Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы "Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" № 491/73 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7169 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы | М. Омаргалиев |
Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 102/15 шешіміне қосымша |
|
Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 491/73 шешіміне 3- қосымша |
Ақсу қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді мынадай объктілерге іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде өткізуге тыйым салынады.