Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инватакси қызметін алушылардың санатын, объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесін кеңейту туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 193 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5097 болып тіркелген) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бірінші топтағы мүгедектігі бар және бүйрек аурулары бар адамдар.";
көрсетілген қаулының 2 тармағы мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
"2) бүйрек аурулары бар адамдар үшін Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы.";
аталған қаулыда қазақша мәтінде 4 тармақ өзгермейді.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу ауданының әкімі | С. Мамытов |