"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Глотовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 106-3648 қаулысына қосымша |
Астана қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі
1. "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 921 болып тіркелген).
2. "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 106-1486 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1118 болып тіркелген).
3. "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Нур-Султан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 106-911 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1314 болып тіркелген).
_____________________________