Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы" 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9499 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағида), осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалсын:
Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;
Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына 7 000 000 (жеті миллион) теңге мөлшерінде;
Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Арқалық қаласына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;
Қостанай облысының Арқалық қаласына 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде.";
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлерімен (бұдан әрі – қызметкер) еңбек шартын жасасады.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін, ұсынылған әлеуметтік қолдау қызметкерде сақталмайды және ерікті және (немесе) сот тәртібімен толық көлемде қайтарылуға жатады.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін жұмыс беруші бұл туралы уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды және бұрын төленген ақша қаражатының сомасын қайтару бойынша шаралар қабылдайды.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | С. Манасбаев |