"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27685 болып тіркелген);
2) Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2022 жылғы 1 тамыздағы "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28997 болып тіркелген).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариянған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұйғыр ауданының әкімі | Б. Елеусизова |