Инватакси қызметін алушылардың санатын, объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесін кеңейту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 193 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 қазанда № 5097 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы "Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" №859 бұйрығын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарысу ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

      1) бірінші топтағы мүгедектігі бар және бүйрек аурулары бар адамдар.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 02.05.2024 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі келесі орындармен кеңейтілсін:

      1) мәдени іс-шаралар, дәріханалар, тіс емханалары, екінші деңгейлі банктер, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер, мешіттер;

      2) бүйрек аурулары бар адамдар үшін Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 02.05.2024 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекішілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 02.05.2024 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Сарысу ауданының әкімі С. Мамытов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады