Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25018 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы | К. Балмагамбетов |
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы № 161 шешіміне қосымша |
|
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 шешіміне 2-қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№ | Атауы |
1. | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
2. | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
3. | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
4. | Толық емес отбасылар |
5. | Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттік ұйымдарының қажетті мамандары |