Қарқаралы аудандық мәслихаттың IV сессиясының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының ХIII сессиясының 2013 жылғы 21 ақпандағы N 13/108 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 наурызда N 2239 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/165 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 16.05.2024 № VIII-22/165 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихаттың IV сессиясының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 4/36 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-13-121 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы N 39-40 (11059) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) шешімнің тақырыбындағы, 1 тармағындағы және көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы тақырыбындағы, кіріспесіндегі, 4-тарауының атауындағы, сондай-ақ Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасына қосымшадағы орыс тіліндегі "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын;

      2) көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 8, 9 тармақтары алынып тасталсын;

      3) 2 тармақтың 4) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;

      4) 2 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге.";

      5) 3 тармақтағы "мөлшерінен аспайтын," сөзінен кейін "жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге," деген сөздерімен толықтырылсын;

      6) 18 тармақтың 8) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;

      7) 18 тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.".

      Енгізілген толықтырулар 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Б. Абдуллина

Аудандық мәслихат хатшысы

С. Нүркенов

КЕЛІСІЛДІ:


"Қарқаралы ауданының жұмыспен


қамту және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімі" мемлекеттік мекемесінің


бастығы


______________________Б. Жұманбаев



      20 ақпан 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады