Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/165 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 мамырда № 6599-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарқаралы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы С. Оспанов

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2024 жылғы 16 мамырдағы
№ VIII-22/165
шешіміне 1 қосымша

Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау

      1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жергілікті бюджет қаражаты есебінен, Қарқаралы ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) (бұдан әрі – Тұрғын үй көмегін беру қағидасы) айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      5. Тұрғын үй көмегінің мөлшері бір айға мынадай нормалар шегінде есептеледі:

      1) әр адамға 18 (он сегіз) шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадағы бөлме алаңның нормасына сәйкес жүргізіледі.

      Жалғыз тұратын азаматтар үшін тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр;

      2) нақты шығындар бойынша отбасының электроэнергияны тұтынуы;

      3) суық суды, кәрізді, қоқыс төккішті нормалары қызмет көрсететін ұйыммен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді.

      6. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысы және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді пайдалануға жұмсалған ай сайынғы жарналардың шығыстары алдыңғы тоқсан үшін есепке алынады.

      9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      10. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау Қарқаралы ауданының тиісті қаржы жылына арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      12. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2024 жылғы 16 мамырдағы
№ VIII-22/165
шешіміне 2 қосымша

Қарқаралы аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының IV сессиясының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-13-121 болып тіркелді).

      2. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының ХIII сессиясының 2013 жылғы 21 ақпандағы N 13/108 "Қарқаралы аудандық мәслихаттың IV сессиясының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2239 болып тіркелді).

      3. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі XХX сессиясының № 30/256 "Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" № 4/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2714 болып тіркелді).

      4. Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы XLVIII сессиясының № 48/427 "Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының № 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3746 болып тіркелді).

      5. Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № VI-37/313 "Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының № 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5139 болып тіркелді).

      6. Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы VI-52/440 "Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының № 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5657 болып тіркелді).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каркаралинском районе

Решение Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 16 мая 2024 года № VIII-22/165. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 20 мая 2024 года № 6599-09

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О жилищных отношениях", Каркаралинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Каркаралинском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Каркаралинского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Каркаралинского районного маслихата С. Оспанов

  Приложение 1 к решению
Каркаралинского районного маслихата
от 16 мая 2024 года
№ VIII-22/165

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Каркаралинском районе

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель), проживающим в Каркаралинском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченной семьи (гражданина), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" (далее – услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя, претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила предоставления жилищной помощи).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов усугополучателя на эти цели, установленным в размере 5 (пяти) процентов.

      5. Размер жилищной помощи в месяц расчитывается в пределах следующих норм:

      1) норма площади в размере 18 (восемнадцать) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнотной квартиры или комнаты в общежитии.

      Социальная норма площади жилья для одиноко проживающих граждан - 30 квадратных метров;

      2) потребление электроэнергии на семью по фактическим расходам;

      3) нормы потребления холодной воды, канализации, мусороудаления устанавливаются на основе тарифов, утвержденных организацией, оказывающей услуги, или органом, утверждающим тариф.

      6. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295 / НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      7. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства" с предоставлением документов согласно Правилам предоставления жилищной помощи.

      8. Назначение жилищной помощи производится в течение текущего квартала, при этом совокупный доход услугополучателя и расходы о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде учитываются за предшествующий квартал.

      9. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      10. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      11. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете Каркаралинского района на соответствующий финансовый год.

      12. Выплата жилищной помощи осуществляется через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2 к решению
Каркаралинского районного маслихата
от 16 мая 2024 года
№ VIII-22/165

Перечень утративших силу некоторых решений Каркаралинского районного маслихата

      1. Решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 13 апреля 2012 года N 4/36 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8-13-121).

      2. Решение XIII сессии Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 21 февраля 2013 года N 13/108 "О внесении изменений и дополнений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года N 4/36 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2239).

      3. Решение XХX сессии Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 24 июля 2014 года № 30/256 "О внесении изменений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2714).

      4. Решение XLVIII сессии Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 15 марта 2016 года 48/427 "О внесении изменений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3746).

      5. Решение Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 26 декабря 2018 года № VI-37/313 "О внесении изменений и дополнений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5139).

      6. Решение Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 27 декабря 2019 года № VI-52/440 "О внесении изменений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5657).