Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.05.2024 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешiмiне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";
Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің қосымшасындағы 8-тармақтың 1)-тармақшасы 2023 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы |
А. Даржанова |
Шешімнің қосымшасы | |
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешімімен бекітілді |
Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлім);
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Ақтөбе қаласында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға таралады.
4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік көмек шаралары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің дүркінділігін ЖАО ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.
2. Әлеуметтік көмек көрсету, алушылар тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;
Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацта көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - бұрынғы КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Ауғанстанда әскери қызметiн өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшiлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
2) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
3) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай:
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларына қатысқан адамдарға 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде.
Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).
9. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімдеріне сәйкес, туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын адамдарға амбулаториялық емдеу кезеңіне жылына 6 ай шегінде 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
2) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының анықтамасына сәйкес, диспансерлік есепте тұрған адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырған он сегіз жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне табысы есепке алынбай, ай сайын Ақтөбе облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
3) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (алушының жеке куәлігінің және екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы шотының номері) қоса құжаттары жалғанған тізімдеріне сәйкес республикалық орталықтарда полихимиотерапияның негізгі курсын алатын және (немесе) тұрғылықты жері бойынша химиотерапияның қолдаушы курстарын жалғастыратын он сегіз жасқа дейінгі онкологиялық аурулардан (қатерлі ісіктерден) зардап шегетін балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, жылына 6 ай шегінде 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.
10. Осы Қағиданың 8, 9-тармақтарында көрсетілген адамдарға, егер олар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетіледі.
11. Бір рет берілетін әлеуметтік көмек алушыларға мынадай негіздер бойынша беріледі:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, босатылған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей жүгінген адамдарға, табысы есепке алынбай 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерінде;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға (отбасыларға), оның туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей табысы есепке алынбай 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерінде;
3) әлеуметтік мәні бар аурулары (ІІ клиникалық топтағы қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға, табысы есепке алынбай 90 000 (тоқсан мың) теңгеден артық емес мөлшерінде;
4) отбасының (адамның) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын аз қамтылған отбасыларға (адамдарға) 100 000 (жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерінде.
12. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаса көрсетіледі.
13. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
14. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
15. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақтөбе қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
16. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
17. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
3-тарау. Қорытынды ереже
18. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.