"Инватакси қызметін алушылардың санатын, объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесін кеңейту туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 193 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 187 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 мамырда № 5206-08 болып тіркелді

      Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инватакси қызметін алушылардың санатын, объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесін кеңейту туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 193 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5097 болып тіркелген) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірінші топтағы мүгедектігі бар және бүйрек аурулары бар адамдар.";

      көрсетілген қаулының 2 тармағы мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2) бүйрек аурулары бар адамдар үшін Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы.";

      аталған қаулыда қазақша мәтінде 4 тармақ өзгермейді.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу ауданының әкімі С. Мамытов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады