"Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 73/02 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24936 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қоса берілген "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімі аппаратының басшысы Д. Кайырбекке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Е. Темирханов

  Саран қаласының әкімідігінің
2021 жылғы 19
қазандағы
№ 73/02
Қаулымен
бекітілген

"Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары

      1. Осы "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану қағидалары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеуді қолдану тәртібін айқындайды.

      2. "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылуы мүмкін:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы;

      2) алғыс жариялау;

      3) грамотамен марапаттау;

      4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      3. Нақ сол ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылуы мүмкін.

      4. "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.

      5. "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі бірыңғай комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі, оның құрамы қала әкімінің өкімімен бекітіледі.

      6. "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақы төлеу Саран қаласы әкімінің өкімі негізінде, ал Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне тиісті атқарушы орган басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      7. Саран қаласы әкімінің грамотасымен мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың алдына қойылған аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін марапатталады.

      8. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, тапсырмаларды тиісінше және адал орындағаны үшін Саран қаласы әкімінің алғысы жарияланады.

      9. Саран қаласы әкімінің грамотасымен және алғыс хатымен көтермелеу туралы шешім "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларының ұсынуы бойынша қабылданады.

      "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін әкімнің грамотасымен көтермелеуді есепке алуды қала әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке ісіне көтермелеу туралы деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.

      10. Грамота мен алғыс хат мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және оған Саран қаласының әкімі қол қояды.

      11. "Саран қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Саран қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге де нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.

      12. Мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:

      1) тәртіптік жазалары алынбаған;

      2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;

      3) мемлекеттік органда бір айдан кем жұмыс істегендер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады