Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 03.05.2024 № 21/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 10.02.2016 № 05/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрі ақшалай төлем түрінде – 4800 теңге мөлшерінде жылына біржолғы көмек көрсетілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 10.02.2016 № 05/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |