Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 "Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 8C23-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 24 қыркүйекте № 8829-03 болып тіркелді

      Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы К.Шинтемиров

О внесении изменения в решение Егиндыкольского районного маслихата от 31 января 2024 года № 8С16-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района"

Решение Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 19 сентября 2024 года № 8C23-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 24 сентября 2024 года № 8829-03

      Егиндыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Егиндыкольского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района" от 31 января 2024 года № 8С16-2 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8692-03) следующее изменение:

      в приложении 1 к указанному решению:

      подпункт 1) пункта 3 изложить в новой редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - уполномоченная организация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Егиндыкольского районного маслихата К.Шинтемиров