Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1–қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2–қосымшасына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 1 қосымшасындағы 9-тармақтың 2) тармақшасы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы |
А. Даржанова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 173 шешіміне 1 қосымша |
Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі);
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Ақтөбе қаласында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға таралады.
4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік көмек шаралары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің дүркінділігін ЖАО ұсынымы бойынша осы Қағидалармен белгіленді.
2. Әлеуметтік көмек көрсету, алушылар тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;
Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацта көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - бұрынғы КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Ауғанстанда әскери қызметiн өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшiлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
2) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
3) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларына қатысқан адамдарға 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде.
8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын тұлғаларға, "Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімдеріне сәйкес (алушының шот нөмірінің көшірмесі) құжаттарды қоса бере отырып амбулаториялық емдеу кезеңіне жылына 6 ай шегінде 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде;
2) алушының екінші деңгейдегі банктегі шот нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерін көрсете отырып "Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тізімдеріне сәйкес жылына 6 ай шегінде 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде:
әлеуметтік мәні бар аурулары (қатерлі ісіктер) бар тұлғаларға амбулаториялық емдеу кезеңіне;
республикалық орталықтарда полихимиотерапияның негізгі курстарын алатын және (немесе) тұрғылықты жері бойынша химиотерапияның қолдаушы курстарын жалғастыратын он сегіз жасқа дейінгі онкологиялық аурулардан (қатерлі ісіктер) зардап шегетін балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне;
3) алушының екінші деңгейдегі банктегі шот нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерін көрсете отырып "Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімдеріне сәйкес:
диспансерлік есепте тұрған адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырған тұлғаларға, амбулаториялық емдеу кезеңіне жылына 6 ай шегінде 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырған он сегіз жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын Ақтөбе облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде.
9. Бір рет берілетін әлеуметтік көмек алушыларға мынадай негіздер бойынша беріледі:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, босатылған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей жүгінген тұлғаларға, табысы есепке алынбай 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде;
2) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен тұлғаларға (отбасыларға), осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей табысы есепке алынбай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген сәттің алдындағы тоқсанда Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтылған отбасыларға (тұлғаларға) 100 000 (жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерінде;
4) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген сәттің алдындағы тоқсанда Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын, "Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға өтеулі қызмет көрсетудің үшжақты шарты негізінде Ақтөбе қаласының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында талап етілетін клиникалық мамандықтар бөлінісінде күндізгі нысанда оқитын резидентура тыңдаушыларына оқу жылының нақты оқыту құны мөлшерінде.
10. Бір рет берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін алушылар өзінің немесе отбасының атынан Әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттарды қоса Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
жолыққан сәттің алдындағы тоқсанында отбасының (адамның) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Аз қамтылған отбасыларға (тұлғаларға) көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
11. Осы Қағидалардың 7, 8, 9-тармақтарында көрсетілген адамдарға, егер олар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетіледі.
12. Әлеуметтік көмекті көрсетудің тәртібі мен мерзімдері, бас тарту, тоқтату және қайтару үшін негіздері Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
13. Мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.
14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақтөбе қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
15. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
3-тарау. Қорытынды ереже
17. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 173 шешіміне 2 қосымша |
Ақтөбе қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген);
2. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 12 маусымдағы № 194 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5595 болып тіркелген);
3. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 28 тамыздағы № 363 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-209 болып тіркелген);
4. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 384 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-219 болып тіркелген);
5. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 27 маусымдағы № 445 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6272 болып тіркелген);
6. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 20 наурыздағы № 542 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6943 болып тіркелген);
7. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 546 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7052 болып тіркелген);
8. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 11 мамырдағы № 554 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7097 болып тіркелген);
9. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 20 қарашадағы № 596 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7756 болып тіркелген);
10. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 9 наурыздағы № 34 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8096 болып тіркелген);
11. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 222 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31403 болып тіркелген);
12. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 20 шілдедегі № 55 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8388 болып тіркелген);
13. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 84 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8411 болып тіркелген);
14. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2024 жылғы 8 ақпандағы № 144 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8499 болып тіркелген).