Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 16.05.2024 № VIII-22/165 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі " Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының № 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-13-121 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы № 39-40 (11059) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Қағиданың 2-тармағының 4) тармақшасында ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісіне ауыстырылсын;
2) Қағиданың 2-тармағының 5) тармақшасы алынып тасталсын;
3) Қағиданың 18-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | |
Аудандық мәслихат хатшысының | Р. Әлин |
міндетін атқарушы | Р. Смағұлов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарқаралы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ | Б. Жұманбаев |
24 шілде 2014 жыл
"Қарқаралы ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________ | Б. Берниязов |
24 шілде 2014 жыл