Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қазанда № 9499 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағида), осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 23.10.2024 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2. Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалсын:

      Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;

      Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына 7 000 000 (жеті миллион) теңге мөлшерінде;

      Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Арқалық қаласына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;

      Қостанай облысының Арқалық қаласына 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 23.10.2024 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      2-1. Алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 30.12.2022 № 264 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешім 2-1 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы мәслихатының 20.04.2022 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      2-2. Алынып тасталды - Қостанай облысы мәслихатының 30.12.2022 № 264 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешім 2-2 тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы мәслихатының 20.04.2022 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      3. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы" 2019 жылғы 14 маусымдағы № 407 шешімінің (2019 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8544 болып тiркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы А. Байгабелов
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

  Мәслихаттың
2020 жылғы 9 қазандағы
№ 543 шешіміне
қосымша

Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары

      1. Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) табылады.

      2. Әлеуметтік қолдау Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа уәкілетті орган жіберген және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – жұмыс беруші) еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі, тиісті маман сертификаты бар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне төленеді.

      Әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидалар шеңберінде бұрын алынған ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес әлеуметтік қолдауды төлеу үшін көзделген еңбек шартында белгіленген мерзім өткенге дейін еңбек қатынастары тоқтатылған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 30.12.2022 № 264 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      3. Уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:

      1) жыл сайын Қостанай облысының ауылдық жері және кенттері, аудандық және облыстық маңызы бар қалалары үшін мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларының сұранысына талдау жүргізеді;

      2) медицина және фармацевтика қызметкерлерінен өтініштер және олардың біліктілігін растайтын құжаттар қабылдайды, әлеуметтік қолдауға өтініш білдірген қызметкерлердің тізімін жасайды.

      4. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлерімен (бұдан әрі – қызметкер) еңбек шартын жасасады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 23.10.2024 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      5. Әлеуметтік қолдау Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына кемінде 7 (жеті) жыл мерзімге жіберілген қызметкерлерге бір жолғы көмек болып табылады және еңбек шартын жасасқаннан кейін қызметкердің жеке шотына аудару жолымен төленеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 30.12.2022 № 264 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      6. Қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін, ұсынылған әлеуметтік қолдау қызметкерде сақталмайды және ерікті және (немесе) сот тәртібімен толық көлемде қайтарылуға жатады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 23.10.2024 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      7. Қызметкермен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін жұмыс беруші бұл туралы уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды және бұрын төленген ақша қаражатының сомасын қайтару бойынша шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 23.10.2024 № 170 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      8. Еңбек қатынастары мерзімінен ерте бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады