"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саран қаласы әкімдігінің:
1) "Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы" 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 83/06 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6548-09 болып тіркелген);
2) "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 19 қазандағы № 73/02 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24936 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы | М. Кайрешов |