Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 маусымда № 4652 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің №1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Тараз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің №4 қосымшасына сәйкес Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Тараз қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Тараз қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тірлкелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Ж. Жексембиев
      Тараз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Кулекеев

  Тараз қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 59-6 шешіміне 1 қосымша

Тараз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Жиналыстар мен митингігілерді ұйымдастыру және өткізу үшін келесі арнайы орындар айқындалсын:

      1) Балуан Шолақ көшесі, №50 "Б" мекенжайында орналасқан "Мамыр" саябағына іргелес алаң;

      2) Рахимов көшесі, №55 мекенжайында орналасқан Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаң;

      3) Қайрат Рысқұлбеков саябағының балалар алаңшасы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 60-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Шерулерді өткізу үшін келесі арнайы орын айқындалсын:

      1) Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаңнан бастап Рахимов, Рысбек батыр, Ниетқалиев, Ұлбике ақын, Рахимов көшелерімен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейінгі арақашықтық.

      3. Демонстрацияларды өткізу үшін келесі арнайы орындар айқындалсын:

      1) Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаңнан бастап Рахимов, Рысбек батыр, Ниетқалиев, Ұлбике ақын, Рахимов көшелерімен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейінгі арақашықтық;

      2) "Қазақ хандығы" монументінен бастап Тәуке хан, Төле би, Әл-Фараби, Рахимов көшелерімен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейінгі арақашықтық.

      4. Тараз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) Тараз қаласының әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады. Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты қала әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;

      2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;

      3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;

      4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді.

      5) Тараз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңындағы көзделген міндеттер мен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.

      3. Тараз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      а / в = с;

      а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);

      в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);

      с - бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).

      4. Тараз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жергілікті полиция әрбір бейбіт жиналысты өткізу кезінде бекітетін қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарына сәйкес анықталады.

  Тараз қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 59-6 шешіміне 2 қосымша

Бейбіт жиналыстарды, шерулерді жәнедемонстрацияларды өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 60-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Арнайы орынның атауы

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

Шекті толу нормалары

1.1.

Балуан Шолақ көшесі, №50 "Б" мекенжайында орналасқан "Мамыр" саябағына іргелес алаң

Жер учаскесінің көлемі
– 550 шаршы метр;
- жасанды жарықтандыру;
электрэнергиясын қосу нүктесі;
бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған;
40 тұрақ орындары.
(1 кіру, 1 шығу)

100-200
адам

1.2.

Рахимов көшесі, №55 мекенжайында орналасқан Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаң

Жер учаскесінің көлемі
– 900 шаршы метр;
- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
-бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған;
20 тұрақ орындары.
(1 кіру, 1 шығу)

150-250
адам

1.3.

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаңнан бастап Рахимов, Рысбек батыр, Ниетқалиев, Ұлбике ақын, Рахимов көшелерімен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейінгі арақашықтық

Маршруттың ұзындығы
1 920 метр;
- маршрут бойында көшелер жарықтандырылған;
- бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған.

150-250
адам

1.4.

"Қазақ хандығы" монументінен бастап Тәуке хан, Төле би, Әл-Фараби, Рахимов көшелерімен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейінгі арақашықтық

Маршруттың ұзындығы
5 660 метр;
- маршрут бойында көшелер жарықтандырылған;
- бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған.

150-250
адам

1.5.

Қайрат Рысқұлбеков саябағының балалар алаңшасы

Жер учаскесінің көлемі
– 3 500 шаршы метр;
- жасанды жарықтандыру;
электрэнергиясын қосу нүктесі;
-бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған;
20 тұрақ орындары.
( 1 кіру, 1 шығу)

300-500
адам

  Тараз қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 59-6 шешіміне 3 қосымша

Пикеттеуді өткізу тәртібі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді – Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 26.01.2024 №12-2 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.

      Пикеттеуді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

      5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

      Пикеттеу барысында:

      - оны тек бір азамат тұрақты түрде, яғни қозғалыссыз жүргізуіне;

      - плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      - (бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда) бір жерде, бір уақытта бір объектіде бір күнде екі сағаттан астырмай жүргізілуіне жол беріледі.

      Пикеттеу барысында:

      - (бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда) бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді өткізуге;

      - дыбыскүшейткіш құралдарды пайдалануға;

      - пикеттеуге тыйым салынғаніргелеснысан аумағынан 800 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді.

  Тараз қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 59-6 шешіміне 4 қосымша

Тараз қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің тізбесі

      1. "Тараз қаласы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 51-4 шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 2974 болып тiркелген, 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Тараз қаласы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 51-4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 28-5 шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде №3720 болып тiркелген, 2018 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады