Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 59-11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7553 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Жалағаш кенті, Т.Қыстаубаев көшесі бойындағы аумақ (І.Қабылов және С.Қалыбаев көшелерінің аралығы), шекті толу нормасы – 50 адам;";
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Жалағаш кенті бойынша бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін жүру бағыты:
С.Қалыбаев көшесінің бойымен Т.Қыстаубаев көшесі қиылысынан бастап Б.Сопбеков көшесі қиылысына дейін (шекті толу нормасы – 50 адам).
Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып кетпеуі тиіс.";
3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
4) магистральдық теміржол желілеріне, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы | У. Елеусинов |