Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы | К.Шинтемиров |