Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 18 наурыздағы № 09/01 "1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3147 болып тіркелді);
2) 2016 жылғы 10 ақпандағы № 05/03 "Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 09/01 "1 топ мүгедектеріне әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде" қаулысына өзгертулер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3691 болып тіркелді).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Оспанов |