Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №59-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4652 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.
2. "Тараз қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Тараз қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамсыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық | |
мәслихатының төрағасы | К. Олжабай |