Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 3 мамырдағы № 21/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 мамырда № 6594-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2015 жылғы 18 наурыздағы № 09/01 "1 топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3147 болып тіркелді);

      2) 2016 жылғы 10 ақпандағы № 05/03 "Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 09/01 "1 топ мүгедектеріне әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету жөнінде" қаулысына өзгертулер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3691 болып тіркелді).

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі С. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады