"Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №59-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 12-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 қаңтарда № 5147 болып тіркелді

      Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №59-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4652 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.

      2. "Тараз қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Тараз қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамсыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық
      мәслихатының төрағасы К. Олжабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады