Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 20 сәуірде № 27685 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 233 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 02.07.2024 № 233 шешімімен (алғашқы ресми жариянған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр ауданының әкімі Ш. Нурахунов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады