарға, заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген конституциялық заңдардың, заңдардың саны;
Bz - конституциялық заңдардың, кодекстердің, шоғырландырылған заңдардың, заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін заңдардың жалпы саны;
55 - нормативтік құқықтық акт түрінің пайыздық мәні.
Қазақстан Республикасы Президентінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық жарлықтарының тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
онда:
Au - заңнаманың саланы (кіші саланы) реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының саны;
Bu - Қазақстан Республикасы Президентінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық жарлықтарының жалпы саны;
5 - нормативтік құқықтық акт түрінің пайыздық мәні.
Заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
онда:
App - заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының саны;
Bpp-Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама саласын (кіші саланы) реттейтін нормативтік құқықтық қаулыларының жалпы саны;
Нормативтік құқықтық акт түрінің 15 пайыздық мәні.
Заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің тұрақтылық индексі мынадай формула бойынша айқындалады:
онда:
Av - заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің саны;
Bpp - заңнаманың саласын (кіші саланы) реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің жалпы саны;
30 - нормативтік құқықтық акт түрінің пайыздық мәні.
VII. Құқықтық талдауы.
р/с | Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің түрі, қабылданған күні, нөмірі және атауы | Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі (бөлігі, абзацы, тармақшасы, тармағы, бабы) | Анықталған кемшіліктің сипаттамасы | Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданатын немесе қабылданған шаралар (оның ішінде нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы) |
1. | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қарама-қайшы нормалар | ||||
1. | ||||
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейтін нормалар | ||||
2. | ||||
Ескірген нормалар | ||||
3. | ||||
Сыбайлас жемқорлық нормалары | ||||
4. | ||||
Қайталанатын нормалар | ||||
5. | ||||
Құқық нормаларының олқылықтары | ||||
6. | ||||
Артық бланкеттік және сілтемелік нормалардың болуы | ||||
7. | ||||
Басқаша (болған жағдайда) | ||||
Барлығы: (анықталған құқық кемшіліктерінің саны) |
VIII. Қорытындылар мен ұсыныстар.
Бұл бөлімде нормативтік реттеуді одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдармен, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою және әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдаудың болжамды мерзімдерін көрсете отырып, саланы құқықтық реттеудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін өзге бөлімдерде ұсынылған ақпаратқа негізделген жүргізілген талдау қорытындылары көрсетіледі.
IX. Құқық нормаларының анықталған кемшіліктерін жоюға бағытталған шаралар бойынша ақпарат.
р/с | Актінің атауы | Әзірленген ұсыныс | Іске асыру мерзімі |
1. |
_______________________________________________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік
ететін лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
"___" ___________ 20__ жылғы _____________ қолы
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
"_____________________________________________"
(мемлекеттік органның атауы)
Жүргізілген нормативтік құқықтық актілермен құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша есеп
р/с | Нормадағы кемшіліктердің түрі | Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің атауы, түрі, қабылданған күні, нөмірі | Нормативтік құқықтық акт сәйкес келмейтін актінің атауы, түрі, бабы, тармағы, бөлігі, абзацы, қабылданған күні, нөмірі/талдамалық анықтамасының жасалған күні | Анықталған кемшіліктерді жою жөнінде қолданылатын шаралар (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қайшы келетін нормалар | ||||
1. | ||||
Ескірген нормалар | ||||
2. | ||||
Сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормалар | ||||
3. | ||||
Қайталанатын нормалар | ||||
4. | ||||
Құқық нормаларының олқылықтары | ||||
5. | ||||
Артық бланкеттік және сілтемелік нормалардың болуы | ||||
6. | ||||
Өзге (болған жағдайда) | ||||
7. | ||||
Жиыны (болған жағдайда) | ||||
8. | ||||
Барлығы: (анықталған құқық кемшіліктерінің саны) |
________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік
ететін лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
"___" ___________ 20__ жылғы _____________ қолы
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Жергілікті мемлекеттік басқару органдар жүргізген құқықтық мониторинг нәтижелері
_______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
I БӨЛІМ
1. Нормативтік құқықтық актінің атауы
2. Тиімсіз іске асырылатын нормалар
р/с | Нақты тиімсіз іске асырылатын нормалар | Практикада туындайтын проблемалар | Ұсынылатын шешу жолдары |
II БӨЛІМ
р/с | Нормадағы кемшіліктердің түрі | Құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған нормативтік құқықтық актінің атауы, түрі, қабылданған күні, нөмірі | Нормативтік құқықтық акт сәйкес келмейтін актінің атауы, түрі, бабы, тармағы, бөлігі, абзацы, қабылданған күні, нөмірі/талдамалық анықтамасының жасалған күні | Анықталған кемшіліктерді жою жөнінде қолданылатын шаралар (нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, әзірлеу не келісу сатысы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қайшы келетін нормалар | ||||
1. | ||||
Ескірген нормалар | ||||
2. | ||||
Сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормалар | ||||
3. | ||||
Қайталанатын нормалар | ||||
4. | ||||
Құқық нормаларының олқылықтары | ||||
5. | ||||
Артық бланкеттік және сілтемелік нормалардың болуы | ||||
6. | ||||
Өзге (болған жағдайда) | ||||
7. | ||||
Жиыны (болған жағдайда) | ||||
8. | ||||
Барлығы: (анықталған құқық кемшіліктерінің саны) |
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік
ететін лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
"___" ___________ 20__ жылғы _____________ қолы
Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Қабылдаған актілерінің тізбесі
_____________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
р/с | актінің қабылданған күні (күні, айы, жылы) | актінің нөмірі | актінің толық атауы (негізгі актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, негізгі актінің толық атауы) | мемлекеттік тіркеуге жіберілмеген |
кестенің жалғасы
мемлекеттік тіркеуге жіберілген (ілеспе хаттың күні және нөмірі) | тіркелген (мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі) | мемлекеттік тіркеуден бас тартылған (әділет органдары хатының күні және нөмірі) | мемлекеттік тіркеуден бас тартылғаннан кейінгі қолданылған шаралар (күшін жою туралы актінің нөмірі және күні) | мемлекеттік тіркеудің күшін жою (сот шешімінің күні мен нөмірі) |
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның аппарат басшысы не заң қызметі мәселелеріне жетекшілік
ететін лауазымды адам (Т.A.Ә. (болған жағдайда))
"___" ___________ 20__ жылғы _____________ қолы