Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.05.2024 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
1) тармақшасында:
"1 000 000 (бір миллион) теңге" сандары мен сөздері "2 000 000 (екі миллион) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
"30 000 (отыз мың) теңге" сандары мен сөздері "50 000 (елу мың) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;
7) тармақшасында:
"30 000 (отыз мың) теңге" сандары мен сөздері "50 000 (елу мың) теңге" сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде.";
9) тармақша алып тасталсын.
2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Н. Махамбетов |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
А. Даржанова |