Саран қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 84/21 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 қарашада № 6684-09 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Саран қаласы әкімдігінің:

      1) "Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы" 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 83/06 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6548-09 болып тіркелген);

      2) "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 19 қазандағы № 73/02 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24936 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы М. Кайрешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады