"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 мамырдағы № 19-4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 мамырда № 8524-11 болып тіркелді

      Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7553 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Жалағаш кенті, Т.Қыстаубаев көшесі бойындағы аумақ (І.Қабылов және С.Қалыбаев көшелерінің аралығы), шекті толу нормасы – 50 адам;";

      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Жалағаш кенті бойынша бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін жүру бағыты:

      С.Қалыбаев көшесінің бойымен Т.Қыстаубаев көшесі қиылысынан бастап Б.Сопбеков көшесі қиылысына дейін (шекті толу нормасы – 50 адам).

      Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып кетпеуі тиіс.";

      3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;

      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      4) магистральдық теміржол желілеріне, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы У. Елеусинов

О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 24 июня 2020 года № 59-11 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования"

Решение Жалагашского районного маслихата Кызылординской области от 15 мая 2024 года № 19-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 23 мая 2024 года № 8524-11

      Жалагашский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жалагашского районного маслихата от 24 июня 2020 года № 59-11 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7553) следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      подпункт 1) пункта 1 изложить в новой редакции:

      "1) поселок Жалагаш, территория по улице Т.Кыстаубаева (между улицами И.Кабылова и С.Калыбаева), норма предельной заполняемости – 50 человек;";

      подпункт 2) пункта 1 исключить;

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Маршрут следования для организации и проведения мирных собраний по поселку Жалагаш:

      по улице С.Калыбаева от пересечения с улицей Т.Кыстаубаева до пересечения с улицей Б.Сопбекова (норма предельной заполняемости – 50 человек).

      Предполагаемое количество участников мирных собраний не должно превышать нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.";

      пункты 3 и 4 исключить;

      пункт 18 изложить в новой редакции:

      "18. Определить следующие границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования:

      1) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к местам массовых захоронений;

      2) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к объектам железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к магистральным железнодорожным сетям, магистральным трубопроводам, национальной электрической сети, магистральным линиям связи.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Жалагашского
районного маслихата
У. Елеусинов